Менің
өмірге келгенімнің өзі тағдырдың сыйы
деп білемін.
Алдымен
ата-анама үлкен алғысымды білдіргім
келеді.Себебі, дүниеге келтірген ата—ана
өз перзентінің келешегінен үлкен үміт
күтеді. Сондықтан мәнді де мағыналы
өмір сүруге, өмірге керекті тұлға болып
қалыптасуға күресу парызым деп білемін.
Менің өмірден өз түйгенім -отбасының
кез-келген адам баласының болашағына
әсері мол екені.Есімді білгелі араласытын
және достарымның ортасында отбасылық
тәрбиенің маңызы зор екенін сезіп
отырамын. Отбасында береке мен мейірім
бар ортаның балалары өзін қалай ұстауды
біледі. Әрине, тағдыр тек бір адамға
күліп қарай беруі қатып қалған қағида
емес,бір күні сізге де бұрылып қарайтынын
ұмытпаңыз. Сіздің де кезегіңіз келетінін
үнемі есте сақтаңыз. Өткіншісі басқа
түскен қиындыққа бір мезетке беріліп,
өзіңізді жоғалтып алмауға барыңды
салуға, өзіңмен жұмыс жасауға, барынша
сабырлы болуға талпыну керек екенін
әрбір пенде түсіну керек.Бұл сенің
өмірің және оны қалай сүру де сенің
қолыңда екенін ескертеді. «Өз мүмкіндігіңді
ескеріп, оны үнемі дамытуға тырысу
керек». Біз ешқашан өз өмірімізді
бос деп бағаламауымыз керек, себебі бұл
өмірді толықтыруға әрбір адам құқылы»
деп, Американың «Apple» компаниясының
басшысы Тим Кук айтқан екен.Дегенмен
өмірде кейде өзіңе сенімді болмай, ішкі
таңдауыңның орайына бой алдырасың.Адам
өмірде екі нәрседен жаңылмау керек
екенін жақсы білемін.Алғашқысы-мамандық
болса, келесі ол өмірлік жолдасың.Сондықтан
менің дәл қазіргі өмірлік ұстанымым -
дұрыс тәлім-тәрбие алып,тұлға болып
қалыптасу,еліме,өзіме пайдасы зор
мамандық иесі атану. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың «Бұл заман білекке
сенетін емес,білімге сенетін заман»,
«Сендердің білімдерің-ол сендердің
еңбектеріңнің нәтижесі» демекші, бос
уақытты бекер өткізбей, қолымды мезгілінен
кеш сермеп қалмас үшін қазірден
келешгімнің жарқын болуына алдыма
мақсат қойып отырмын.Бұл менің қабылдаған
дұрыс шешімім-менің өмірлік ұстанымым
деп білемін. Мемлекет басшысының
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық
бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының
«Цифрлы Қазақстан» бағытын қолдай
отырып, келешекте ІТ маманы боламын деп
шештім.Себебі, мен елімнің ақпараттық
технологиясы қарыштап дамып, дамыған
30 елдің қатарынан көрінуіне, жаңа
индустрияларды өркендетуіміз керек
екенін жақсы түсінемін.Осы орайда Абай
атамыздың:
Әсемпаз
болма,әрнеге,
Өнерпаз
болсаң,арқалан.
Сен
де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін
тап та,бар қалан! деген өлеңі ойыма
оралады.Сол жолда көп іздене отырып,
белгілі жетістікке жету,өмірге кірпіш
болып қалану менің басты мақсатым.Бұл
шешімім өз мүддемді ойлау
емес,қазақстандықтардың өмір сапасын
арттыру және ұлттық эканомикамызды
цифрландыру бағдарламасына өз үлесімді
қосу.Қазақ елінің халқы бақуатты өмір
сүріп,ауыл-аймақтың қаламен бірге
қарыштап дамуына ІТ-секторы арқылы
жетістікке жетіп жатсам, менің қабылдаған
шешімімнің іске асқаны деп білемін.Және
осы жолда өзімнің жеке сандық ТВ,
кеңжолақты ғаламтор кәсібім болуына
ерінбей жұмыс жасаймын.Сонымен қатар
қазақтың сыршыл, шыншыл ақыны Мағжан
Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін»
ұлтжандылық ұраны,аманаты мына біз
жастарға шабыт беруі керек деп
білемін.Қабылдаған дұрыс шешімім- менің
өмірлік ұстанымым болатынына сенімім
мол және менің шешімімді қолдайтын
ата-анама алғысым шексіз.ата-анамның
қолдауы мені шабыттандырып, қабілетімнің
шыңдалуына жағдай туғызады,көкірегіме
сенім ұялатады.Ұстанымы дұрыс жан өзінің
ізденісіне берік, идеясының ерекшелігімен
ел құрметіне бөленері ақиқат!
Қыз
сыны
Жауқазын
боп ашылады жан-жағым,
Қыз
сынына түсу менің сенесің бе, шын бағым.
Ару
қызың сәлем берер баршаңызға иіліп,
Жанашырым,
ата-анам алтын тағым.
Жаңашылмын,
жаңғырады рухым да,
Қыз
сынына түсер міне көркіменен халқым
да.
Өнеріммен
биіктеймін, көтерілер өрге менің шырқым
да,
Өзімді
сынай жүріп орнымды мен таптым да.
Ұстаз
берер дұрыс бағыт- бағдарды,
Қыз
сынында көрсету игі жолдарды.
Мектебіммен
мақтанамын сындарлы,
Қайсар
етіп дайындайды қыздарды.