ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН КЕШЕ
ЖӘНЕ БҮГІН
Керуенбаева Айслу
Искендировна
«ЕрТөстік» балабақшасы
тәрбиешісі
«Бүгінгі
біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ
халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азатыққа ұмтылған
қайсарлығында жатыр» деп Елбасымыз айтқандай, сол уақытта
ата-бабамыз атқа қонып елімізді, жерімізді қорғамаса, азаттығымыз
үшін күреспесе бұл тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма едік? Қайсар
да батыр бабаларымыз болмаса бейбіт күннің ақ таңын сезіне алар ма
едік? Арыға бармай-ақ, кешегі 1986 жылы орын алған желтоқсаншы
жастар болмаса осы күнге жетер ме едік? Жоқ, олардың отан
сүйгіштігі болмаса, ұлтжандылығы болмаса осы күнге жету жетпеуіміз
екіталай еді. Солай ғой, сондықтан ең бірінші тәуелсіздікке қол
жеткізу жолында жанын берген, қанын берген ата-баба аманатын біздер
қастерлеуге міндеттіміз. Ата-бабала әруағына мың
тағзым!
Тәуелсіз ел болу оны
жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді.
Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі
дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз
мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы
айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен
қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға
тиіс.
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының
бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға
тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді
бастап кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды
құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс»,
— деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ
тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді.
Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және
Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп
өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік
қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты
елдің екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып,
мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тәң барлық
институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып
табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен
қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың
барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын
жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз
Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі
негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел
қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде
құқықтық реформаның маңызды рөл атқарылатының, құқық қорғау жүйесін
реформалау бойынша құқық қорғау органдары функцияларындағы
орын алған жағымсыз факт орлардан, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі
қызметіндегі мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған
проблемалардан арылудың қажеттігін атап көрсетті.
Елбасы өз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын
көрсетіп берді, олар – құқық қорғау жүйесін оңтайландыру, әрбір
мемлекеттік органның нақты құзыретін белгілеу, заңдарды ізгілендіре
отырып сапасын арттыру, құқық қорғау жүйесінің қызметінде ішкі
ведомстволық мүддеден азаматтардың құқық пен мемлекеттің мүддесін
қорғауға ауыстыру. Парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды
қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен
бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып
отырған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау
шараларын қолданудың сотқа берілуі азаматтардың конституциялық
құқықстарының сақталуының кепілі болып, сот жүйесінде қолдануда
жақсы қорытындыларын көрсетуде.
Ұлтымыздың ұлы ұстанымы –
қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың патриоттық рухымен
асқақтай берсін!
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл
толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз
аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым
сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы,
дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге
болады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 30
жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен
Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай
көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен
тәуелсіз елдің ұстазымын! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу
белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел
де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»-
деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы
үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын
түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат,
ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз
елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының
берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін
дәлелдеу.
«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты, «Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М.
Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның
өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше,
қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі
«арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің
бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып
туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма
бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған
асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз
заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз
қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді
реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана
бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз
біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі
қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен
өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз
қарыштап дамуда. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей
жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға
болады. «Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы
қандай терең, астары қандай кең десеңізші! Ол өлең, ол
ән, ол сұлулық, ол асқақ арман, ол шалқыған дәулет,
көркейген сәулет! Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік,
достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті
ұялатады. Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан
өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық
далалары, қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты
өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік. Солай дей отырсақ
та бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстанмен еркіндікті аңсаумен
бодандықта болған Қазақстанды салыстыру
қиын.
Толағай табыстардың бәріне
Елбасының дара көшбасшылығының һәм халқымыздың даналығы мен
парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы
еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Елбасы
Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан
болар едік.
Алдағы төртінші онжылдықтың
бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу.
Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту
үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа
болмысын қалыптастыруымыз қажет.
Қазіргі
таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің,
ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі -
ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың
қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан
бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені,
отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай
жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп
ойлаймын.
Тәуелсіз елдің алғашқы
президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің
көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға
ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта
білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен
халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала
әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу
табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға
жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап
келетін туристік мекенге айналды. Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз
Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы –
тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер
шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету
біздің басты парызымыз.
Бүгінде
біз қандаймыз, ата-баба арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізген,
алыс, жақын шет елдерде абыройы асқақ, дамушы елдердің алдыңғы
қатарында келе жатқан, 30 жасқа енді толып, оңы мен солын ажыратар
елге айналдық. Рәміздеріміз сайлаулы, көңілдеріміз жаздың жайма
шуақ күніндей, желтоқсанның ызғарынан өткен күннің естеліктері
қалғандай, жүрегімізді бір қарып өткенмен сол жастардың арқасында
тәуелсіздігіміз есік ашқаны көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің
болашағы үшін жанын беріп, осы күнді бізге табыстап кеткен
азаттықты бағалау, қастерлей білу әрбір Қазақстандық азаматтың
парызы. Сондықтан, тәуелсіздіктің ақ таңы мәңгілік болу үшін әрбір
адам өз тарапынан елге деген, жерге деген сүйіспеншілігін сақтап,
еліміздің ынтымақ, бірлігінің бұзылмауына атсалысуы тиіс. «Бірлік
барда тірлік бар» дегендей, ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып,
сыйластықта өмір сүрсек еліміздің іргесі сөгілмесі
анық.
Жаңашылдық дәуренде тәуелсіздігінің 30 жылдығына қол
жеткізіп отырған Қазақ
елі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың
қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иеміз. Қоғамдық өмір
сабақтары мен еліміздің мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге
сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында
тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны
нығайта түсу міндеті тұр.
Артқа тастаған отыз жылдың ішінде бір мемлекетке
жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық
жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз өсті. Қазақ мектептері мен
балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық саласына аса мән
берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және
мәдени қатынастар да үдей түсті. Осының бәрі тәуелсіз елдің
мақтанышы деуге болады.
Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы
жарасқан ел болайық!