Материалдар / Эссе: Тәуелсіз елдің ұстазы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе: Тәуелсіз елдің ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіз елдің ұстазы. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Ұлы ғұламамыз А. Байтұрсынов XX ғасырдың басында «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен. Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Әсіресе, ол қазіргідей білім реформасы жүріп жатқан, өрке
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
768
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз елдің ұстазы

«Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау»,-деп ұлы ойшыл Жан – Жак Руссо ұстаздың ұлылығын керемет суреттеген. Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім – тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азамат болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси – экономикалық және педагогикалық-психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата-анада кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана – сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт. Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, оның кемшіл тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбилеп жатқан мына, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Білім беру мен тәрбиелеу - оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі занды нәрсе. Бұл үрдістегі басты түлға – мұғалім. Ұлы ғұламамыз А. Байтұрсынов XX ғасырдың басында «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген екен. Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бүгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Әсіресе, ол қазіргідей білім реформасы жүріп жатқан, өркениеттілік көшіне ұмтылып жатқан уақытта тіпті маңыздырақ болып отыр. Олай дейтініміз, өз білімін көтеріп, өз бетінше жетілдіріп отырмаса, тынбай ізденбесе мұғалімнің балаға берер білім дәрежесі жеткіліксіз болары күмәнсіз.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тек күнделікті күн көріс үшін жүретін ұстаздар да арамызда жоқ емес. Сондықтан да мен қоғамға титтей бір пайда келтірмесек, пәлен жыл мұғалім болдым дегенімнен не пайда деп ойлайын. Дегенмен, қуанарлық жәйттар да жоқ емес, педагогикалық ұжымның ішінде өз қызметін абыроймен атқарып, ұрпақ үшін жемісті еңбек етіп жүрген жас ұстаздар көптен кездеседі. Осы орайда атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Оқытушы жұмысының жемісті болуы-балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту мәселесін бірінші орынға қойғаны» деген сөзінің ұстаз еңбегінде орындалғаны деп түсінеміз. Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт - дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімің беру ісінде рухани, этно – мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. Демократияға қадам басқан қоғамда мұғалімге артылатын жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Бүгінгі мектептің басты міндеті - өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны түлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады. Мұғалім беделі, жеке басының ерекшелігі мектеп ісінде, жас ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады. Мұғалім беделінің артуына алдымен мұғалімнің өзі, сонан соң мектеп жауапты. Егер мұғалім беделді, өз пәнін жетік меңгерген болса, әрине, оның беделі өз ортасында - әріптестері, шәкірттері арасында арта түсері даусыз.

Ұстаз – жеке тұлға. Ол – үлкен ақыл, парасат иесі, тәлімді тәрбиеші, өмір тәжірибесі мол, мейірім – қайырымы көп ұлағатты жан. Алайда, жас ұрпақ алдындағы мұғалім беделін қайтсек көтереміз, абыройын қайтсек асырамыз дейтін мәселені әркім тікелей шеше алмайды. Мұғалімнің беделі тек өзіне ғана байланысты. «Мұғаліміңді неге сыйламайсың?» деп ешқандай шәкіртті зорлап мойындата алмайсың. Қоғам, уақыт өзгертеді. Талап, талғам да жоғары. Осы ретте Ж. Аймауытов ұстаз беделіне, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім сапасына көп көңіл бөлген. Әрбір адам өзіне-өзі сеніп, биік талап-талғаммен қарап, туған еліне, жеріне, таңдаған мамандығына адалдық, табандылық танытса еңбек - ізденіс нәтижесіне жетіп, ұлы мұрат міндеті айқын көрінетін болады. Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - дегені жоғарыдағы сөзімізді айғақтай түседі. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. XX ғасыр артта қалды. Сапалы білім мен тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып, дүниежүзілік өркениеттілікке жету XXI ғасырдың үлесіне тиіп отыр. Ондай азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге келтіру, бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Оны атқаратын, сөз жоқ, мұғалім. Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабылеті ғылыми түрде қалыптасуы керек. Педагогикалық басты зандылық «адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабылеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, көп тоқу керек. Яғни XXI ғасыр мұғалімі үшін «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттілігі туындайды. Ал міндетті орта білім беру стандартындағы оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін төмендетті. Ендеше оқушысын білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәрсеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады. Сондай-ақ мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды бейім болуы шарт. Қажетті жағдайда шешім таба алатын дәрежеге жетуі керек. Мұғалімнің адамгершілік, саяси – идеялық ұстанымы да жұмысында көрініс тауып, ол бала тәрбиесінде негізгі шарт болуы тиіс.

Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасандық пен жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс - тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейілсу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені, қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар. Мұғалімге қойылатын талаптарды шешуде мектеп әкімшілігіне, әдістемелік кеңестерге олардың бүгінгі күн талабына сай жетіліп дамуына жан-жақты іс—шаралар жүргізуді талап етеді.

Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалытасуын, білім берумен, тербие және оқуты процесін басқарады. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты, терең, ғылыми білім, жоғары педагогтық шеберлік, идеалық шыныққандык, саяси моральдық қасиет, табанды ерік - жігер, парасатты міңез - құлық талап етеді. Казіргі заман мұғалімі қызметтіндегі басты ерекшеліктерінің бірі жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды күшейту. Сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, адам қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы шарт. Мұғалім еңбегінің негізгі обьектісі, әрі субъектісі де бала. Ал оның дамуының, тәрбиесінің заңдылықтарын жете білу бірінші қызметтегі міндет. Мұғалім еттілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалімнің балаға деген махаббаты оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстара алмайды. Қайта басқа қаситтерін, айқын көріне түсінетініне негіз болады. Л. Н Толстой : «Мұғалім өз ісіне деген сүйішпеншілікті, оқушыға деген сүйішпеншілікпен біріктіре алмаса, онда ол шын мәніндегі қазірғі заманның мұғалімі бола алмайтын өсиет етіп айтқан ». Мұғалім еңбеғінің ерекшелігі, оның баламен ұнемі қарым-катынаста болуын және рухани араласуының сипат алатында. Сондықтан мұғалімнің мәдедиетінің жоғары дәрәжеде болуы. Оның интеллектуалдық мүмкіндігі, оның ой - өрісінің кеңдігі. Рухани байлық педагогтық процссті тиімді ұйыдастыруға зор ықпал жасайды. Білімді үнемі толықтырып отыру күрделі, ғылыми пәндерді терең, әрі жан-жақты игеру қазіргі мұғалімдерге қоилатын басты және айқын талап. Алған білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс – тәсілдерімен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады. Өз бетінше ойлай білу,қиын динамикалық жағдайларда жол таба білу, қазіргі заман мұғаліміне тән кәсіби бейне. Мұғалім балаларға білім беруді ғана емс, сонымен бірге олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана – сезімдерін дәрежедегі рухани байлықтармен байытушы. Балаларды қоғадық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға, жаңалық жасауға уйретуші, әлеумттік белсендігі бар жеке адамды тәрбиелеуші. Сондықтан мұғалім оқушылардан осы қасиеттерді көру үшін ең алдымен осындай жақсы жоспарды өз бойында сүйетін, өзінің шығармашылықтың деңгейін әрдайым молайтып отыратын мамандық иесі. Мұғалім өз пәнің оқытудың әдістерін жете игрген шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін, үнемі жтілдіретін маман. Шығармашылық ізденіс еңбектің, мамандықтың барлық саласында өте қажет. Ал мұғалім үшін ол ұстаздық дарындылыққа жетудің жолы. Себебі, мұғалім еңбегінің объектісі жансыз дүние емес өте күрделі қарама-қайшылықты әрі нәзік, жас ұрпақтың рухани дүниесі.

Педагогикалық үрдісте мұғалімнің рөлі ерекше. Педагогикалық үрдісте тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара әрекетін қамтамасыз етеді. Педагогикалық үрдісті іске асыру әдістері алуан түрлі. Оқыту мен тәрбиенің өзіндік ерекшелігін бейнелейтінде, тікелей кіші немесе жоғары сынып оқушыларымен жұмысқа бағытталған әдістер де, арнайы өзіндік бір жағдайлардағы жұмыс әдістері де бар. Педагогикалық үрдістің тиімділігін бақылау әдістері (арнайы диагностика, ауызша және жазбаша, сұрау, бақылау және зертханалық жұмыстар және т. б.). Педагогикалық үрдісіне жүзеге асыру әдістері оқыту үрдісінде қолданылатын талап қоюды, мадақтау және қолдауды, қоғамдық пікір қалыптастыру және т.б. білдіреді.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!