400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Эссе Ұстаз 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздардық маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Эссе

Ұстаз – білім шырағы

Ұстаз – білім шырағы.Ұстаз туралы ойлансам,көз алдыма ашық мінезді,асыл ана,жүзі нұрлы ұстаз бейнесі елестеп,мені терең ойландырып,қызықты естеліктерге толы күндерге алып барады.Әр ұстаз – әр шәкірт үшін адамгершіліктің ең биік нүктесі.Ұстаздың ыстық сөздері мен тәлімі – оны қабыл алған үлкен жүрекке жылу сеуіп,нұрды жүрекке судай құятын қуаттың,өмірдің қайнар көзі.Біздің өміріміздегі ешқашан сөнбейтін шырақ.Ұстаз – өзінің бар күшін,бар жігерін,өмірін бала тәрбиесіне жұмсаған кісі.Ұстаз болу – мамандықтардың ішіндегі қасиеттісі.

Ұстаз деген кім?Ұстаз – өз шәкірттерін білім нәрімен сусындататын,білімсіздіктен шөлдеген адамдардың сусынын қандыратын адам.Ұстаз болу – жай адамның қолынан келмейді.Себебі,бұл мамандық дәрігер сынды,адамның болашағына жауапты адам.Адам өмірінде кез-келген қиындыққа жолығуы мүмкін,сол кезде өз тәжірибесімен бөліскен адамды еске алып,оның өмірінде үлкен із қалдырғанын түсінеді.Ата-анамыз да бізге тәрбиесін беруден талмайды.Бірақ ұстаз – ата-анамыздан кейінгі ақылымен бөлісер,ар-ұятты бойға сіңірер бірден-бір адам.Ұстаз бізге жеке адам,тұлға ретінде қарайды, ата-ана нәресте ретінде қарайды.

Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса,ол алғашқы ұстаз.Бастауыш сыныпта оқыған әліппе,бүгін «әдебиет» болды.Осы үлкен есікке барар жолды ұстазым – Құлтаева Салтанат апаймен бастадым.Ол кісі сынып жұмысынан бөлек тапсырмалар беріп,шығармашылығымызды шыңдатады.

Әр оқушының пәнді жақсы білуі – сол пәнді беретін мұғалімге байланысты.Егер мұғалім мен оқушы арасында түсініспеушілік болса,баланың ол пәнге деген сүйіспеншілігі,қызығушылығы артпайды.

Қазақстанның дамуы ұстаздарға да байланысты.Себебі,баланың өзі болашағымыз.Сол болашаққа ұстаз тәрбие береді.

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан»деп Абай хәкім айтпақшы,әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса,оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын ұмытпағайсыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.05.2021
1542
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі