400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Сəлем саған,Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз тақырыбында эссе жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәлем саған,алтын күз!

Табиғат бір жыл ішінде өзін төрт түрге құбылтады.Бұл табиғаттың түрленуі-жыл мезгілдері.Жыл мезгілдеріне:қыс,көктем,жаз,күз жатады.Әр жыл мезгілі өзіне тән сұлулығымен ерекшеленеді.Мысалға:қыс-жер беті аппақ мамықтай жұмсақ қармен төселуі,жылтырап тұрған сырғанақ мұз,жапырақсыз болса да,өз әдемілігін жоғалтпаған ағаштар.Көктем-еріп жатқан мұз,бүршік атып жатқан ағаштар.Жаз-айналаның бәрін жап-жасыл кілемге төсеп,жан біткеннің барлығы қысқа дайындалуы.Ал күз ше,күз мезгілі несімен ерекшеленеді?Мен сол туралы жазғым келді...

Күз келді...Бұл сөздердің өзі де бірталай нәрсені еске түсіреді.Жер бетіне басқа маусымдарға ұқсамайтын ерекшеліктерімен күз де келіп жетті.Ол жәй келген жоқ,жердің төрін қызыл,сары,қызғылт түстерге бояп келеді.Қарап тұрсаң,бұл түстердің өзара қосылып,әдемілікпен үйлесуі «алтын» түске ұласады. Халқымыз:«Күз-молшылықтың белгісі»,-деп бекер айтпаған.Осы күз мезгілінде диқаншылар өз астықтарын жинап,қоймасын толтырады.Оның ішінде сап-сары үлбіреген бидай да бар.Бұл қыстың салқын ызғарына дайындықтың соңғы бөлімі.Осы себептерге байланысты күзді «Алтын күз» деп атайды. Күздің келуінің айрықша білінетін сәті-ауа-райының күрт өзгеруі.Сұр бұлттардың аспан төрін басып алуы,қоңыр салқын ауа,әлсін-әлсін соғатын жел,найзағай мен жаңбыр,жаңбырдан кейінгі дымқыл тұман.Бұл табиғат құбылыстарынсыз күз мезгілінің келгені де байқалмас еді,сондықтан да табиғат құбылыстары жыл мезгілдерінің ең негізгі элементтерінің бірі болып саналады.Ауа-райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне және тұрмыс-тіршілігіне үлкен әсер тигізеді.Күздің тағы бір ерекшелігі,ол-«Алғашқы қоңырау».Құшақ-құшақ әдемі гүлдерін ұстап,мектепке асыққан оқушылар.Аппақ бантик пен мектеп формасын сақтап келген әдемі қыздар мен галстук таққан ұлдар.Бұл мерекедегі әр адамның басындағы ойларын елестете де алмайсың.Кейбіреуі-алғаш рет мектеп табалдырығын аттап өтетінін,оқып,жазып,басқа да жаңа нәрселерге үйренетінін ойлап қуанып тұрса.Кейбіреулері-осы мектептің оқушысы ретіндегі соңғы жылы екенін,болашаққа,ересек адам қатарына енетіні туралы ойлап қаймығуда...

Күз тек қана осы ерекшеліктерімен ғана шектелмейді.Бұл мезгілдің басқа да біз білмейтін сырлары көп.Табиғат өзінің осындай тылсым дүниелерімен өте әлемі.Күзді әр адам әрқалай елестетеді.Бірақ әрбір адам оны үлкен қуанышпен қарсы алады...



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі