400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Шәкіртім мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің тобымда мақтан тұтатын білім алушым туралы жақсы пікір қалдырғым келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шәкіртім-мақтанышым »

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде,

өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.

Д.И.Менделеев

Ұстаздан жақсылыққа тәрбиелену, өзі бақытты болып, өзгелерді де бақытты ету жолына үйрену дегенге саяды. Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты.

Ана сүтін дене үшін табиғат әзірлесе, шәкірттердің рухын биіктету үшін біз оқытушылар өз үлестерімізді қосуға тырысамыз . Алдымызда бізге сеніп тапсырылған бала, ертеңгі қоғамның бір белді тұлғасы болмасына кім кепіл?

Әрбір шәкіртімнің жасаған қылықтары мен үшін қайталанбас бейнелер. Жұмыста да, үйде де тек шәкірттерімнің қылықтарын ойлап жүретінмін.

16 шәкіртімді әлі күнге дейін ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да.

Себебі: олардың өмірге деген қызығушылығын ояттым, өз баламдай аянбай тәрбиеледім, жақсылыққа сүйсініп, жамандықтан жиренуге шақырдым. Олардың қуанышына ортақтастым, кемшін тұстарына күйіндім де.

Шәкірт бойында ынта- ықылас оянбаса, онда еңбегіңнің зая кеткені.

Өзіңді шәкірттердің іздеп жүруі, мақтан тұтуы – ұстаз үшін баға жетпес бақыт.

Табиғаттың ең бір үлкен сыйы- ұстаздың шәкірт жүрегінде мәңгі ойып орын алып қалуы. Егер шәкірт жүрегінде мәңгі қалсаң, онда сол бала жүрегінің кілтін дұрыс тапқаның. Ондай құпия кілтті табу үшін асқан қабілеттілік, байқағыштық, елестету, әдептілік өте қажет.

Адам өзінің айрықша сыйлайтын, сенетін, тәнті болып, мақтан тұтатын кісінің айтқанын екі етпейді, тапсырмасын ауырсынбайды, оны шын пейілі, ықыласымен, бар ынтасымен және шабытпен орындайды.

Менің шәкіртім де дәл осындай. . Ол –Канафин Арыстан . Алғаш бірінші курсқа түсіп ,топ жетекшісі ретінде қабылдап алғанымда тұйық болып көрінгенмен, оның ұшқыр ойы, үкілі үмітінен көп нәрсені күтуге болатын байқадым. Ынта қойып, тапсырылған іске ерекше ықыласпен кірісетін шәкіртіме жауапты жұмыс тапсырып сенім арттым. Ол ғылыми жоба байқауына , түрлі конкурстарға қатысу мүмкіндігі еді. Алғаш Арыстанды ағылшын пәнінің оқытушысы Жұлдыз Нұрлановна олимпиадаларға қатыстырып , білім алушының ашылуына септігін тигізді десем де болады. Тақырыпты бірлесе отырып таңдап, аймақ, аудан, облыс көлеміне де шығуына өзінің , ұстазының адал еңбегі арқылы жетті. Таңдаған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, проблемалары, ұсыныстар туралы ой тұжырымдап, ерекше мән беруі оның қанаттанып биік белестерден көрінуіне бірден — бір себепші болды. «Тамшыдан теңіз құралады» демекші, осы шәкіртімнің де мектеп қабырғасын бітіріп келгеніне үш жылдың жүзі болды.



Қазір Семей қаласының «Innovative college » мекемесінің

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету » мамандығы бойынша III-курс студенті. Осындай табандылықпен әр іске кірісетін шәкіртім, ақыры өзі таңдаған мамандықтың ізінде білімін жалғастыруда. Компьютер мамандығын жақсы игерген ,кез-келген тапсырманы жүйелі , талапқа сай орындай біледі . Түрлі жоба жұмыстарын қорғауға және конкурстарға қатысып бағын сынап келеді. Тамшының тас тесетіні сияқты талай еңбектің арқасында осы дәрежеге жеттім, «сіздің мен үшін еңбегіңіз зор», — деген сөзі әліде құлағымда. Сүйікті ұстаз болу үшін, шәкірт жүрегінен орын алуымыз қажет-ақ. Салмағы ауыр осы бір сөзден көп ой түюге болады. Елдің ертеңі, келешегі – біздің қолымызда.




Сыгаева Кымбат Сагидоллаевна Семей қаласының «Innovative college » мекемесінің химия пәнінің оқытушысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
4382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі