Ақтөбе
қаласы МКҚК №17 «Шұғыла»
балабақшасының меңгерушісі Онбаева С.К
«Ыбырай
Алтынсарин – ұлы
жазушы»
Мал,дәулеттің байлығы-
Бір жұтасаң
жоқ болар,
Оқымыстының
байлығы-
Күннен күнге
көп болар,
Еш жұтамақ
жоқ болар
Құрметті
әріптес,аманбысыз? Сіз қалай ойлайсыз?Мен таныған адам қандай? Мен
таныған адам- ол ұлы тұлға.Мен таныған ұлы тұлға-Ыбырай Алтынсарин-
алашқа ең алғаш Ғафу Қайырбеков айтқандай:«Дала қоңырауы» болып
сыңғырлап, ағарту ісін бастап, мектеп ашқан,қазақтың маңдайына
біткен біртуар дана да,әрі дара ұстазы, ізгілендіруші ғалым, имани
құндылықтарды бағалай білген ұлы тарихи тұлға. Себебі,ол ең алағаш
қазақ балаларына:
«Бір Аллаға
сыйынып,
Кел, балалар
оқылық,
Оқығанды
көңілге
Ықыласпен
тоқылық...» деп үн қата отырып,оларды ұлы жаратушы бір Аллаға
сыйынумен қатар «оқу» атты ұлы сапарға шақырады.Әрине «Оқу қашан да
инемен құдық қазғандай» емес пе? Ия,иә, дәл солай. Инемен құдық
қазғандай!Сол инемен құдық қазғандай қиын жолдардан,өткелі көп
бұралаң жорлдардан адамды құтқаратын тек оқу екенін жазушының
тәрбиелік маңызы зор шығармалары арқылы түсінуге болады. Жазушының
шығармаларының көбі тіптен барлығы десек те,тағылымдық сипатқа
ие.Үнемі адам болуды,оқуды үздіксіз дамуды көздейді. Ізгілік жолын
насихаттайды. Адам болу үшін -оқу керек, нағыз оқу бұл –тынымсыз
еңбек екенін дәріптейді дана фольклоршы.
Мен таныған
ұлы тұлға-Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы.
Адамгершілік жолды салушы педагог. «Білімдінің күні-жарық,
білімсіздің күні- кәріп» екенін жете түсіндіруші. Ол өз
әңгімелерімен бала бойына мейірімділіктің шуағын төгуші
жанашыр,жаңашыл этногроф. Мен оқыған Ыбырай -оттай жанып тұрған,
бұлақтай мөлдір,таза ағып тұған, сөздері - мәуелі ағаштай балаларға
білім нәрін құйып тұрған,ал,әңгімелері –қазақтың қара қамшысындай
балаларды түзу жолға салып тұрған. Мен таныған ұлы тұлға
осындай!!!