400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе "Тілім-өлшеусіз қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілдер мерекесіне арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілім – өлшеусіз қазынам

Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы,
Құлан шағын орталықты орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тасқанбаева Гауһартас Мелдебекқызы

Тіл – қасиетті ұғым. Тіл қай елде, қай ұлтта болсын қастерлі, құдіретті. Себебі тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Сондықтан тілді құрметтеу – ананы құрметтеу деп түсіну қажет. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталу керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім туған тіліңді білуден басталады.

Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Тілдің орынсыз шұбарлануы, бөтен сөзбен былғануы дегеніміз не?

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, тіл тазалығын сақтамай сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болғанын мойындауымыз керек. Туған тілімізді құрметтемейтін азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» - деп ашына айтқан сөзі еріксіз ойға келеді. Себебі бүгінгі күні көптеген қазақ жастары өз ана тілдерін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырғаны айдан анық. Түсінемін… Көп тіл білу – заман талабы. Дегенмен, өзге тілді тірлік үшін, өз тілімізді бірлік үшін пайдалануды мақсат етіп, ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алу керек. Себебі өз тіліңде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

Қорыта айтқанда, ана тілі – ұлттың асыл қазынасы. Алаш ағартушысы, ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы : «Ұлттың сақталуы мен жоғалуына да себеп болатын – халықтың өзі. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»,- дегендей, өз қазынамызды көзіміздің қарашығындай сақтау әрбір Қазақстан азаматының міндеті, парызы деп білемін. Қазақстан – әлемдегі ең мықты , бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауымыз керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі