Материалдар / ЭССЕ Туған жер ыстық әрқашан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ Туған жер ыстық әрқашан

Материал туралы қысқаша түсінік
"Аягөз туған жер" Өлкетану сабағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
835
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЭССЕ

Туған жер ыстық әрқашан

Шықшы тауға, қарашы кең далаға.

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

О шетімен, бұл шетіне жүгірсең

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?!

О,дариғай, алтын бесік туған жер.

Қадіріңді кетсем білмей кеше гөр!!!

Ақын қалай керемет жырлаған десеңізші?!Мәз боласың.Шын ғой.Қаланың түтін сасыған көшесінен кейде қашып шығып, жаз айында ата-анаммен, қала сыртына, «Аягөз» өзеніне барып, жағасында дем алып ескен желді кеуде кере жұтып қайтамыз. Қыс айында «Битан» тауға барып, биік басына шығып, қалаға төбесінен қарап, шықырлаған аяздың таза ауасына тоймай, құшырлана жұтып-жұтып қайтамыз.

Шіркііін, жаз айындағы жусанның иісін-айй!Бұрқырап, танауыңды жарып, самал желге басын сабалап тұратын көдемен араласып, кең даланы сарғыш кілемге көмкеріп тұрады ғой. Ұзааақ алысқа қарап, көзім тоймайды. Шындығында осындай дем алуға барғанда көп сөйлегенді ұнатпаймын.Айналама қызықтай қарап, өз-өзіммен қалғанды ұнатамын. Жүгіріп ана төбеге, жүгіріп мына төбеге шығып рахаттанамын.Шаршау деген мүлде болмайды.Кеудеме тап- таза бір дүние кіргендей жеңілдеп, сергіп, көңілім көтеріліп қалады.Осыдан кейін біразға дейін көтеріңкі көңілмен жүремін.Иәәә, бұл туған жер деген, қасиетті дүние –ау, тегі.

Аягөзім, қасиетті, туған жерім.Сенде тудым, өстім, жеттім.Аман болып, ертең өзіңді жаңғыртатын маман болсам, арманым сол.Сенің кең, көсіліп жатқан жеріңде, не дүние алапаттың болғанын білемін.Тарих қойнауында қанша уақиғаларға куә болып, қайыспай көтеріп жатқан жер менің туған жерім-Аягөз.Биылғы жылы Аягөздің 90 жылдығы тойланып өтті.Небір тамаша шаралар өтіп, республикалық көлемде ақындар айтысы болды.Ақындар Аягөз туралы өлең жазып, жазушылар шығармаларын ұсынды.Сахнада өнер тарландары тарихи көрініс қойды.Мен жылап тұрдым.Жаным тебіренді.Осындай қасиетті Аңыздар мен Абыздар елі, Махаббаттың символы болған Қозы Көрпеш –Баян сұлу жері, тоғыз жолдың торабы атанып, күллі Қазақ Еліне төсін беріп, көсіліп жатқан жердің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын.Қасиетіңнен айналдым, туған жерім!!!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!