Тақырып бойынша 29 материал табылды

Эссе "Тұғыры биік Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған эссе. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен кезең. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұғыры биік Тәуелсіздік!

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен кезең. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деп Елбасымыз айтқандай, сол уақытта ата-бабамыз атқа қонып елімізді, жерімізді қорғамаса, азаматтығымыз үшін күреспесе бұл тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма едік? Кешегі 1986 жылы орын алған желтоқсаншы жастар болмаса осы күнге жетер ме едік? Сондықтан ең бірінші тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жанын берген, қанын берген ата-баба аманатын біздер қастерлеуге міндеттіміз. Тарихқа көз жүгіртсек, әр кезең белгілі бір сынақты басынан өткізген. Тәуелсіздіктің ақ таңы мәңгілік болу үшін әрбір адам өз тарапынан елге деген, жерге деген сүйіспеншілігін сақтап, еліміздің ынтымақ, бірлігінің бұзылмауына атсалысуы тиіс.

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетіліп олар да еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатыр.

Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы еліміздің ұл-қыздарымыз ұлт намысы үшін алаңға шықты. Бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді алдық. Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айтуға болады. Артқа тастаған отыз жыл ішінде не атқардық деген сұраққа тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері қабылданды. Қазақстан Республика Президентінің 1993 жылғы 29 қазандағы Жарлығымен ұлттық валюта – теңге Қазақстан Республика аумағында айналымға енізілді.

Алғашқы мемлекеттік акт – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация» болып табылды. 1993 жылы 28 қантарда егемен Қазақстанның Тұнғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум өткізіліп, оған қатысқан азаматтардың 90%-дан астамы жаңа Конституцияға дауыс берді.

Экономикалық жағдайымыз жақсарды, білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді, өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар орнатылды. Осының бәрі еліміздің мақтанышы деп айтуға болады. Көптеген сынақтардан мен қиындықтарды басынан кешкен Қазақстан, бүгінде аяғынан нық тұрып, болашаққа сеніммен қарайды. Мен де осындай түғыры биік Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқаныма ризамын. Сол себептен өз елімнің түғыры әрқашанда биік тұруына менің де ат салысқым келеді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2021
1767
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12