Эссе
Шалқар
шабыт
Мен
өзім бұрыннан кітап оқуға қатты
қызығатынмын. Әртүрлі шығармаларды
оқығанда керемет бір күйге бөленемін.
Міне, сол себептен жазғы демалыста кітап
оқуды мақсат етіп, қай кітап оқитынымды
ойландым. Содан тапқаным Сайын
Мұратбековтың «Жабайы алма» кітабы.
Мен бұл кітапты оқыған алғашқы
күндерден-ақ өте қызықты әрі әсерлі
кітап екенін байқадым. Өзіме қатты
ұнады, алған әсерім ерекше болды. Бұл
шығарма сол бір сұрапыл соғыс
жылдарындағы қабырғасы қайысқан
адамдардың қиындығымен астарласып
жатқан құнды әрі асыл мұра. Кітапта
қайғылы да қасіретті соғыс кезеңіндегі
ауыр жағдайлар сипатталады. Шығармадағы
басты кейіпкер – Қанат есімді бала
болатын. Автор бұл шығармада Қанаттың
басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерді
әсерлі сипаттай отырып, көркем
жеткізеді.
Шығарманы қысқаша әңгімелер
болсам , мұнда Қанаттың отбасы жағдайы,
достары, қиын кездері баяндалады.
Жазушы шығарманың басында Көкінай
атты ит туралы сипаттайды. Көкінайды
сипаттау арқылы соғыс кезеңіндегі
қанды майданға аттанған жауынгерлердің
отбасындағы сағынышты, қимастық, мұңлы
сезімдерді жеткізеді. Көкінай бейнесімен
байсалдылықты, төзімділікті , сабырлылықты
әсерлі әрі күрделендіріп сипаттайды.
Айтып өткенімдей шығармадағы басты
кейіпкерлер – Қанат, Нәзира, Тоқтар,
Әжібек, Ырысбек, Отто, Бәкке, Петьке және
т.б. Шығармада соғыс кезеңін әсерлі
сипаттаумен қатар, адалдық, пәктікке
құрылған махаббат, сезім, мейірімділік
пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік
суреттеледі. Шығараманың басты кейіпкері
Қанаттың әпкесі Нәзира мен Тоқтардың
сенімге құрылған пәк махаббаты
баяндалады. Артынша бұл жастардың
махаббатын қасіретті соғыс үзіп,
Тоқтардан қаралы қағаз келеді. Сүйгенінен
айырылған Нәзираның зары – соғыстың
соншалықты сұм, қасіретті екенін
дәлелдейді. Бұл соғыс анасын баласынан,
жарын сүйгенінен айырған сұм ажалмен
парапар еді. Сонымен қатар бұл шығармада
соғыстан аман келген Ырысбектің ауыл
балаларына көрсеткен қиянаты мен
әділетсіздігі баяндалады. Повесте
Қанаттың анасынан айырылу сәті де өте
әсерлі әрі аянышты болды. Сол тұстарын
оқыған кездерде көзіме еріксіз жас
келген болатын. Және де повесте жаралы
қайтқан Көбегеннің еңбекқорлығы,
Нәзираға деген ғащықтығы да көркем
бейнеленген. Петько, Отто, Бәккенің
Қанатқа деген адалдыққа негізделген
достықтары да әсерлі сипатталады.
Менің
бұл шығармадан ұққаным, біздің қазіргі
күні осылай қуанып, шат-шадыман болып
жүргеніміз оңайлықпен келмеді. Ата –
бабаларымыз соғыс жылдарында соғыс
жылдарында қайтсек те, женіс туын
желбіретіп, азаттық аламыз деп бар
жанын салып, аянбай, қасық қаны қалғанша
күресіп тәуелсіздік отын жаққан
болатын. Сұрапыл соғыс жылдарындағы
қабырғасы қайысқан балалық шақтың
соншама қиын болғанына қатты қынжыламын.
Сол кездерде олар « қайтсек те жеңеміз»
деп, қиыншылық-тарға қайыспай, тағдырдың
талқысына түссе де, өмірге деген
үміттен түңілмеді. Бұл повес жаманнан
жиренуге, жақсыны үйренуге үндейді.
Қазіргі жастар бүгінгі бейбіт өмірдің
оңайлықпен келмегенін түсінсе деймін.
Қорытындылағанда, « Жабайы алма »
повесі – соғыс жылдарындағы ауыл
өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек,
адалдық пен адамгершілікті сөз ететін
шығарма. Бұл шығармадан алар
тәлім – тәрбиеміз, үлгі - өсиетіміз
өте көп. Мен бұл шығарманы мән- мағынаға
толы, төзімділік сабырлылыққа үндейтін
шығарма деп білемін. Және сіздерге
бұл повесті оқуға кеңес беремін.