400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин және орыс империясының саясаты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин және орыс империясының саясаты»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин және орыс империясының саясаты»

Авторы: Елемес Жадыра Елемесқызы

37 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Ыбырай Алтынсарин- қазақ даласындағы есімі алтын әріппен жазылған қоғам қайраткері. Ол саналы ғұмырын қазақ балаларының сауатын ашуға арнады. Ыбырай Алтынсарин аса күрделі тарихи кезең, патша үкіметі Шығыс халықтар арасында отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Қылышынан қан тамған сонау орыс империясының дүрбелең дәуірінде империя саясатын ел игілігіне пайдаланған ұлт жанашыры.

Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі білім беретін мектептер ашып, сол мектепте ана тілінде білім беруі- орыс империясына қосқан үлесі емес, өз халқы үшін жасаған орасан зор еңбегі еді. Оған дәлел,

Н. И.Ильминьскийге жазған хатында: «Осы жылы (яғни 1864 жылы) январьдың 8-і күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды»,- деп айрықша мақтанышпен айтқаны еді. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы үшін қызмет еткен ұлы тұлға деп мақтанышпен айтуымызға бірден бір негіз осындай тарихи дәлелдемелер еді.Осындай ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушының ұстаздық жолдағы алғашқы жеңісі, ал қазақ халқының тарихындағы әлеуметтік маңызы бар тарихи оқиға еді. Сондықтан болар, ұлы ұстаздың халқы үшін жасаған өлшеусіз еңбегін халық ешқашан ұмытқан емес.

Империяның үстем саясатының ықпалынан қаймықпай, тұңғыш рет қыздарға арнап мектеп ашуы қыздардың мәртебесін көтеруге атсалысқан оразан зор еңбегі. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ашуы соның айқын дәлелі. Қыз білімді болса, ұлт білімді болары сөзсіз. Осыны терең ұғынған аса дарынды ойшылдың қыздарға арнап мектеп ашып қана қоймай, ол мектепте ана тілінде білім беруі тілге, ұлтқа деген құрметінің айрықша көрсеткіші болатын.

Орыс империясына қарсы күреспеді деп Ыбырайды жазғырушылар оның «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының қандай құнды еңбек екенін білмейтіндер болса керек. Себебі, бұл оқулық Ыбырайды жазушы ретінде танытқан, тәлім-тәрбиеге толы нағыз көмекші құрал болатын. Оның балаларға арналған туындылары мен көркем аудармалары күні бүгінге дейін көркемдік құндылығын, әдеби маңызын, тәрбиелік мәнін жоғалтқан жоқ. Кел, балалар, оқылық!-деп басталатын өлеңі қазақтың қазақтың оқулық кітаптарында жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әр қазақ баласының алғашқы әліппесі болып қала бермек.



Қорыта айтқанда, білімі мен өнегесі ұрпаққа аманат болған ұлы тұлғаны ұлықтау- бүгінгі ұрпаққа аманат. Мен өзімнің ұстаздық жолымда Ыбырайдың өнегесін өзіме үлгі етемін! Ұлт жанашырының ерен еңбегі елінің тарихында мәңгі қалады. Оның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа өз қасиетін жоймай, баға жетпес құндылық болып қалатынына мен кәміл сенемін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.11.2025
61
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі