жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Ұстаз ғұмыр"
Ұстаз ғұмыр
Астана қаласы
№38 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нұрпейісова Ләззат Жақыпқызы
Қоңырау үні алыстан анық естіледі. Балалардың сыңғырлаған нәзік үні күлкісі бейне бір өзіңді де сонау сағым қуған бал балалығына жетелейтін тәрізді. Бал татыған тәтті тілді періштелер, сіздердің аппақ іңкәр жүректеріңізге алған өмірдің сырымен қоса, жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараның айырмасын айыра білуді, әрі жеке тұлға боп қалыптасуларыңызға барынша ықпал ету үшін қаншама ізденіс, әрі үлкен еңбек қажет...
Сарғайған алтын түстес жапырақтар бір-бірлеп үзіліп түсіп жатыр....Қоңыр самал жел де тыныш таппай кейде жаңбырмен бірге еркелей өн бойыңды шарпып өтеді, кейде тіпті толқынды шаштарыңды әрі-бері желпінте ерекше тылсым күйге түсіреді. Иә, табиғат та адам секілді үнемі өзгеріс үстінде. Қалықтап ұшқан құстан бастап, қыбырлаған жәндікке дейін тіршіліктің қамы үшін тыным таппай еңбек етеді. Оларды өмірге бейімдейтін үйретуші, бағыт беруші ұстаздары да болатыны анық.
Міне, менің алдымда қағаз бетіндей тап-таза, пәк жүректі шәкірттерім отыр. Олардың әрқайсысы да әр түрлі, олардың өмір жолдары да әр түрлі.. Әр баланың от ойнаған көздеріне, жайнаң қаққан жүздеріне, қимыл-қозғалысына баға бересің. Тек қателесіп кетпесең болғаны... Қателессең қайтесің. Әр баланың бойындағы бар қабілетін аша алмасаң, оның ұнатар ісінен гөрі басқа жолға бағыттасаң, әлде пендешілікке салынып біреуін жақын тартып, біреуін алшақтатсаң қайтесің... Жооқ жоқ ұстаз адам қателеспеу керек! Кім білген....
Жан-жағына жалтақтай қарап, беруі бері бұрылса көшіріп алатын жағдай қашан туады деп отырған Азаматқа көзім түсіп кетті. Азамат, Азамат атыңа лайық адам болар ма екенсің... көзінде нұрдан гөрі қорқыныш басым, құлшыныстан гөрі қорқақтық байқалады. Ал анау тымпиып қана жазуын жазып отырған Мәди ше... Оның жасы басқаларынан екі жасқа кіші. Бірақ алғырлығы, өлеңді мәнерлеп оқуы, сабақ айтқанды жұртты аузына қарататын шешендігі бәрімізді қуантады. Бәрі қазір шығарма жазу үстінде. Шығарма тақырыбы «Менің болашақ мамандығым». Оқушыларыма қарап отырып, менің қиялым алысқа самғап кетті....
Жиырма жыл уақыт өтіпті. Әдеттегідей мектепке келе жатырмын. Кеше сағат қоюды ұмытып кетіппін. Өмірі кешігіп көрмеген бүгін кешігіп қалсам ұят болады- ау деген ой маза бермейді. Мектепке кірген бойда құшақ-құшақ гүлдер ұсынған қаумалаған қалың топтың арасына қалай қалып қойғанымды білмей қалыппын. Менің оқушыларым, иә, менің шәкірттерім... Өзгерген, салиқалы азамат, әдемі қыз боп бой түзеген. Мәди, Дарын, Айнұр, Мадина, Данияр тұр, олардың артында Аман мен Айжан тұр. Ол екеуі отбасын құрыпты.
Апай, сізді 25 жылдық ұстаздық қызметіңізбен құттықтаймыз! Біз сізді ешқашан ұмытқан емеспіз! Сіз бәріміз де ризамыз! Біз сізді жақсы көреміз! Сіз есіңізде ма, әдебиет сабағында поэзия дәптерін бастатушы едіңіз ғой. Соның маған көп көмегі тиді. Білесіз бе, мен журналистиканы бітірдім. Айдана режиссерлікті бітіріп, қазір теледидарға бағдарлама дайындап жүр. Дәурен бізде хируг, Айнұр – биотехнология маманы. Қалғандары өздері айтсын,-деді Дарын
Бәрі жамырасып айтып жатыр. Абылай бір кезде: Апай, мынау біздің сыйлығымыз-деп сырты қызыл қалыңдау мұқабалы кітапты ұсынды. Оқушыларымның бұл сыйлығына таң қалдым. Қуанғанымнан жылап жібердім. Әрине, бұл қуаныш жасы болатын. Не деген керемет сезім! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бейне аспанда қалықтап ұшып жүрген құс секілдісің... Ал маған берілген сыйлық бір кездері жазған өлеңдерім топтастырылып жинақ етіп басылған әдемі қызыл кітап. Менің өлеңдерім, олар қайдан алған...
Алғаш бетін ашқанда Өлең, өлең, бұл құдірет не деген
Сыр ұқтырған бейне әлемді тереңнен.
Жазылады жыр, дастан да, толғау да,
Сезім, ой да, махаббат та өлеңмен.
Жырлайды жүрек тебіренте көңілді,
Самғатады болашаққа өзіңді.
Жыр жолдары тізбектеле моншақтай
Аңсатады бал дәуренді кезіңді,- деген жолдарды оқи бастаған көз алдым бұлдырап кетті...
Көзімді ашсам, айналамды гүлмен толтырып тастапты. Өзімнің қайда жатқанымды білмеймін. Аурухана терезесіне ұқсай ма қалай, әлде мен түс көрген шығармын. Оқушыларымның арасында тұрған сияқты едім ғой. Маған не болды?... Соңғы кезде расында жүрегімнің қысылып жүргені бар еді. Мейлі түс болса да, керемет түс болды. Қасымда қызыл кітап жатыр. «Арман кездер» Ләззат Нұрпейісова. Ия менің кітабым, оқушыларымның сыйлығы. Түс болмағаны ғой сонда. Балалар қайда ? Бала деймін-ау қазір олар отызды алқымдаған қыз-жігіттер ғой.
Есік қағылды. Көзілдірігі бар, ұзын бойлы жас жігіт кіріп келіп: Апай, қалайсыз? Өзіңізді жақсы сезінесіз бе? Бәрімізді қатты қорқыттыңыз ғой. Менде кеше күрделі операция болып мектепке бара алмадым. Тағдыр бізді сізбен осы жерде жолықтырды ғой. Танымадыңыз ба? Мен Дәулетпін ғой. Сізге рақмет апайым!- деп күлімсіреді жас жігіт. Дәулеттің досы Азамат болатын. Азамат қайда деп едім. – Ол қазір мықты кәсіпкер апай, өзінің бірнеше дүкені бар. Ертең келіп қалар, қазір ғана хабарласты демесі бар ма...
Менің тәтті қиялымды қоңырау үні бұзып жіберді. – Апай, үйден аяқтап келеміз ба?-деді Азамат.
Кез келген әңгімені қазақ тілінің құдіреттілігіне әкеліп, одан қалды өлең оқуға поэзияның сырлы әлеміне оқушыларымның қанаттануын қалап тұрамын. Айна алдында өлең оқуға машықтандырып, өздерін еркін ұстауларын, көбінесе өзіммен қарсыласа пікір айтқандарын жақсы көремін, оның дәлелдеу жолдарына бағыт беремін. Менің ұстаздық ұстанымым да осы болар. Әр шәкіртім өзінің қалаған маман иесі болса екен.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген