400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Ұстаз - ұлы тұлға"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. Ұстаз болу- мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы»,-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріне білім нәрі мен тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ол тек оқу, жазу үйрететін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол ұшын беретін – қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз – ұлы тұлға

(Эссе)

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы»,-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттеріне білім нәрі мен тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ол тек оқу, жазу үйрететін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол ұшын беретін – қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.

Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ол жайлы айтылатын сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау адамгершіліктің белгісі.

«Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай аррдақтасаң, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» - деп халқымыздың батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, ғылымның иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып, терін төккен шопан да, ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Мұғалімнен өнеге, білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт ұстазымен мақтанады.

Ұстаз – ұлағатты ұлы есім.

«Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішіні, киген киімімен де шәкіртіне жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген Мәлік Ғабдуллиннің сөзінен көп нәрсе аңғаруға болады. Қазіргі заман мұғалімнің мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол – көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе.

Егер мұғалім білімді де білікті болса, ол мәртебелі де болады. Оның мәртебелі болуына тек білім мен біліктілік қана емес, мінезі мен ел ішіндегі қадір-қасиет те себепші болмақ. Ұстаздың сыншысы – алдындағы балалар. Біздің алдымыздағы жас буын өсіп келе жатқан жас шыбық сияқты. Жас шыбықтың түзу өсуіне жауап беретін бағбаны – мұғалім.

Шәкірттерім – еңбегімнің жемісі,

Шәкірттермен айқындалар игі ісім.

Шәкірттерім озып келсе бәйгеден,

Ол да менің рухани жеңісім!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1978
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі