Материалдар / Эссе "Ұстаз - ұлы тұлға"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе "Ұстаз - ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе мазмұны ұлағатты ұстаздар туралы. Жалпы автордың бұл мамандықты неліктен таңдап, ұстаз болуы туралы жеке ойы. Эссе мектеп оқушылары, жас мамандарға көмегін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Тамыз 2020
11083
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұстаз – ұлы тұлға


Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.


Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір ұстазға қарыздар емес пе? Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі ұлы еңбек екенін ешқашан ұмытпауымыз тиіс.

Өмірге келген әрбір адам болашақтағы мамандығы туралы ойлайды. Бала жастан-ақ біз болашағымызды, болашақта кім болатынымыз туралы ойлаймыз. Қазіргі уақытта балалық шағыма көз жүгіртсем өз мамандығымды бесінші сыныпта оқығанымда таңдаппын. «Болашақта кім боласың?» деген шығарма жазғанымызда мен мұғалім боламын деп жазғаным әлі есімде. Өйткені, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек жан ол ұстаз деп бекер айтылмаған. Сондықтан мен де өз бойымда осы қасиеттердің болуын  көздеп, ұстаздық жолын таңдадым. Жоғарғы сыныптарда оқыған кезімде филология бөлімінде оқимын деп таңдау жасадым. Міне сол арманымды жүзеге асыру үшін 2001 жылы қазақ педагогика колледжінің, одан кейін университеттің филология бөліміне оқуға түстім.

Ұстаздарымның берген білімдерін жетік түсінуге, оны болашақта өз тәжірбиемде қолдануды асыға күттім. Міне, сол күнде жетті... 2004 жылы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі екені туралы дипломды алған кезде қуанышыма шек жоқ еді. Сол күннен бастап мен ұстаз атына ие болдым! Уақыт талабымен білім шырағын жағуды балабақша бөбектеріне арнадым. Он жыл аясында шәкіртке шуақ төгіп, жанына мейірім егіп, өз ана тілімді өзге ұлт өкілдеріне сусындатып келемін. Менің ана тілім менің мақтанышым, арыммен ұятым. Тілімнің құдіреті мен қасиетін насихаттау мен үшін үлкен мәртебе. Тілімнің кәусар бұлағын балалардың жүрегіне құю мақсатында «Қазақ тілі сабақтарында баланың тілін көркем сөз арқылы дамыту» тақырыбында жұмыс жасап келемін.

Себебі көркем сөз - эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. Көркем сөздің кадірі мен құдіретін жетік түсіндіру үшін қазақ халқының талай даналық ойлары, мақалдары мен мәтелдері, жаңылтпаштар мен жұмбақтары менің таптырмас көмекшілерім. Өз жұмысымда дәстүрлі әдістермен қатар инновациялық, шығармашылық, ойын әдістерін де үнемі қолданамын. Әр оқу іс-әрекеті қызықты, тартымды, пайдалы болуы басты мақсатым. Күнделікті сабағыма дайындалған кезде тек білімімді ғана салмай, бар жан дүниемді арнаймын. Кез келген оқу іс-әрекетінен кейін балалардың жүзіндегі күлкі, алған әсерлері, көздеріндегі жалын мен үшін – үлкен қуаныш пен қанағат! Үнемі білім беруде, алған білімдерін бекіткен кезде мен электронды «Ғажайып қазақ тілі» бағдарламасын, түрлі дидактикалық материалдарды қолданып отырамын. Соның арқасында тіл үйретуде қиындық туындау мүмкін емес. Ол шәкірттерімді қызықтырады, ойландырады, тіл байлығын молайтып толықтырады.

Бүгінгі таңда менің алдыма қойылған мақсат шәкірттерді қазақ тіліне ғана үйретіп қоймай, Отанының қадір-қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігетін тәуекелге баратын тұлға қалыптастыру.

Мен ұстазбын, мен «өз болашағымды» - болашақ дәрігерлерді, ұстаздарды, инженермен басқа да мамандарды оқытудамын. Демек, кәсіби қызметімнің белсенділігі үшін бұдан асқан мотивация жоқ деп ойлаймын.

Әр уақытта ұстаздық етуден жалықпай, заман талабына сай, заманауи ұстаз болу -біздің болашағымыздың өсіп өнуіне, дамуына бар үлесін қоса алатын, пайдалы қор көзіне айнала білу, әр ұстаздың бойына біткен дара қасиетке айналу керек. Заман талабына сай болу кей кезде болмасын қиын болып келеді, күнделікті үйренген «тәртіптен» шыққың келмейді, балалардың жаңа белестерге жетуі сенің қолыңда екенін түсінген кезде өзінен жаңа күш бойыңа келгенін сезініп, тек алға ұмтылуды қалайсың.

Менің жеңістерім - менің шәкірттеріме қашанда мотивация. Үнемі сайыстарға қатысу, өз тәжірибеммен бөлісу, жаңа білім алып жетіліп отыруға өзімді ұштаймын.

Қазіргі таңда мен шығармашыл, үнемі ізденісте болатын, білгенін таратып, білмегенін ізденуден жалықпайтын, жаңашылдыққа үйір ұстазбын деп айта аламын. Балаларға білім бере отырып, мен өзім де көп нәрсені оқып білемін. Әр оқу іс-әрекетіне дайындалу – ол білім берудің жаңа кезеңі. Жаңа стильдерді қолдану - бұл өзін-өзі жетілдіру, жаңашылдыққа қол созу. Ж.Жубер айтқандай: «Білім беру - ол өзіңнің екі есе білім алуың».

Қазір 21 ғасыр. Мен өзіме мына сұрақтарды жиі қойып отырамын. Мен заман талабымен сай келе жатырмын ба? Жаһандану дәуірінің талаптарына сай келемін бе? «Жоқ» деген жауап болмауы керек деп ойлаймын.

Мен – ұстазбын. Өз білмім мен шығармашылығыма сенімдімін, тәжірибемде алған білімімді қолдана білемін, әр оқу іс-әрекетіме шығармашылық тұрғыда дайындаламын.

Ал, ең бастысы менің басты қасиетім мен «өз болашағыма» білім беремін!!!




















































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!