15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе: Ұстаз-күннің нұрынан жаралған
«Ұстаз- күннің нұрынан жаралған»
(эссе)
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшіналтыалаштыңбаласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі»,- дегенқазақтыңкемеңгерақыны М.Жұмабаев. Демек, қайелдіңболсынөркендеуі, өркениеттідүниедеөзіндікорыналуыбілімсаласының даму бағытынатікелейбайланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңібүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жасұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегенібәрімізгемәлім.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орыналып,ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздареңбегінің жемісі. Олай дейтінім, ақын мен батырды да, алып пен дананы да ұстаздар тәрбиелейді. Ұстазқандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде–ақ белгілі болды. Адамзатөркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан. Мектептегі білім мен тәрбие оқушыларды халқымыздың бай мәдениеті негізінде тәрбиелеп, ғылым негіздерін игертіп, ой – өрісі кең, шығармашыл, іске әрқашан әзір, салауатты азамат қалыптастыруды қажет етеді.
Қайқоғамның болсынжеделжаңаруысолқоғамныңталап-тілегіне, арман-мүддесінебайланысты. Жеделжаңарунемесехалықаралықтілменайтқанда, модернизация – мемлекеттіңжаңажағдайғасай дамуы мен өркендеуінесебепшікешендііс-шаралардыңжүйесі.
Бүгінгіоқушылар – еліміздіңертеңгіболашағы. Қырандартүлегінқияғасамғатыпбаулитыныбелгілі.
Ж. Аймауытов: «Мектепбітіріпшыққансоң бала бүкіләлемге, өзгеніңжәнеөзініңөмірінебілімжүзімен, ашылғансаналыақылкөзіменқарайбілсе, міне, білімділердіңкөздейтінтүпкімақсаты – осы. Мектеп осы бағыттабаланыңкелешектежетілуінемықтынегізсалуыкерек»,- деген.
Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Ұстаз.Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.
Болашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары еңбекақы төленетін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Сапалы білім негізі – жан- жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.Сондықтан білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.Ұстаз жер бетіне жылулығын шашатын КҮН секілді.Ұлағатты ұлылықты бала жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытатын ұстазға тән қасиет: іскерлік, жаңашылдық, келешекті болжай білуге ұмтылу.
Қазіргі таңда әрбір мұғалім дана халқымыздың: «Ең жоғарғы сый – көңіл мен сыйлау, ең жоғарғы тәрбие – сөзбен тәрбиелеу, ең жоғарғы қуаныш – рухани қуаныш. Әлемде оны ештеңемен ауыстыруға болмайды»,- деген ұлы сөзін өмірлік ұстаным ету қажет тәрізді. Өйткені, мектеп – білім ордасы болса, ұстаз – оның тұлғасы, ал шәкірт – өмір жалғасы.
Қанаттанып жатқан қазағымның жарқын болашағын болжап, намыс оты шоқ болып жүрегіңе түскенде рухты сезімнің құшағында қалады екенсің. Бүгінгі таңда алтын шырақ – білімдінің қолында. Өшпейтін өмірдің өзегі іспетті ұрпақ тәрбиешісі – Ұстаз жаққан от ешқашан сөнбейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген