15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
эссе "Туған елге тағзым"
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
КММ « Боголюбово орта мектебі »
«Туған елге тағзым» атты эссе
Зырянов Роман
11 сынып оқушысы
Мұғалімі: Сағандықова Зайни Кемалқызы
Біз жастар заманның
Иесі, қожасы.
Жаралған адамның
Жалынды, жаңасы,-
Ілияс Жансүгіров
Менің атым – Роман. Солтүстік Қазақстанда орналасқан шағын ауылында тұрамын.Менің туған ауылым- әлемдегі ең әдемі, ең ғажайып мекен. Маған әр адам өз туған жеріне жұмақ орнатар идеясы мен арманы жүзеге асар кез келді деген ой келді.
Мен әлі жас болсам да, өзіме әсер еткен есте қалар ерекше күндерімді жадымда сақтаймын. Теледидардан әскери шеруін көрдім. Халық өте көп жиналған. Әскери шеру басталды. Қазақ елін қорғайтын жауынгерлердің тамаша сап түзеуі, музыка екпінімен нық басқан қадамдары, әскери киімдері ерекше әсер етеді. Қазіргі заманның соңғы үлгідегі техниканың алаңнан гүрілдеп өтуі де ғаламат көрініс. Аспанда зулап ұшқан әскери ұшақтар тобы өтті. Қазақ елінің көк байрағын қалықтата көтерген тікұшақтар сән-салтанатымен бізді қуаттандырады. Мен қазақ елінің шарықтап шыңға ұмтылған болашағына сендім. Елімнің әскери қорғанысы менің бақытты балалығымның кепілі екенін білдім. Қазақстан Республикасының Қорғаныс күшінің жиырма бес жыл аясында осындай дәрежеге жеткеніне мақтаныш сезімі жүрегімді кернеді.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде төбе көрсетуі шын мәнінде тарихи оқиға. Оның мән-маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Уықсыз шаңырақ көтерілмейді, шаңырақты мықты уық, сапалы кереге ғана ұстап тұра алатыны сияқты, егеменді еліміздің тірегі оның қарулы күші. Қарулы күштердің негізгі ұғымы Отанын ыстық жүрегімен сүйетін сол елдің халқы. Оны қорғау ұрпақтан ұрпаққа ұдайы жалғасып отырады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Егер еліне қауіп төніп тұрса, жеке адам қаншалықты сәтті өмір сүргенімен, ол бәрібір қорғансыздың күнін кешеді. Қорғаныс саясатымызға келетін болсақ, біздің бейбітшілік сүйгіш халық екеніміз және ешкімнің жеріне, ресурстарына, байлығына көз тікпейтініміз баршаға аян болуға тиіс. Жеріміз де, мол қазынамыз да өзімізде жеткілікті, ол дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз. Бірақ, басқа елдермен өзіміз қандай қарым-қатынаста болсақ, Қазақстанға қатысты дәл сондай қарым-қатынасты талап етеміз және кез келген тосын жағдайларға әзір тұрамыз» – деген болатын. Тәуелсіздіктің ұлы тірегі – сол мемлекеттің әскері. Ендеше, бүгінде жауынгердің орны аса маңызды. Нағыз отансүйгіш азамат қана, ержүрек сарбаз бола алмақ. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Болашақ ұрпаққа сенімді мол артқандықтан, алдымен олардың рухани байлығын отансүйгіштік сезімде тәрбиелеу келешекке деген үлкен қазына. Өйткені мемлекет және мемлекет іргесін қалайтын жастардың ой-санасы барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан әр азамат тұла бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге міндетті. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген сенімділікті патриотизм рухында өрбіту. Әскери тәрбие – патриотизмді адам бойына сіңіруде үлкен үлес қосатын сала.
Бүгінде ұлттық қауіпсіздік – бұл тек шекараны қорғау, қарулы күштеріміздің жауынгерлік әзірлігі, еліміздің тәуелсіздігін қорғау ғана емес, ол – экономикалық, экологиялық, демографиялық, ақпараттық аспектілерді де қамтиды. Патриотизм – ақыл, ой, сананың салтанаты, табанды тәрбиенің жемісі. Отанын ақыл, ой, санамен шын беріле сүймеген адам патриот бола алмайды. Патриоттық тәрбие бойына сіңбеген: бала күнінен ерлер туралы ертегілер тыңдап, елдікті, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған, ұлттық рухты бойына сіңірмеген адамдардың бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды. Ондай адамдардың ел ішінде «балуан» деп бағаланып, «алып» деп аталуы мүмкін. Бірақ, отан үшін от кешіп, жан қиюға әзір патриот екен деп ойлауға болмайды. Тәрбиенің күшімен шыңдалған патриотизм, қынаптан суырылған қылыштай жарқ етіп, Отанды қорғау сағатында өз қуатын көрсетеді. Қарулы күштеріміз – қашанда халқымыздың қамалы, келешекте үміт күтер сенімі, ар намысы, қолындағы шоқпары, астындағы тұлпары. Мемлекет әскери мамандарды дайындау үшін, алдымен халқының Отанға деген оттай ыстық жүрегін, мөлдір сезімін дүниеге келтіруі керек.
Бүгінгі Қарулы Күштеріміздің даму қарқынына зер салатын болсақ, біздің елімізді қорғайтын, Отанымыздың тыныштығын күзететін сарбаздардың рухының жоғарылап бара жатқанын байқауға болады. Мұны біз әскерилермен өткен жиында айқын байқадық. Олардың тақырып бойынша айтқан ойлары, өзекті пікірлері, әңгімелері – Отанға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетеді. Сондай-ақ, олар өзінің еліне, жеріне деген құрмет сезімдерін сөзбен ғана емес, игілікті істерімен де көрсетіп отыр.
Патриотизм – туған тілім, туған жерім, әдет –ғұрпым, салт-дәстүрім. Осы сөздердің бәрі ұлтжандылық ұғымына негізделеді.
Мен алтын бесік туған жерімді сүйемін. Кіндік қаным тамған атамекенімді қорғаймын. Елбасы айрықша назар аударып отырған көк байрағымды биікке көтеріп, елімнің гүлденуіне біліміммен үлес қосып, өркениет көшінің көшбасшысы болуына қызмет етемін.
Менің ұстанымым: ел бірлігін сақтайтын үрдісті қолдау, айналамдағы адамдарды құрметтеу, елімнің ұлы тұлғаларын дәріптеу, ары таза, еңбекқор, білімді, парасатты азамат болу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген