400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ Тақырыбы: білім алушылардың эмоционалды әл-ауқатын қалай қолдауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе шығарма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қауіпсіз оқу ортасын құру: білім алушылардың эмоционалды әл-ауқатын қалай қолдауға болады?

Қазіргі таңда елімізде балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда, сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаған жөн. Балалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Білім беру объек­ті­лерінде қолайлы әрі қауіпсіз орта қалып­тастыру – басым міндеттердің бірі. Баланың толыққанды дамуының, оның психологиялық денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды шарты психологиялық қауіпсіздік болып табылады.
Психологиялық жайлылық жағдайларын жасау - психологиялық қауіпсіздік деп аталды. Баланың психологиялық қауіпсіздігіне төнетін қауіптің негізгі көздерін білу керек және оларды мүмкіндігінше жою керек.

Кез келген сала, оның ішінде әсіресе, білім қауіпсіз, жайлы ортада дамиды.Білім беру – тек мектепте оқыту ғана емес, тұлғалық қалыптасу, үлкен өмірге дайын болу, яғни, психологиялық тұрғыда ұстамды, өз ойын еркін, ашық айта алатын, қай ортаға түссе де өзін көрсетуден қорықпайтын, өзін дәлелдей алатын мүмкіндігі бар балаларды дайындап шығу. Бұл мәселеде қауіпсіздік мәселесі ең бірінші орынға шығады.

Жалпы, мектептегі қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаға бөлінеді. Оның ішіндегі ең негізгісі – балалардың құқықтарының сақталуы яғни балаларды зорлық-зомбылықтан,буллингтен, суицидтен қорғау.Мектеп оқушылары арасындағы салауатты бәсекелестіктің арқасында әлеуметтену процесі қиындықсыз өтеді. Білімнің берілуі оқушының табысты дамуына бағытталған. Мектеп әкімшілігі әр оқушыға қамқорлық жасай отырып, қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапты. Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицидті анықтау және оның алдын алу – біздің ортақ міндетіміз. Балалар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, не оның куәгері болуы мүмкін. Жалпы мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлері: психологиялық- эмоциялық кемсітушілік, физикалық зорлық-зомбылық,бопсалау, кибербуллинг және мұның бәрі асқынып, ушығып кеткен жағдайда суицидтің орын алуы кездеседі. Сонымен қатар ата-аналар арасындағы ұрыс-керіс психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын балалардың эмоциясының да қалыпты болмауына, ол ашу-ызаның ұлғаюына, агрессияға бейімділіктің ­артуына алып келеді. Сондықтан мектептегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мен осындай отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу қазір аса маңызды.

Ал бұл орайда ата-аналар не істей алады? Олар өз балаларының бойындағы өзгерістерге дер кезінде назар аударуы керек. Көптеген жағдайда зорлық-зомбылықтың алдын-ала ескерту белгілері болады. Олар мұны бақылап, оларды сынып жетекшілеріне немесе мектеп психологына хабарлауы керек. Ал ­назар аударғанда көрінетін белгілер: бала бойында кенеттен қызығушылықтың жоғалуы, зиянды ойындарды ойнай бастауы, депрессия және көңіл күй өзгерістері, түсінуді және оқшаулауды көрсететін жазу, ашуды басқара алмаушылық, өлім туралы немесе мектепте қару алып келу туралы сөйлесу және жануарларға қатысты зорлық болуы мүмкін.

Ал мұндай жағдайда мұғалімдер не істей алады? Олар ата-аналар сияқты, жоғарыда келтірілген ескерту белгілерін қадағалау керек. Ата-анамен үнемі қарым-қатынаста болуы тиіс. Проблемалар ­туралы әңгімелесуге әрқашан дайын болуы қажет. Орын алған төтенше жағдайларды оқушылармен қалай шешу керектігі туралы алдын ала жоспардың болғаны жөн.

Демек, жоғарыда аталған мәселелерді ескеру арқылы жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алуға болады. Жалпы жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдайды. Олар осындай әрекеті арқылы үлкендердің селқостығына және қатыгездігіне қарсылығын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен күйзеліске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Ал дер кезінде көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалуға септігін тигізеді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
04.03.2025
326
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі