Эссе. ТӘУЕЛСІЗДІК - мәңгілік елдің тұғыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. ТӘУЕЛСІЗДІК - мәңгілік елдің тұғыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жазылған эссе. Бұл эссені барлық оқушылар мен мұғалімдер қолдана алады. Эссе жазу барысында мақал мәтел мен нақыл сөздер қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

ТӘУЕЛСІЗДІК мәңгілік елдің тұғыры

Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті. Иә, қазақтың әрбір мақалында терең ой жатыр.Неге десеңіз, егеменді, тәуелсіз ел болғанымызға 30жыл толып отыр. Әрине ,бұл - біз үшін үлкен қуаныш.Себебі, тәуелсіздік алу жолында біздің қазақ халқы не көрмеді десеңші?!

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. Ең алдымен осы бір сөздің астарына үңілсек ,өте үлкен, терең мағына жатыр. Тәубенің зоры – Тәуелсіздік. Әрине, қазіргі күнімізге тәубе дейміз. Асқақтап, марқайып жүргеніміз - осы тәуелсіздіктің арқасы деп білемін.

Ат үстінде түн қатып жүріп, елімізді қорғаған бабалар арманы ақиқатқа айналғанына биыл 30 жыл. Рухымызды асқақтатып, биікке көк туымызды көтере Тәуелсіз Қазақстан деген атақты алғанымызға 30 жыл. Кешегі тоқырау уақытында бесікте жатқан қазақ баласы бүгінде бейбіт елдің ұрпағы екенін зор мақтанышпен айта алады. Бұның бәрі 30 жыл бұрын жеңіске жеткен қазақ батырларымыздың ерен еңбегі .

Осы 30 жыл ішінде , Қазақстан үлкен өзгерістерге ұшырады. Дегенмен, қазақ баласы үшін мақтанып айта алатындай қарқынға жетті. Осының бәрі жаңа көзқараспен қарай білуіміздің арқасы. Нәтижесінде , мемлекетімізді әлем танып, қазақ деген ұлттың созылып жатқан тарихы барын өзгелер мойындауда .Қазақ елінің дәстүрін танытудамыз.Оған бір себеп ЭКСПО көрмесі. «Жақсыны көрмекке» деген атам қазақ. Тәуелсіз елімізге жан – жақтан әртүрлі мемлекет тұрғындары келіп, қазақ елінің қандай қонақжай екенін, дәстүр –салтымызбен танысып, біліп кеткен болатын. Осы халықаралық көрменің арқасында абыройымыз одан да биік асқақтай түсті. Бұл да біз үшін - үлкен бақыт!

Тәуелсіздік туы – асқақ. Тәуелсіз елдің рухын алғаш көкке көтерген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Артымызға қарамай , алға бас көтеріп келе жатқанымыз да елбасының батырлығы. Жазық далаға ел жүрегі Нұр- Сұлтан қаласын салып,оны әлем жұртына таныта білді. Биік – биік ғимараттарымен ерекше көзге түскен ,жұпар ауасымен,тарихқа толы қалалары , бәрі еліміздің баға жетпес байлығы .Сондай – ақ, әлем жұртының көз тіге қарайтын , саяхаттап келетін туристік мекенге айналды.

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.» Нұрсұлтан Назарбаев. Арғысы қазақ хандығынан бастап, бергісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан ұрпақтың парызы да, міндеті де, құлдықта жүрген елімізді, қара термен бейбіт елге айналдырған бабаларымыздың аманатын қастерлеп, сақтау. Қазақта «Отансыз адам- ормансыз бұлбұл» деген сөзі бар.Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл осы секілді Отаны жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Оны аяламасақ, бабаларымызды құрметтемедік деген сөзбен тең.

«Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман» дегендей, біз ,халық және өскелең ұрпақ, Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата – бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету және әрі қарай көркейту, дамыту. Ал , бұл - біздің қолымызда!

ТӘУЕЛСІЗДІК мәңгілік елдің тұғыры!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2021
4763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі