400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Ұстаз-игілікпен естіледі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мысалы; Адамның адамшылығы ақыл,ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады.Егерде педагогикалық ұжымда талантты, өз жұмысын сүйетін педагог болса, тәрбиеленушілердің арасынан талапты және дарынды бала табылады. Жақсы педагогсыз дарынды бала жоқ. Педагог болу қазіргі қоғамда өмірде ең маңызды және мәні зор мамандық. Педагог мамандығы ерекше және ол жан- жақты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЭССЕ

«Ұстаз - игілікпен естіледі»

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады...» дейді Абай

Егерде педагогикалық ұжымда талантты, өз жұмысын сүйетін педагог болса, тәрбиеленушілердің арасынан талапты және дарынды бала табылады. Жақсы педагогсыз-дарынды бала жоқ.

Әлемде мыңдаған мамандық бар, олардың барлығы қажет және қызықты. Бірақ әр адам өзіне лайық, қабілетіне сай мамандық таңдау қажет, яғни мамандығына бейім болу керек. Пелагог болу қазіргі қоғамда өмірде ең маңызды және мәні зор мамандық. Педагог мамандығы ерекше және ол жан-жақты.

Мен - мұғаліммін, балалардың «неге» деген көп сөздеріне жауап беремін. Мен барлығын білуге міндеттімін. Менің алдымда жай ғана тапсырма емес – менің міндетім баланы әлемдегі барлық табиғатты, әуенді, поэзияны түсінуге және оны қабылдауға үйрету.  Баланы тәрбиелеу-үлкен жауапкершілік. Педагогтың алдында тек бала ғана емес, ол болашақ инженер, саясаткер, дәрігер, мұғалім...

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Педагогтың жұмысы күрделі де, қызықты да. Менің педагогикалық мамандығымның жолы бала кезімдегі арманымнан басталған. Балаға қуаныш әкелу, балабақшадағы жай бір күнін мерекеге, яғни, тосын сыйларға, ойын сауықтарға, саяхаттарға айналдыру.

Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Біздің мамандығымыз - бұл біздің өмір жолымыз. Біздің балабақша – бұл бөлек әлем, гүлденген көгал. Балабақша бізге балада бар ең нәзік – бала жан дүниесін сезінуге, аялауға, бағалауға үйретеді. Балабақша баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ерекше орын алатын сатысы. Балабақшада балаға қажетті, сетінемейтін махаббат жібі бар. Ұзақ жылдар жасағандығына қарамастан, балабақшаның әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншіліктен тұрады. Балалардың күлкісі мен мейірімі арқасында біздің балабақша жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп, жасара түсуде.

Балабақшаның жүрегі - музыка залы. Ол балалардың күлкісінен қуат алады. Педагогтардың балаға қуаныш силауға, талмай еңбек етуге деген тілегі мен талпынысы балабақшаны мейірімділік пен сүйіспеншілік аймағына айналдырды. Педагогтардың кәсіптік деңгейі - балабақшаның қаңқасы. Кәсіптік қызметімізде бізге көмектесетін бақшадағы әр тәрбиешінің шығармашылық белсенділігі, жаңалыққа құмарлығы. Жаңашылдық пен ізденімпаздық-міне біздің мекеменің басты ұстанымы осылар! Бұл тұрғыда жүйелілік пен ізденушілік үлкен орынды алады. Педагогикалық шеберлік педагогтың әдіс-тәсілдерді меңгерудегі білік-дағдыларына тікелей байланысты. Педагогикалық шеберлік - өскелең ұрпақты тәрбиелеу өнері. Біздер балаға қиындығы мен қарама - қайшылығы мол өмірді, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсінуге көмектесуіміз қажет. Тек педагог ғана бала жанының қаншалықты сезімтал, ұғымтал екендігін бағалай біледі. Біздің балаға береріміз - махаббат, сүйіспеншілік, мейірім, қамқорлық.

Ақын Фариза Оңғарсынова өлеңге қосып жырлағандай, «Үй жақсы ма, бақша ма?» деген сұраққа біздің балабақшаның әр бүлдіршіні қуана «бақша» деп жауап берер еді. Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.

Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.11.2021
573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі