Эссе:
«Тәрбиеші қандай болу керек»
«Баланы
тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару
емес,
келешек заманына лайық қып шығару»
М.Жұмабаев
Мен
өз мамандығымды нағыз әйел адамдарға
арналған деп есептеймін.
Өйткені
әйел адамдардың ең негізгі қасиеті
– ол аналық. Мен балаларға аналық
сезіммен қамқор болуға тырысамын.
Жауап ретінде балалардан жаңа позитив
зарядын, жағымды көңіл- күй аламын.
Мен
өзімнің мамандығымның арқасында,
балалық шақты бірнеше рет басымнан
өткізетініме мақтанамын. Өйткені біз
балалармен бірге өсеміз, дамимыз,
балалық шақтың нағыз қызық шақтарын
басымыздан өткіземіз.
Ата-ана
немесе кез келген педагог үшін балаға
көп ұрысып, оған ұзақ ақыл айтқаннан
гөрі оның басынан сипап, мейірім көрсету
әлдеқалай да әсерлі. Баланы әуелі тыңдай
білу керек. Сөйлеген бала өзінің ішкі
жан дүниесін ашып береді. Балалар
балалықпен қате жасайды. Не істесе де
дереу жазалауға жүгірмей, оларды тыңдай
білу қажет. Міне сондықтан баланың ішкі
жан дүниесін, ойын білместен, жасаған
ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен
оны жазалаудың дұрыс еместігін өмір
тәжірибемнен білемін.
Жалпы
«Педагогика» латын тілінен аударғанда
«баланы жетектеу» деген мағына береді
екен. Оңды-солын, алды-артын танып
білмеген жеткіншек қана жетектеуге
мұқтаж. Ол алғашқы тәлімді ата-аналарынан
алып балабақшаға келеді. Ал баланы
қабылдап алған тәрбиешінің балаға берер
тәрбиесінің негізгі мәйегі –мейірім
мен сүйіспеншілік болу керек. Олар тек
осы екі қасиетпен ғана өсіп-жетіледі
десек артық айтқандық емес. Бала кімнен
мейірім көрсе сол адамды жақсы көреді.
Мейірімі мен сүйіспеншілігінен айырылып
қалмау үшін оның айтқандарын орындауға
тырысады. Өзі жақсы көрген кісіге
еліктегіш келеді. Ендеше сүйіспеншілік-
бала тәрбиесіндегі негізгі қағида.
Еврей
халқы баласына «сен ертең мықты азамат
болып шығасын, сенің қолыңнан бәрі
келеді» деп тәрбиелейтін көрінеді.
Ендеше біз неге ұрпағымызды солай
тәрбиелемеске. Ұлтымыздың әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрі бүгінгі тәрбие үрдісінде
тиімді екені даусыз мәселе. Ендеше
осынау ұлан-ғайыр жерімізде ғұмыр кешіп,
артына мол рухани мұра қалдырған
бабаларымыздың қалыптастырған тәрбиелік
ілімін заман талабына сай пайдалану
біздің басты мақсат болып табылады. Өз
елін сүйетін, халқының әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін қастерлейтін ұрпақты
тәрбиелеу, оларға сапалы білім беруді
қадағалау педагогтардың басты міндеті
болуда. Қорыта келгенде айтарым,
тәрбиеміздің жемісін жан-жақты саралана,
нақтылана, үйлестіріле атқарылған
жоспарлы жұмыстарымыздың нәтижесінен
де көріп отырмыз. Адам ұрпағымен ұлы,
еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса,
мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры
тәлім-тәрбие ісінде жатыр, -деп аяқтағым
келеді.