400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Сәулет өнері не себепті өнер түрлеріне жатады?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аргументті эссе. "Сәулет өнері не себепті өнер түрлеріне жатады?" тақырыбындағы эссе жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәулет өнері не себепті өнер түрлеріне жатады?

Қазақстанда сәулет өнері Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендей бастады.XIV-XV ғасырларда ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салынды.Сол кезден бізге жеткен сәулет өнерінің тамаша үлгілеріне : Арыстан-баб, Қожа-Ахмет Яссауи, Көккесене, Алашахан, Дәуітбек, Тектұрмас сияқты кесенелер жатады.Тараз қаласының маңындағы Айша-бибі, Бабаджа қатын сияқты сәулет өнерінің тамаша туындылары да бар.Сырттай қарағанда сәулет өнері құрылыс саласына ғана тиісті боғанымен , шын мәнінде, ол өнердің бір түрі болып саналады. Неліктен? Бұған біз бірнеше дәлел келтіре аламыз.

Біріншіден, сәулет өнері тек эстетикалық талғам беріп қана қоймай, тарихи және мәдени құндылықтардан да сыр шертеді.Мәселен, Күлтегін ескерткіші,Алаша хан кесенесі сонау тарих пен бірге рухани әлемді де бейнелеп тұр .Идея мен сезімнің ұштасқан көркем туындысы.Адамзат баласына мәңгілік рухани әсер қалдырады.Рухани әсер қалдыру-жалпы өнер атаулыға тән басты ерекшеліктің бірі.

Екіншіден, әр сәулет туындысында автордың өзіндік қолтаңбасы болады.Мысалы, Тараз қаласындағы 40 шақырым жердегі Ақыртас құрылыс кешенін алайықшы, қайталанбас туынды емес пе? Таудың қызыл түсті тастарын әдемілеп ойып, тонналап тартатын тас блоктар жасап шығарған.Талай ғалымдар бұл кешенге қызығып, өз зерттеулерін жүргізген, сансыз пікірлер қалдырған.Мұндай ғажайып құрылыстар тарихта санаулы ғана.Ата-бабаларымыз көне дәуірде мәңгілік мәні бар қайталанбас өнер туындыларын жасап шығарды.Бұл -нағыз шығармашылық еңбек, яғни өнер.

Үшіншіден, кез келген өнер қоғамға, адамға қызмет етеді..Сәулет өнері-тек сұрықсыз тас пен қабырға ғана емес, ол адамға үлкен ой салады, шабыт беріп, өзгерте алады.Сәулет өнеріндегі керемет үлгілер қазіргі заман сәулетшілеріне де тың идеялар ұсынды.Қазіргі уақытта «Астана Опера» театры.Бұл Еуропа архитектурасы мен ұлттық ою-өрнекті тоғыстырып жасаған туынды.Сол сияқты «ЭКСПО-2017» павилондары да киіз үй пішінін негізге алып, заманауи үлгіні біріктіріп жасаған туынды.

Қорытындылай келе, сәулет өнерін, нағыз өнер түрі ретінде бағалауға толық негіз бар.Ол көркемдік, рухани және мәдени мазмұнға ие. Басқа өнер түрлерінен еш кем емес.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.06.2025
176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі