400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Эссе "Сындарлы оқыту - заман талабы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге категорияға эссе жазған кезде немесе бір-бірімен іс тәжирбие алмасқанда қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы

«Тауағаш орта мектебі» КММ

ағылшын тілі мұғалімі

Сабитова Акеркем Жанабаевна


Эссе

Сындарлы оқыту - заман талабы


Біздің тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім - ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады» - деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін - білім» деп  айтқандай, білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу - біздің  мақсатымыз. Сондықтан да  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек. Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды.

2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей, қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру, сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сындарлы оқыту және басқаларын дамыту міндеті қойылған.

Әр мұғалімнің алдына қойған мәселесі болады. Менің алға қойған мәселем: ағылшын тілі сабағында 7 модульді қолдана отырып, оқушыларды сыни ойлап, шығармашылыққа баулу. Аталмыш мәселе негізінде алдыма қойған мақсатым: сындарлы ойлауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа жетелеу. Мақсатыма жету үшін, төмендегідей міндеттерді атқару қажет:

  • Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әдіс-тәсілдер пайдалану;

  • Оқушы бойында шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттыру.

Сындарлы оқытудың оқу процесіндегі тиімділігі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әдіс-тәсілдерді және стратегияларды пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру және сұрақ түрлерін сабақтарда тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыта аламыз.

Сындарлы оқытудың оқу процесіндегі тиімділігі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін әдіс-тәсілдерді және стратегияларды пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру және сұрақ түрлерін сабақтарда тиімді пайдалану арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыта аламыз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту  үрдісіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Сындарлы оқыту басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Қазіргі кезеңде бұрынғы таптаурын болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру - өмір талабы. Өйткені ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.

Сондықтан да оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылды. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - оқушыны оқуға қызықтыратын, қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның негізгісі - оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Ұстаздық жолында 15 жыл жұмыс істеп жүріп осындай ой түйдім: менің ұстаздық жол жауапкершілікті және әр дайым ізденісті талап етеді. Жоғарыда қойылған мақсатым бойынша өз білімімді көтеру барысында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия», жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өттім. Менің ойымша бұл курстар мұғалім үшін өте маңызды. Осы курстардың арқасында көптеген нәтижелерге көп қол жеткіздім. Мысалға айта кететін болсам Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы ұйымдастырған семинарға қатысып диплом, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған «Оқу мен оқытудағы 7 модуль» атты республикалық интернет олимпиадаға қатысып сертификатпен, «Білім-Образование-Education» Республикалық ғылыми – педогогикалық орталығы ұйымдастырған халықаралық семинарға қатысып дипломмен марапатталдым. Менің ойымша әр мұғалім өз жұмысын бастамас бұрын мемлекеттік бағдарламалармен, яғни стандарт, нұсқаулық және пән бойынша бағдарламамен танысып алу керек. Сонда ғана жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Мен сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлау модулі  дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander,2008). Мерсер (2005) құрдастар арасындағы қарым қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім – оқушы» түріндегі өзара іс қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатынын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады

Ал Александер (2008) тұжырымдамасы бойынша диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді. \Мұғалімге арналған нұсқаулық 29 бет \. Нәтижесінде оқушылар басқа құрдастарымен ақылдасып, талдау арқылы әділ баға қоя білді. Диалогтік оқыту модулінің ішінде «сұрақ-жауап» әдісін қолданудағы мақсатым: жаңа сөздердің айтылуын және аудармасын білу, мәтіннің негізгі идеясын түсіну, бір-бірімен пікір алмасу. Нәтижесінде оқушылар бір-бірімен пікір алмасу арқылы мәтіннің мағанасын аша білді.

Барлық сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға тырысамын. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, «Шағын топтастыру», «ЖИГСО», «Мозайка», «Өрмекші», «Миға шабуыл» арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашып отыруды көздедім.

«джигсо» әдісі «Өрмекші» әдісі


Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы демонстрациялау үшін интербелсенді тақтаны қолданамын. Мақсатым: көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ғалымдардың айтуы бойынша көп естігеннен бір рет көрген пайдалы. Мысалға айта кететін болсам, бастауыш сыныптарда интербелсенді тақтаны пайдаланған өте тиімді. Оқушылар тек қана суретін көріп қоймай, сөздердің ағылшын тілінде айтылуын ести алады. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші денгейлік курстан өткен мұғалімдермен бірге қосылып lesson Study, Коучинг өткіздік. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде сабағым жақсы деңгейде өтіп, біз оқып келген әдіс–тәсілдердің тиімділігін көрсете алдық.

Бірігіп сабақ құру үстінде Сабақты талдау

Денгейлік курстан өткен мүғалімдер денгейлік курстың тиімділігін көрсту мақсатында қосылып «Кембридж Бағдарламасы бойынша деңгейлік сабақ үлгілірі» атты әдістемелік жинақ басып шығардық. Оқушыларымның жетістіктеріне тоқтала кететін болсам: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн аясында өткізілген облыстық шығармалардан оқушым ағылшын тілінде шығарма жазып 1 дәрежелі диплом, «Ақбота» интеллектуалдық марафонына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Осы сайыстардың арқасында оқушыларың пәнге деген қызығушылықтары артты.

«ПОНИ» халықаралық конкурс, КИО және «Нұрлы болашақ» қашықтық олимпиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Өзімнің жетістіктеріме келетін болсам, Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» сайтында сабақ жарияланды. «Тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесінің дамуы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясында педагогикалық іс-тәжірибиеммен бөлістім. СҚО «Өрлеу» БАҰОАҚ филиалының ұйымдастыруымен «Сабақты зеттеу мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындау тәсілі ретінде» - атты семинар.

«Жаңа білім беру бағдарламалары және құзіреттілік тәсіл –табысты мектепке атты» семинарда педагогикалық іс-тәжірибиеммен бөлістім. Ашық сабағым жоғары денгейде өткендіктен, басқа әріптестеріммен іс – тәжірбиеммен алмасу мақсатында «Из творчество педагогов» атты республикалық материалдар жинағына сабағым басылып шықты. Тәрбие ісінің меңгерушісінің бастамасымен ең үздік іс - шаралар «Мектепшілік тәрбиелік іс-шаралар жинағы» атты әдістемелік құралға басып шығарылды. Соның ішінде меніңде Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне арналған «Махаббат мәңгі ертегі» атты әдеби музыкалық кешім жақсы денгейде өтуіне байланысты осы жинаққа енгізілді.

Келешекке жоспарым. Мен келешекте жоғарыда айтылған теорияны тағыда ой елегінен өткізіп жұмыс барысына тәжірибе барысынан да жақсырақ іске асырамын деп ойлаймын. Біз оқушылардың біліміне сүйене отыра келешектегі жоспарымызды құрамыз, болашақты бағдарлаймыз. Біз сабақ барысындағы басшыдаймыз. Өз мінез-құлқымызды мейрімділікке ұштастырып,жаңа құрылымдағы ұстаз болуға тырысып бақсам, жаңаша идеялар мен алға бассам деп өзіме мақсат қойып жүрмін. Айтып берсең ұмытамын, көрсетсең мүмкін есте сақтармын, өзім істесем мәңгі есімде сақтармын демекші келешекте сабақтың мазмұны мен мағынасын оқушылардың ізденісімен шығармашылығы арқылы түсіндіруге тырысамын. Мен жаңа құрылымдағы ұстаз ретінде Қазақстанның болашақ ұрпағының білімді, сындарлы ойлай алатын азаматтарын тәрбиелеп шығаруға өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.


Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы,2007ж. (өзгертулер мен толықтырулар, 2013ж)

2.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы

3.Мұғалімге арналған Нұсқаулық

4.Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер қоржынынан



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі