15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Туған жерім - Маңғыстау"
Туған жерім – Маңғыстауым
Туған жер туралы ой толғап, қалам тербемеген ақын - жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар...
Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті еш нәрсе жоқ. Кез-келген адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпақ емес. Қайда жүрсе де, жүрегі «туған жер» деп соғары сөзсіз. Мұқағали ақын жырлағандай, «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» болса керек.
Туған жерден жырақта, жұмақты мекенде тұрсам да, кiндiк қаным тамған жер есiмнен бiр сәт шықпай, аңсарым ауады да тұрады... Қысы жұмсақ, жазы жайлы осы бір Маңғаз Маңғыстауымның кең даласы, сарқыраған сулары, жайдары көктеммен келген жұпар ауасы, бусанған жер иiсi, асыр салып ойнаған топырағы, әр тасы маған өте ыстық. Қасиетті осы жерде білім нәрімен сусындаған мектебім, балалық шағым өткен ауылым бар.
Қазір егемен еліміздің ең бай өңірі, экономикалық даму тұрғысынан көшбасшы болып отырған қазыналы Маңғыстау - жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы өңір. Әулиелі – киелі мекен. Өлкеміздің мәдениеті мен тарихы да адам таңқаларлықтай. Маңғыстау түбегі мен Үстіртті - археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай деп тегін атамаған, мұнда тарих пен мәдениеттің бірнеше мыңдаған ескерткіштері табылған. Әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиет - ерекшелігі болғаны да аян.
Халық арасында кең тараған: “Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет” деген сөз бар. Маңғыстау десе ойымызға бірден Бекет Ата мен 362 әулие түседі. Ауырған жандарға шипа болатын, сыйынатын киелі «Бекет ата», «Шопан ата», «Мың кісі», т.б. қасиетті бабаларымыздың жер асты мешіттері де осы киелі өңірде орналасқан. Сонымен қатар, Шерқала, Қаратау секілді таулардың биіктігі аспанмен таласады.
Маңғыстау - талай-талай тарихи тұлғалар мен атақты адамдар, дана дарабоздар мен таланттар шыққан жер. Солардың бірі маңғаз өлкенің ұлы жазушысы, ұлы даланың ұлы перзенті - Әбіш Кекілбаев. Заңғар жазушымыз: «Маңғыстау… Тарих пен табиғаттың бірге толғанған тамаша дастаны, бірге салған таңғажайып суреті, бірге шерткен тағылымды шежіресі. Оны таңданбай көріп, тамсанбай түйсінуің мүмкін емес», – деп, туған жердің кереметін айтса айтқандай, ғажап келбетті. Сонымен қатар, қазағымның салт-дәстүрінің өзі қаймағы бұзылмай сақталған бірден – бір өлке.
Отан ошақ басынан басталады десек, атам атын суарған, әжем кірін жуған, ата-анам от түтетіп, шаңырақ көтерген, бала сүйіп, ұрпақ өрбіткен, бүгінде ошақтың оты өшпей отырған жер мен үшін жалыннан да ыстық Отан болып қала бермек.
Родная земля – Мангистау.
Эссе
Наверное, нет ни одного писателя, который не писал о родной земле?! Никто еще не придумывал слово, которое может передать красоту родного края. В казахском понимании нет ничего святого, чем родная земля. С самого начала своей жизни каждый человек крепко-накрепко связан со своей родной землей. Потому и говорят в народе, что родная земля и в горсти мила. Родная земля — это та, которую ты видишь первой в жизни и запоминаешь до самого горизонта — улицу, лес, поле, реку. Много разных пейзажей увидит еще в жизни человек. Но этот, первый и самый главный, он не забудет никогда. Родной край всегда манит к себе, тянет вернуться на те дорожки, по которым бегал с ребятами. Мы разъезжаемся по миру, путешествуем, знакомимся с новыми людьми, но в сердце всегда живет один-единственный уголок тепла и уюта, где чувствуешь себя не просто как дома, а действительно там, в своем родном краю. Для человека нет ничего ближе и дороже родного края — места, которое взрастило тебя, как маленький колосок, и выпустило в дальнюю дорогу к вершинам жизненного пути.
Мангистауская область - один из самых новых осваиваемых районов страны. Каждый камешек таит в себе историю народов, когда-то населявших Мангистау. Земля Мангистау таит в себе историю прошлого. Подземные мечети, вырубленные в скальных отвесах - достопримечательность края. А горы Каратау, Шеркала…они высоки. С давних времен принять Мангистау, называть краем 362 святых. Дело в том, что 360 учеников Ходжа Ахмета Яссауи - Шопан-ата, Шакпак-ата, Кошкар-ата, Масат-ата, Султан-ата, Кенты-баба и др. были отправлены сюда распространять учение об исламе. В свое время здесь были погребены они и их учитель Бекет-ата. Подземная мечеть сегодня служит местом массового паломничества. Кто по - настоящему желал узнать край Мангистау, тот обязательно бывал в великолепных горных каньонах, которые венчает красавица - Шеркала. А также, Мангистау упоминают с эпитетом «полуостров сокровищ» - за богатство недр нефтью, газом, строительными материалами, разными рудами и другими видами полезных ископаемых.
Кроме этого, Мангистау является местом, где родились исторические личности, известные люди. Одним из таких людей является великий писатель - Абиш Кекилбаев. Он такими задушевными строками выразил глубокое сыновнее чувство любви к своей земле, которая взрастила его, вывела в люди, научила любить жизнь, труд, природу, песню, язык…
Я почувствовала всем сердцем, всей душой прекрасный и светлый мир моего детства и моих уже взрослых снов. Все это – моя страна, мое отечество, потому что здесь жили отцы наши и прадеды, это моя родина, потому что я здесь родилась; это моя мать, она вскормила меня своим хлебом, выучила своему языку, как мать, защищает и бережет меня. Таков светлый и прекрасный мой мир и он окрыляет меня, наполняет чувством благоговейного восхищения, радостного восторга.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген