Эссе: «Ұстаз - ұлы есім»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе: «Ұстаз - ұлы есім»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе: «Ұстаз - ұлы есім»

Мен үшін ұстаз деген ұғым мұғалім деген сөзден ерекшеленіп тұратын сияқты.Адам өмірге шыр етіп келіп,есейіп мектеп табалдырығын аттаған соң алдына мақсат қояды,әр баланың балалық арман қиялы болады екен.Сол балалық арман қиял мақсатымның бірі мамандық таңдауға келгенде мені қатты адастырды.Мектеп бітірген соң Семей каласының музыка училищесіне келіп оқуға тапсырып түсіп кеттім,ондағы арманым әнші атақты актриса болу еді.Алайда менің арманым мені алдаған еді,диплом алған соң бұл мамандықтан өз еркіммен бас тарттым,себебі дұрыс мамандық таңдамағанымды түсіндім.Бұл мамандық бойынша дипломды жауып қойып,каладағы балабақшалардың біріне бала күтуші,яғни тәрбиеші көмекшісі болып жұмысқа орналастым.Міне сол кезден бастап мен негізгі арман мақсатымды таптым десемде болады.Осы сәттен бастап менің өмірдегі бақытым –жүрегімнің қалауы тәрбиеші болу екенін түсіндім.Тәрбиеші болу –жәй ғана мамандық емес,ол біздің өмірімізге үлкен бағдар жасаушы тұлға.Алғашқы сәбилердің сыңғырлаған күлкісі мен балдай тәтті сөздері, мөлдіреген көздері бәрі –бәрі менің бала күнгі қиялымдағы акриса болу арманымды талқандап,тәрбиеші болуға жетеледі.Міне осылай мен Семей қаласындағы педогогика колледжіне келіп «Мектепке дейінгі білім беру мамандығы» бойынша оқуға қабылдандым.Сол кезден бастап,менің алдыма қойған мақсатым жас ұрпақты заман талабына сай,көздің қуанышы емес,көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу- басты міндетім деп білемін. Ұстаз дегенде тебіреніп толғанбайтын жан жоқ шыгар.Небір атақты ғалымдардың ұстаз жайында айтылған дана сөздері,ақындардың шығарған өлеңдері бәрі –бәрі ұстаздың ерекше бір қасиеті барының дәлелі. Менің ойыма осы бір бала күнімен санамда жатталып,әр мереке сайын ұстазымызды мақтан тұтып,шырқап айтатын осы бір өлең жолдары орала берді.

Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым барсенің қасиетің.

Білім берген, ой берген, ақыл берген,

Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең,- демекші, ұстаз бейнесі қашанда көз алдында , қиялымызға қанат бітіріп, арманға жетелейді. Әрдайым да ұстазды сыйлай білу керек. Өйткені барлық адам баласы ұстаздың алдынан өтіп білім мен тәрбие алады. Біз үшін ұстаз бәрінен де қымбат, өйткені ұстаз – мектептің жүрегі. Ұстаз барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді, абзал жандар. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей - дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.Осындай құрметке ие болу үшін,менде ұстаздық жолымдағы кедергілерге төтеп беріп,педогог К.Д.Ушинскийдің «егер педогогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе,оны жан-жақты білуі керек»,-деген сөзін жадыма сақтай отырып,білімімді тереңдетіп ізденуді мақсат еттім.

Менің алдыма қойған мақсатым,яғни педогогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана қоймай,сонымен қатар кең пейілді,ақылды,жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. 

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Ұстаз кім?

Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары десе артық айтпаған болар едік.

Менің мамандығым – тәрбиеші,яғни менде ұстазбын. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықтың қыр сырын толық меңгеру үшін мен үнемі ізденісте боламын.Кішкентай сәбилердің өмірге деген құлшынысын көргенде менің шабытым артып,тағы бір арман пайда болады.Болашақ үздік шәкірттерді қалай қалыптастырамын,отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса аламын ба?-деген сұрақтар мазалап,жаңа жоспарлар құруға жол ашамын.Мұндағы басты мақсатым баланың бойында имандылық,көркем қасиеттерді сіңіру.

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу ұстаздың ең басты міндеті деп ойлаймын.
         Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Балабақшаға кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, тәрбиеленушілерімнің тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр.

Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлетіп шешен қылып тәрбиелеу үшін ұстазға қажымас қайрат пен батырлық қажет.

Балабақша — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әрбір үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына ұстаздардың еншісінде.
         Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

         Осы төрт қасиет әрбір ұстаздың бойынан табылуы хақ. Себебі ұстаз қай кезде болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу.

Осы орайда менің ойыма әлемге аты белгілі қылышынан қан тамған ,патша, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі Александр Македонскийдің мына сөздері еріксіз ойыма орала берді: "Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал ұстазымнан өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым"-деген екен. Иә, расын да солай секілді.Бізді мектеп бітіргенше тәрбиелеп адам қылатын да, жоғары оқу орнын бітіртіп шебер маман қылатын да осы ұстаз екенін ұмытпауымыз керек.

Ойымды қорытындылай келе қырық бес жыл хан сарайнда шалқып өмір сүрген патша болсақ та , әкім болсақ та , тілімізден бал тамған ақын болсақ та, қырық бес минутта білім мен тәрбие дәруменін бойымызға дарыта білген ұстазға қарыздар екенімізді ұмытпайық. Ұстаз ұлы тұлға,біз оның алдында әрдайым шәкірт болып қала бермекпіз!!!
        

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі