400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЭССЕ «Ұстаз шеберлігі педагогикалық процестің жемісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана-сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Бұл міндетті шешуде ҚР аумағында білім берудің мемлекеттік стандарттарының қайтадан жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейіне сай білім алуының талап етілуі, білім беру үдерісінің өзекті мәселесінің бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЭССЕ

«Ұстаз шеберлігі педагогикалық

процестің жемісі»


Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана-сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Бұл міндетті шешуде ҚР аумағында білім берудің мемлекеттік стандарттарының қайтадан жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейіне сай білім алуының талап етілуі, білім беру үдерісінің өзекті мәселесінің бірі. Ол үшін бүгінгі таңда оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, оқыту үдерісіндегі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша және мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптарды күшейте  отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен формаларын ұтымды ұйымдастыруды жетік меңгере білгенде ғана өз шешімін таппақ.

Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі - мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру арқылы мектеп мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сондықтан да бүгінгі мектеп мұғалімдерінің бойында шығармашылық қабілеттердің көрініс табуы, мектеп оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы екені даусыз. Осы тұрғыдан мектеп мұғалімдерінің ұстаздық қызметіндегі шығармашылық жұмыстарын зерделеу қажеттілігі туындайды деп түсіндіреді .

Жалпы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің шеберлігі өз қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі арқылы іске асырылатыны белгілі. Демек мектеп өмірімен тығыз байланысты. 

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын озық ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша екенін педагогика ғылымында тереңінен зерттелген дүние екені белгілі деп өз еңбегінде атап көрсетеді.

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жалпы баланың алғашқы күннен қолына қалам ұстатып әліппені жаттатқызатын мектеп мұғалімі. Сондықтан да  алғашқы білім алу кезеңі-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Демек, баланың қандай білім беру мекемесінен және қандай мұғалімнен білім алғанына байланысты. Ол алған білімдерінің сапалық құндылығы келешекте баланың сабақ үлгеріміне және  жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты ықпалын тигізеді.  

Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп,  қастерлеп, бағалап отырған.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Каменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді .

Ал бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі  мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге  ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз .

Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап мектеп мұғалімдері олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді. 

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндіріп қана қоймай  әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге бүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интреактивті тақтаны  тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Бүндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы  баланың ой жүйелері  толастай түсуге мүмкіндік туады. Демек, мұғалімнің техникалық құралдары арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып,  мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің  педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

Қорыта келгенде оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының  педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.










Бастауыш сынып мұғалімі

Жубаниязова Алия Муратовнаның

шығармашылық есебі


Новенький жалпы орта білім беретін мектебінде 2001 жылдан бері бастауыш сынып бойынша мұғалімдік қызметтемін. Еңбек өтілім:18 жыл.

Әдістемелік тақырыбым: «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.» Мұндағы мақсат: Өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың шығармашыл

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу.

«Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Әр бір сабағымызда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бастауыш сынып әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Мен өзімнің әр пәндерімде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қолданамын. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша түрлі тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға практикалық тапсырма беру. 
Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.

 Білім – теңіз,оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір – біріне ұқсамайтын жан – жақты өткізген сабақтары. Әдіс тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі.

Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

1. Балалар бір – біріне талап қояды.

2.Пәнге деген қызығушылықтары артады.

Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн.

Мен әр пәнімді қызықты,оқушының есінде қалатындай,пәннен жалықпайтындай етіп өткізуге тырысамын. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін сабақта пайдаланудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген танымдық құштарлығын арттырады. Мен №1 2017жылы «Тәрбие және білім» Республикалық педагогикалық журналына жарияланған 1 сыныпта «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша математика пәнінен «Санды өрнек» тақырыбына құрылған сабақ жоспарына Астана қаласы №82 «Дарын» Мамандырылған лицейінің бастауыш сынып мұғалімі өз пікірін білдірді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі