400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Эссе "Ұстаз -ұлылықтың ,адалдықтың символы "

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы" тақырыбындағы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Сагандыкова Жанар Айтбаевна

Эссе

Ұстаз-ұлылықтың, адалдықтың символы


Ұстаз... осы сөзді естігенде-ақ бойымызды тіктеп, жинақтала қоятынымызды байқаймыз ба екен?! Өз басым солай.... Мен үшін ұстаз, мұғалім қарапайым адамдар сияқты емес, олар тұла бойы

 тұнған  өнеге,  ақ  тілеулі  ана  тәрізді  барлық  адам­ның бойы-нан  жақсылық  іздейтін  ізгі ниет  иесі, ең адал , білімді, бала жанын түсіне білетін, әділетсіздікке бармайтын , жан-жақты бес-аспап маман иесі деп түсінемін. Алайда мектеп қабырғасында жүргенде, есейе келе мұғалімнің де қарапайым пенде екенін , оның ішінде де аласы да, құласы да бар екенін көріп, көңілім талай құлазыған. Бірақ қашанда ұстаз мамандығының жауапкершілігін, басқа мамандықтармен салыстырғанда оның шоқтығы биік тұратынын біліп өстім. Анам еңбек жолында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып , кейін баспа корректоры қызметін атқарған. Үйдегі ұстазым болды десем қателеспеймін, күнделікті өмірде фразеологизмдер мен нақыл сөздерді қолданып сөйлейтін, тіпті кейіс білдіргенде де мақалдай жөнелетін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығымды оятқан да - анам, бірақ мұғалім болу туралы тіпті ойламаппын, өзімді бұл мамандыққа лайық санамадым-ау деймін. Археолог, шаштараз, стилист, суретші деп әр мамандықтың басын шатып жүргенде, өмір мені өзі жетектеп мектепке алып келді. Содан бері 30 жыл 30 күндей өте шығыпты. Ұстаздықты өзім таңдап келмесем де, қазір өмірімнің мектеппен, бала тәрбиесімен байланысты болғанына қуанамын, Жаратқанға алғыс айтамын.

Жақсы ұстаз туа болмайды, жүре болады” дегендей, осы

отыз жылда мен шәкірт тәрбиелесем, кәсібім мені тәрбиеледі дей аламын. Әрбір сөзім мен ісіме есеп беріп, мұғалім атына кір келтірмеуге тырыстым. “Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан,”- деп Абай атамыз айтқандай оқушыларымның ертеңгі күні қоғамды өркендетуге қарымы жететін азамат, терең ойлап, дұрыс іс - әрекет ететін, барлық жанға сүйіспеншілікпен қарайтын рухани бай тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қосып келемін. Мені осы қызығы мен шыжығы мол мамандық ешқашан жалықтырған емес, жасөспірім жеткіншек ұрпақпен бірге жасарып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге, заман талабына сай ақпараттық технологияны игеруге жігерімді, күш - қуатымды жұмсаудамын.

Мұғалім бойында сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау сияқты игі қасиеттер тоғыса келе, мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біздің еңбегіміз өз мәресіне жетіп, шәкірттерімізге де осы қасиеттерді сіңіре аламыз!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.09.2024
362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі