400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Эссе. Тақырыбы: Мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп туралы қысқаша жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

(Әбу Насыр Әл- Фараби)


Мен үшін мұғалім болу – педагогикалық қарым-қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс және бала тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жетістіктердің қуанышы дер едім. Қазіргі таңда жаңа педагогикалық көзқарас, бұл ата-анамен жұмыс жүйесін дұрыс құру және оны жаңаша ұйымдастыру бүгінгі күннің талабы.

Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін шәкірттерімізді ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолында еңбек сіңіріп жүрген басты тұлға –мұғалім екені даусыз, сонымен қатар отбасындағы ата-ана да баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. 

Енді, жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек дегенді ой елегінен өткізіп көрейікші?!

  • Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.

  • Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттерге анық тұжырымды , дәл айтып түсіндіре білуі шарт.

  • Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн. Қазіргі таңда мұғалім болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Бірақ, жақсы ұстазды балалар да , ата-аналар да тани біледі.

Ендігі сөзім «Мектеп» туралы кеңес жазудың өзі де қисынсыз болып көрінетіні белгілі. Бірақ мектепке әрқайсысымыз барсақта, оның адамдар өмірінде қаншалықты рөлі бар екенін аз ойланған секілдіміз. Төмендегі аз ғана кеңесте осы жайлы.

1 қыркүйек, алғашқы қоңырау, құшақ-құшақ гүлдер, мектепке алғашқы қадам жасап жатырған 1 сынып оқушыларының қуаныштары, мектеппен қоштасуына 9 ай уақыты қалған түлектердің кездесуі. Қоңырау, сабақтар, үзіліс, бақылау жұмысы және емтихандар. Болды осының барлығы бір сөзбен айтқанда мектеп. Дегенменде алғаш мектеп табалдырығын аттап жатқан 1 сынып оқушысының ата-анасына «мектеп дегеніміз не? Ол не үшін керек?» деген сұрақтарды қоюы заңдылық деп есептейік. Себебі оқушы түсінігінде «мектеп» деген ұғым әлі қалыптасып үлгерген жоқ.

Адамға мектеп ең алдымен болашағына қажет білімнің іргетасын қалауы үшін керек. Қазіргі заманауи мектептерде барлық білімді дайын күйінде бере салмайды, сонымен бірге өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады: әртүрлі дереккөздерінен ақпараттарды іздеу және олармен жұмыс жасау, алынған мәліметті жүйеге келтіру, алынған білімді қорыту арқылы тәжірибеде қолдану. Соңғы жылдары мектептің құрылымы мен жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілуде: мұғалімдер сабақ жоспарын қайтадан дайындауда, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып сабақ өткізуде. Оқушылар көптеген шығармашылық, тәжірибелік, жобалық тапсырмаларды орындауда. Оқушылардың көп бөлігі зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми-практикалық конференцияларға, интеллектуальды конкурстармен олимпиадаларға қатысуда. Мұның барлығы баланың жаңа заман көшіне ілесе алатын, сауатты адам болуына көмектеседі. Және бұл мағынасында мектеп керек, мектептің берері мол. Дегенменде оқу ордасы — тек білім алатын жер емес, ол әлеуметтік-қоғамдық даму ортасы. Ол қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, адамдармен еркін тіл табысуға үйретеді. Мектепте баланың өзін жан-жақтан сынап көруіне мүмкіндіктер жасалған. Сондықтанда мектепті шағын ғана сынақ ортасы десекте артық емес. Мектептерде балаларға арналған қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Ол жерде бала өзінің барлық талантын көрсету арқылы, өзін таба алады.  Мектеп бұл — жаңа достар табатын жер, мұғалімдердің тәрбиесін, ақыл-кеңестерін тыңдайтын орта, баланың қалыптасу деңгейіне әсер ететін білім ордасы. Мектептің баланың ақыл-ой,дене еңбегін дамытуға берер көмегі өте мол.

Әр сынып кабинетінде компьютер мен принтер жабдығы жеке қамтамасыз етілсе деймін. Әр мұғалімге ғаламтор жүйесі мүмкіндігінше берілсе деймін. Қазіргі кезде технология дамып жатқан заманда мектептің де дами беретіні белгілі.Соған орай, жаңа оқу талабына сай технологиялар жабдықтандырылса деймін.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -дей келе әр мұғалім өте білімді, тәжірибелі, тәрбиелі болуы керек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 қараша
1100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі