Қарағанды
техникалық-құрылыс колледжі.
Эссе
"Ұлы
Отан соғысы тарихындағы Менің отбасымның
тарихы"
Орындаған:
9-АР18 тобының студенті
Ишина
Ева
Елімнің
бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі
өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі
толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан
өткізген жан түршігерлік өмірін естен
шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер
ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын.
Өйткені сол кезеңді менің атам басынан
өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы
айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме
біреу мұздай су құйып жібергендей күй
кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол
бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама
адамның өмірін алды, қаншасының өміріне
балта шапты, қаншасын зар жылатты.
Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп,
өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге
аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін?
Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі
үшін, біздер үшін.
Қазақстандықтар
ешқашан елге сіңірген және әлемді
фашизмнен құтқарып қалған аға ұрпақтың
ерлігін ұмытпайды. Сол сұрапыл жылдары
жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың
біртұтас отбасын құрған барлық
халық-ағайындар Бірыңғай Отанды қорғау
үшін иыққа тіреліп, ерлік пен жанкешті
еңбек етті.
1941
жылдың 22 маусымында фашистік Германия
біздің елге шабуыл жасады. Біздің
Отанымызға өлім қаупі төнді. Жау қатал
және күшті болды. Еліміз
бірыңғай әскери лагерге айналды. Мыңдаған
адамдар ерікті түрде қызыл әскерге,
партизан отрядтарына, халық жасағына
кетті.
Соғыс
бірде-бір отбасын айналып өтпеді, әр ел
азаматы
майданға аттанды
және майданға
кеткендердің
көпшілігі қайтпады. Менің отбасымның
өмірінде де
соғыс
өз ізін қалдырды.
Менің
атам, Иванов Яков Иванович және оның
немере
ағасы
Иван Степанович туралы айтқым келеді.
Менің атам Иванов Яков Иванович 1928 жылы
3 тамызда Воронеж қаласының маңындағы
Медовка
ауылында дүниеге келген. Атам
колхозда ағаш ұсталарының бригадирі
болып жұмыс істеді.
1933
жылы ата-бабаларымыздың
көпшілігі
аштықтан қайтыс болады,
тек үлкен атамыз бен
немере атамыз аман
қалыпты. Атам балалар үйінде тәрбиеленеді.
1941 жылы балалар үйі шығысқа көшіріліп,
ол Қостанайға колхозға түсіп, сол
уақыттан бастап сол жерде жұмыс істейді.
1944 жылы ФЗО-ға шақыру бойынша жер асты
электровоз машинисіне ГорПромМуч-қа
жұмысқа кіреді. Ескі
қала ауданындағы №2 шахтада жұмыс
істеді. Шахтаны жабу кезінде №31 БИС
шахтасына ауысып, бутопереносшы
ретінде
комбайнердің көмекшісі болып жұмыс
істейді.
Ал
оның немере
ағасы
Иванов Степан Иванович 1939 жылы әскерге
шақырылады.
Ол
кісі
Воронеж қаласының маңында
майданда
қаза болғаны белгілі. Воронеж
түбінде неміс
сарбаздарымен оқ атысып,
жанталас ұрыс үстінде
неміс бензовозы жанып,
немере атам осы жарылыста қаза табады.
Ол
кісінің қабірі қайда екені белгісіз.
Бауырлас қабірде жерленген деген ақпарат
қана бар.
Атам
соғыс кезіндегі ерлігі үшін «Қаһармандығы
үшін» орденімен марапатталған. Атамның
орден, медалдары өте көп. Барлығы да
Отанды қорғаудағы ерлігі үшін. Атам
сұрапыл соғыста талай жауынгерлерінің
өмірін аман сақтап қалған. Ешқашан
майдангерлерін жау қолында қалдырмаған.
Соңғы демі қалғанша айқасқан.Мен атамызды
мақтан тұтамын,есімде, олардың қазір
бізбен бірге болмағаны өте өкінішті.
Міне, менің отбасымның Ұлы Отан соғысының
тарихымен байланысты тарихы.
Соғыс-бұл
барлық замандағы ең ауыр және қорқынышты
сынақ, бірақ ең қорқынышты соғыс, Ұлы
Отан соғысы болды. Үлкен буын өз иығына
көп болды. Мен біздің ұрпағымыз немесе
бізден кейін өмір сүретіндер осындай
сынақты бастан кешкенін қаламаймын.
Маған
неге мақтанбасқа. Қазір тәуелсіздігімізді
алып, егемендікке қол жеткізген шағымызда
санаулы
-ақ
қалған ардагерлерімізді құрметтеп,
алақанға салып жүрсек те, артық емес.
Тәуелсіздігімізге қол жеткізуімізге
бірден – бір үлес қосқан, осы ардагерлеріміз.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Атамның жеңісі – бұл барлық қазақ деп
жүрегі соғатын ұлттың жеңісі, менің
жеңісім! Ардагерлерімізді ардақтайық,
халайық! Биыл Ұлы Жеңістің
75 жылдығы.
Соғыс жылдары еліміз үшін ең ауыр әрі
естен кетпес қиын жылдар болды және біз
сол күндерді ұмытуға құқымыз жоқ.
«Соғыстың
қасіреті ешқашан ұмытылмайды. Біз
көргенді кейінгі ұрпақ көрмесін деймін.
Тәуелсіз ел атандық. Шүкір, бейбіт
заманда өмір сүріп жатырмыз. Бақытымыз
ұзағынан болғай деп тілейік» деген
атамның сөзі мәңгі есімде қалды. Мен
атамды мақтан тұтамын. Оның ерлігі
кейінгі ұрпаққа үлгі. Жылдар жылжып,
уақыт сырғыған сайын біздің ардагерлерге
деген құрметіміз арта түсетіні анық.
Бұл ерлік мәнін жоғалтпайтын өшпес
даңқ. Олай болса, Жеңістің тағылымын
жан-жақты насихаттауымыз керек.