400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Эссе Ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз мамандығы туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған

гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Такенова Айнур Есеновна педагог- зерттеуші

Э с с е

Ұстаз - ұлылықтың , адалдықтың символы

Ұстаздық –ол һәм киелі мамандық,

Аңсайтыны- адамдық пен адалдық!

Бала бойына ата-анамен қатар ақыл-ой,адамгершілік,әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші –мұғалім.

Мұғалім –мамандық, ұстаздық- қасиет.Ұстаз болу –адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.

Бәріміздің өмірімізде өшпестей із қалдырып,санамызды сәулелендіріп,ойымыз-

ды озық ететін ұстаз атты қастерлі де қасиетті тұлғаның ерекше еңбегі, қажыр- қайраты қандай құрметке болса да лайық.Адамдық диқаншысы адам бойына адамдықтың, адалдықтың дәнін сеуіп,соның өмірде дұрыс жолды таңдап, жақсы азамат болуына сүбелі үлесін қосады.

Ұстаз диқан сияқты.Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтқанда,өмір сүруге тәрбиелейді.

Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбайтын,шәкіртінің жанарына нұр, санасына ақыл қосып,өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткіз-сем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп Абай ғұлама айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екенін бәріміз мойындаймыз.

Менің осы мұғалімдікті таңдауымның мәнісі тереңде жатыр. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді»,-деп Мәлік Ғабдуллин айтқандай, өзімді оқытқан мұғалімдердің балаға деген ерекше ықыласы мен қамқорлығы, сүйіспеншілігі зор болды дей аламын,өйткені олардың әрқайсысы біздің жүрегіміздің төрінен сыйлы орын алған ұстаздар.

Соның ішінде алғаш қалам ұстатып, әліппені оқытқан алғашқы ұстазым – Қожахметова Ғалия апай мен жоғарғы сыныптардағы жетекшім Тауирбаева Мағрипа апайдың орны ерекше деп айта аламын.Анамның орны да өте ерекше.

Қазірде қызығы мен қиындығы қатар жүретін мәртебелі мамандықтың иесі болғаныма 35 жылдан асып барады. Осы уақыт аралығында өзім оқыған, балалығымның куәсі болған алтын ұя –Қарақобда мектебінде мұғалім болып, өзімді оқытқан ұстаздар мен кейінгі толқын әріптестеріммен бірлесе мұғалімдіктің қыр-сырын үйреніп, тәжірибе жинағанымды үлкен мәртебе санаймын. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында отыз жыл жұмыс жасап келемін.Өзім де талай шәкірттің балалық бал дәуренінің қызық пен қуанышқа толы болуына, білім көкжиегін кеңейтіп,саналы азамат болуына қатысып, олардың да, ата-ананың да, әріптестердің де алғысы мен құрметіне бөленіп жүргенім қуантады.

Осы жолда ата-аналармен, әріптестеріммен бірлесе алдыма келген әр шәкірт-тің білімге деген құштарлығын арттыра, шығармашылықты шыңдай жүріп, еселі еңбектің толағай табысы мен көңіл қуантарлық нәтижесін көріп келемін. Бұның бәрі де зор ізденіс пен үздіксіз еңбектің бал дәмі екенін білемін.

Қазіргі жаһандану дәуірінде мұғалімге жүктелер міндет те оңай емес екені белгілі. Ол міндет - жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу, білімге ұмтылдыру,өмір сүруге дайындау.Еліміздің ертеңі - алдымызда отырған жас буын.Сол жас ұрпақты шығармашыл, ізденгіш,сыни ойлауға, оқығанын өмірде пайдалана алуға, қалай оқу керектігін жете түсіне білуге үйретуде мұғалімдер қауымына талмай ізденудің,тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренудің керектігі айтпаса да түсінікті.Ұлттық құндылықтарды меңгертуіміз қажет ақ.

Ендеше, өмірде бала бақытын еселей түсетін ардақты мұғалімдік мамандығы менің мерейлі мақтанышым болып қала бермек. Жаңа қарқынмен, тамаша ой-пікір, тың көзқараспен алға ұмтылған барлық мұғалімдерге толағай табыс, шығармашылық еңбек тілеймін. Болашағымыз жарқын ,кемел болсын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.05.2026
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі