400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Тәрбие процесіндегі «Үштік одақ» мүшелерінің рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған эссе жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жем қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанмолдина Ләззат Мейрханқызы

Тәрбие процесіндегі «Үштік одақ» мүшелерінің рөлі

(эссе)

Қасиетті қазақ елі – жастарымыздың жарқын болашағы, өскелең ұрпақтың бақытты өмір сүруі үшін барын да, нәрін де аямайтын дархан ел. Біз қайратты, жаны жайсаң, құшағы кең, дана халықтың ұрпағымыз. Бүгінгі таңда еліміз жаңа ғасырдың табалдырығын асқақ жетістіктермен аттап, дамыған отыз елдің қатарына қосылуға бет бұрып отырғандықтан, еліміздің білімі мен тәрбиесі бүкіл әлемдік білім беру талаптарына сәйкес болуы тиіс. Мәңгілік ел ұғымын тәрбие тірегі етіп алуымыз да алдағы уақытта жарқын болашақ үшін Елбасы айқындап берген мақсат-міндеттерді шешуге аянбай еңбектенуді көздеп отыр.

Осы тұста қоғам қалыптастырушы әр азаматтың еліне тигізер пайдасы орасан зор болуы тиіс. Қоғаммен үзілмес берік одақ боп табылатын ол – отбасы. Әрбір қазақ отбасы – салт-дәстүрлердің, үлгі-өнегелердің, мұралардың қорғаушысы және сақтаушысы. Әке мен ананың әрекеттері ұрпақ үшін үлгі-өнегенің өзі болып табылады.

«Ата-ана, қоғам, ұстаз» үштігі – тәрбиеге барар басты өлшем. Бір тұтасып, күш-жігерін біріктірсе, талай биікке жетері анық. Бүгінгі таңда қоғам тәрбиеге қатысты үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Осы бағытта ата-аналар мен ұстаздар одақтас боп, бала мүддесін басты назарға ала отырса, жеңіске жетері де сөзсіз. Сондықтан ұрпақтың бойындағы жақсы қасиеттерді ашып, өрісін кеңейте тәрбиелеу, мектеппен тығыз байланыста болу – ата-аналарға қойылатын басты талап.

Осы тұста, «Үштік одақтың» негізгі белді мүшесі ұстаздың мойнындағы жауапкершілік жүгі ауыр екені айтпаса да түсінікті. Сонымен, жаңа қоғамның оқытушы ұстазы қандай болуы керек?

Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді.

Жаңа заман талабына сай ұстаздың келбетіне үш критерий ұсынар едім. Біріншіден, ұстаз – өз мамандығының шебері, БІЛІМДІ болуы шарт. Оқушыға берілетін білімнің сапалы болуы - жарқын әрі қауіпсіз болашақтың кепілі. Екіншіден, ұстаз – ІЗДЕНІМПАЗ, ШЫҒАРМАШЫЛ болуы керек. Олай болмаған жағдайда, даму болмайды. Даму болмағасын, оқушыда қызығушылық азаяды, жүре келе жойылады. Үшіншіден, ұстаз – ОПТИМИСТ болуы шарт. Оқушыларды жақсылыққа үндеп, оларға үлкен сенім артып, өз бойларындағы күшті сезіне білдіруге ықпал ету керек.

Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Осы тұста Абай атамыздың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны! Ендеше, дамыған елдермен білім мен білік бәсекелес заманда оқушыларымыздың биіктен көрінуіне өзіміздің жаңашылдығымыз, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
































Жем қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебі













Эссе

Тақырыбы: Тәрбие процесіндегі «Үштік одақ» мүшелерінің рөлі








Орындаған : Жанмолдина Л.М.
















2017-2018 оқу жылы















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі