Қазақстан : кеше бүгін, ертең
Еркіндікті сүймейтін, азаттықты аңсамайтын халық
болмайды. Десек те, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып
өткен қазақтың жөні бөлек. Тарих ғылымының басты мақсаты- өткенді
саралап, келешек ұрпаққа қайта жеткізу. Олай болса, тарих беттерін
парақтар болсақ, ел қорғаған батырларымыз, көсемдеріміз талай дауды
шешкен шешендеріміздің де көп болғаны баршаға аян. Батырлар
жырындағы қарақыпшақ Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамысты айтпағанның
өзінде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай,
Қапал, Бекет батырларымыз біз үшін қашан да биікте. Әз Тәуке,
Абылай хан, Есім хан есімдері де әркез жадымызда. Әділдіктің
жаршысындай Төле, Әйтеке , Қазыбек сынды билеріміз , ел үшін
солақай саясатқа қасқайып қарсы тұра білген қоғам қайраткерлері
Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Ғани Мұратбаев, Дінмұхаммед
Қонаев , ұлтжанды, ел үшін Ұлы Отан соғысында кеудесін оққа тосқан
Батыр Бауыржан Момышұлы, Талғат, Әлия, Мәншүк, Қасым сынды
ұлыларымыз елдің , халықтың болашағы үшін тер төккен ұлы тұлғалар .
Еске түсірсек, елжірейміз, мақтанамыз, үлгі алуға тырысамыз.
Аталған ұлылардың тарихтың әр ақтаңдақ кезеңдерінде өздерінің бар
ғұмырын келешек ұрпақтың бақыты мен бағына арнағаны аян. 1986 жылғы
желтоқсаншылардың да көздегені қазақ халқының болашағы мен бақыты
болатын. «Өткен күнде белгі жоқ» дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен
тер тарихқа енгеннен кейін ғана ұмытыла бастайды, өйткені бейнеттен
кейінгі зейнет, адамның жақсылыққа тез үйреніп, тез бауыр басатыны
белгілі. Алайда бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен- өзі
келмегеніне ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс,
нар тәуекелмен іске кірісу қажеттігі керек болғанын да сеземіз,
білеміз. Тәуелсіз ел болып, елдігіміз анықталған шақта елдің ахуалы
мүлде төмен дәрежеде еді. Кеңестер Одағынан Қазақстанға қалған
нәрсе, ол- күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған
өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық саладағы дағдарыс
болатын. Міне , бұл- кешегі Қазақстан, Қазақстанның кешегі ахуалы
еді. Дағдарыстан шығу, елдің ахуалын түзету оңай болған жоқ. Мүлде
басқа арна, жаңаша жол, ескі дағды, халықтың көзқарасын басқаша,
жаңаша, егемендіктің жаңа бетбұрыстарына аудару, бұл- көреген
басшының қолынан ғана келетін шаруа еді. Бабалар аңсаған бостандық
туы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саяатының арқасында
аспанымызда көк туымыз желбіреп, бейбітшілік көгершіні қалықтауда.
Қазір Тәуелсіз елміз. Тәуелсіздік бабалар қанымен келгенін де
білеміз. Қазақстан қазіргі таңда дамыған елу елдің қатарында.
Астанамыз- 30 әсем қаланың бірі. Бұл даму – елдің қарыштап даму
үстінде екенін білдіреді. Тәуелсіздікке 26 жыл .Ширек ғасыр. Аз да
емес. Көп те емес. « Егемен Қазақстан» газетінде ел тәуелсіздігінің
26 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» айдарымен берілген бөлікті
қарай отырып, тәуелсіздік алғаннан бергі әр жылдың әр кезеңнің, әр
сәттің тектен- текке өтпегенін көреміз. Мақтанамыз, мақтаныш
етеміз. Елдің елдігін айқындайтын басты- басты шежірелер туралы
айтсақ, Ел Президентін сайлау, Рәміздерді бекіту, Ата Заңды бекіту,
шекараны делимитациялау, Астананы Сарыарқа төріне көшіру, тағысын
тағылар. 26 жылда әлем таныған Қазақстан. Бейбітшіліктің,
тыныштықтың елі, ядролық қарусыз әлемнің көрінісі. Міне,бұл-
қазіргі Қазақстан.
Ертеңгі Қазақстан. Әрине, жарқын болашақ.
Еліміздің ертеңі- жас ұрпақтың қолында» деп, Елбасы жастарға нық
сенім артуда. Артып қана қоймай, жастардың болашағын қамтамасыз ету
мақсатында бірқатар бағдарламаларды енгізуде, іс жүзінде жүзеге
асыруда. «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастардың білім әлем
стандартына сай болуын көздесе, «100 мектеп, 100 аурухана» арқылы
білімнің заманауи мектептер арқылы ғана бір жолға қойылатынын
нақтылық ретінде танып отыр, «Дипломмен- ауылға» арқылы ауылды
көркейту үшін жастарды жан-жақты патриот тұлға ретінде көргісі
келсе, «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» бағдарламасы бойынша
қазақтың қазақтығын сақтап қалуда бірқатар ауыз толтырып
айтарлықтай іс жасап, көрегендік танытуда. Бұл саясаттың барлығы
Абай айтқан «қалың қазақ қамы үшін».
Ертеңгі Қазақстанның болашағының жарқын болары
сөзсіз. Қазіргі таңда атқырылып жатқан игіліктер істер шешімін
табуда, табады да, болашақ та жарқын, Қазақстанның кемел ел
болатыны да сөзсіз деп ойлаймын.