эссе" Шоқанның ізімен"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе" Шоқанның ізімен"

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоққанның жүріп өткен жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шоқанның басқан ізімен

Қазақ халқының маңдайына біткен мақтаныш етер ғалымы – Шоқан Шыңғысұлы Уалихановтың 1835жылы қараша айында дүниеге келіп, туып-өскен жері Құсмұрын бекеті ( қазіргі Қостанай облысы Семиозер ауданы) . Шоқанның әкесі Шыңғыс Уалиханов майор дәрежесіндегі аға сұлтан ал анасы Зейнеп – қазақша хат таныған , сауатты өнерлі жандар болған. Анасы атақты Шорман бидың қызы. Шоқан тумысынан өте зерек, сезімтал келбетті болып өседі. Бес жасынан естігені мен көрген-білгенін қағаз бетіне еркін түсіріп,хат танымай тұрып-ақ сурет салуға , түрлі мүсіндер жасауға құштарлығы ерте оянады. Болашақ ғалымның ұшқыр ойлы, қабілетінің зейінді, талғамы терең суретші, мүсінші, болуына туып- өскен ортасы, ақылшы әжесі Айғаным,Әкесі Шыңғыс , нағашысы Мұса,көкесі Ханқожаның және орыс интелегенттері мен ел ішіндегі өнерпаздардың әсері, сан алуан ілім мен ғылымды бойына сіңірген жан-жақты тәлім –тәрбиесі, туған ортасының табиғатынан дарыған қасиет.Әкесі Шоқанды 1847 жылы он екі жасында Омбыдағы Кадет корпусына оқуға әкеледі.Үш жыл ішінде аталған оқу орнында ең үздік кадеттердің бірі атанып орыс тілін жетік меңгереді.Шоқанның ғалым ретінде қалыптасуына әдебиетші Ф. Н. Костолецский, тарихшы Гонсевский, филолог Ф. П. Лободовскийлердің оқыған дәрістері ерекше ықпал етеді. Жиһанкез ғалымның мұнан кейінгі өмір соқпағы Кадет корпусына тікелей қатысты болғанымен алдында сан алуан сапарлар күтіп тұрған еді. Шоқан өзі жүріп өткен жер-су атауларының шығу төркініне аса мән беріп,қазба- байлықтарына назар аударып,коллекция жинақтаған. Шоқанның он-он бес жылдық саналы ғұмырын атқарып кеткен ісімен таразылар болсақ ғасырға жетерлік еңбек шығады. Ол халқымыздың мәдени өмірі мен сәулет өнеріне,қол- өнері мен ән-күй дәстүрі жайлы тағылымы мол ғылыми тұрғыдан дәйекті деректер мен зерттеулер жүргізді.Шоқанның өмір жолы,ой еңбегі, арман тілегі – елінің тағдырымен , тұрмыс- тірлігімен, тамыры терең тарихымен ұштасып жалғасады.Әрі ғалым саналы ғұмырында шын мәнінде елінің елдік дәрежесінің биік ,мәдениеті жоғары елдермен терезесінің теңелуін аңсап арман еткен. Орташа ғана білім алған не бәрі жиырма беске жетпеген жас Шоқанды орыс ғалымдары бірден танып ,оны өз қатарларына қосуының өзі тектен-тек емес. Шоқанның дарыны таланты телегей теңіз.Оның ғалымдық еңбектері өрісі кең биіктерге жеткізеді . Орыстың атақты жиһанкез ғалымы П. П. Семенов- Тянь- Шанскиймен Жетісу аймағындағы елді мекендерді аралап , халықтың тұрмыс – тіршілігімен өсімдіктер әлемі мен жан – жануарларымен танысады. Қапал жерінде Шоқан өзі қолымен еккен қос ағаш күні бүгінге дейін өсіп тұр. Қарабұлақ жеріндегі Шоқан Уалиханов атындағы №2 орта мектептегі мұражайда Шоқанның өмірі мен зерттеулері туралы құнды мәліметтер сақталған. Қашқарияға барған сапарында Семейден шығып , Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесінен өтіп, Жоңғар Алатауы алқабымен Басқан, Қапал, Көксу Алтынемел, Жаркент, оның ішінде Жетісу Лепсі өңіріне жақын Ақтоғай, Қарақұм, Тұздыкөл, Ащыбұлақ, Қанжығабұлақ, Поштасай арқылы жүріп менің туған жерім Көктерек ауылынан сегіз км жердегі Романовка елді мекеніндегі көпірге келіп, дамылдап өтуі мен үшін керемет мақтаныш, тарихи дерек. Жас ғалымның ғылыми-мәдени мұрасын жаңаша қырынан тануға мүмкіндік берген аса құнды іс-шара барысында облыс орталығы Жетісу жеріндегі ЖГУ-нің тарихшы ғалымдары сәуір айында Шоқан Уалихановтың 190 жылдығына орай кеңесші ғалым география ғылымдарының докторы, профессор Қаратал ауданының құрметті азаматы Мазбаев Орденбек Білісбекұлының , профессор доцент Тоқпанов Еркін Айыпұлы мен облыстық білім басқармасының әдіскері Дихамбаев Ғалымжан Тортбаев сынды азаматтардың қолдауымен « Шоқан ізімен» ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияның негізгі мақсаты мен әрбір мүшесінің өз міндеттері болды. Көктерек ауылына келіп тоқтаған зертеуші ғалымдармен кездесу барысында , Шоқанның өлкеміздің табиғатын, жергілікті жердің өсімдіктері мен бұлақтарының әр алуан болатынын мәселен біздің елді мекеннің жусаны жасыл түсті болса , Қарақұм жерінікі ақшыл түсті екенін , бұлақ суларының да дәмінде өзгешелікктер бар екенін, жер қыртысындағы тұздар жайлы зерітегенін, халықтың қоныстануы мен тұрмыс- тіршілігін жайлы естіп білдім. Заманауи зертеушілер Шоқан жүрген жолмен жүріп, ұлы тұлғанының өмір жолымен зерттеулері жайлы өскелең ұрпаққа паш етіп,таң- тамаша саяхаттарымен зеттеулері жайлы әсерлерімен бөлісті. «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік ел» екендігін дәлелдеді. Шоқан қазақ халқының ғана емес ,ол дүниежүзінде ұлы тұлға. Мәңгі өлмес есімін құрметпен еске алып, болашаққа жеткізу бүгінгі ұрпақтың парызы.

Ақиқаттың айнымаған ақ тағынан

Даналықпен жолың жатыр салынған

« Шоқанның жүріп өткен ізіменен»

Ұрпақтары өсіп келет соңынан.

Шамил Кәусар Бауыржанқызы

Жетісу облысы Сарқан ауданы Көктерек ауылы

М Мәметова атындағы орта мектебі

8 сынып оқушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2025
41
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі