Эссе. «Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі.»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. «Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші –ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық. Мен балаларды жаксы көрем....Өйткені,бала мен үшін тазалық пен пәктіктің,шынайлық пен туралықтың айнасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі.»

Тәрбиеші болу үшін,тәрбиеленген болу керек.

А.С.Макаренко

Тәрбиеші –ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық.Мен балаларды жаксы көрем....Өиткені,бала мен үшін тазалық пен пәктіктің,шынайлық пен туралықтың айнасы.Олар қуанса шын қуанып,ренжісе шын ренжи біледі.Олардың жандары жалғандықты,жасандылықты сүймейді,не айтса да әділ,шындықты айтады.Көздері мөлдіреген,жүздерінде күлкі ойнаған балаларды көргенде, «Тәрбиеші»-мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін.Тәрбиешінің жұмысын жеңіл деп айтуға болмайды.Менің мойнымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатыр.Біздің мамандық басқа мамандықтар сияқты емес,махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы.Мен балалардың әр ісіне,сөздеріне түсінушілікпен қараймын.Абай атамыз айтқандай «Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса,сонда ғана онаң ата-Адам болады» Сол себептен бала біз үшін меруертке тең.Әрбір меруерт бірегей және бірден-бір сәнді бұйым,тірі табиғат жаратылысынан туған.Бұл табиғаттың ең тылысым жаратылысы.Әр бала балабақшаға келгенде,өз үйіндегіндей жылулықты сезініп,өзін еркін ұстап,балабақшаны өз үйіндей санаса,ол тәрбиешінің зор еңбегі деп білем.Көптеген ойшылдар айтып кеткендей.Ең алдымен балаға тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы.Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады деген Абай атамыз.Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы; «Ешкім іштен батыр болып тумайды;батырлықта,мінезде өскен орта,көрген тірбиеге байланысты қалыптасады»Ал,Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие беру керек.Тәрбиесіз алған білім-адамзаттың қас жауы.ол келешекте адам өміріне опат әкеледі»-делінсе.Алаш мүшесі,ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Баланы ұлша тәрбиелесең-ұл,құлша тәрбиелесең-құл болмақшы»-деген.Осы ұлы даналардың ақыл даналығы тәрбиенің маңыздығын анық айтылған.Менің балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болған жоқ.Әр мамандықтың өз қиындықтарымен,өз қызығы бар.Тәрбиешінің жұмысы курделі де,қызықты да.Халқымыздың бұрыннан келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіріп,ойына ұялатуға тырысамын. Менің осынау қастерлі мамандақ иесі атанғаныма бір жылдан аса уақыт болды.Осы уақыт ішінде әр түрлі семинарларға,курстарға қатысып келемін. Менің кәсібіме,еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалып тасуына әріптес ұстаздарымның ролі ерекше.Осы кісілерден алған еңбасты сабағым-балаға деген мейірімділік,қамқорлық,жанашырлық,шыдамдылық,шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.Әр таңда өз балапандарымды асыға күтемін,олардың әр қайсысын бүгін қандай көңіл күймен келетінін ойлаймын.Кішкентай адаманың көкірегі ашық,жүрегі жұмсақ маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

Мен балабақшада еңбек етуден ешбір жалыққан емеспін.Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармаймын. «Білерім-бір тоғыз,білмейтінім -тоқсан тоғыз демекші,білген сайын білмейтінім көп екенін ұға түсемін. Сондықтанда шығар белесім әлі алда.Білімімді кеңейтіп,тәжірибе жинау. Білімдінің-зердесі кең,алыстан қарасаң-кербез,жақыннан қарасаң-кішіпейіл, жүзіне үңілсең-мейірімді,жанына үңілсең-шуақты көрінбек.Міне,осындай кербез,кішіпейіл,мейірімді,шуақты тәрбиеші атансам-адами парызымның орындалғаны деп білемін.Тәрбиеші-бала тәрбиесінде рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаланатын,талабы мен жемісі қатар жүретін қызметін таразыға салып өлшеу мүмкін емес дүние .Себебі,еліміздің ертеңі ,болашақ ұрпаққа жан-жақты тәлім-тәрбие беріп,өнер- білімге баулып,шәкіртімнің бойына ізгі қасиеттерді дарытатын тәрбиеші қызметінің жемісі-ұлт болашағы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2020
1461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі