Эссе
Ұстаздық - ұлы
қызмет
Халық даналары: Балалық шағың, патшалық
тағың, - дегендей, ең бақытты кездеріміз, достарымызбен түрлі
ойындар ойнау еді. Мен бала кезімнен ұстаз болып, балаларға
тапсырма бергенді, дәптерлеріндегі есептердің шығарылу жолының
дұрыстығын тексергенді ұнататынмын. Сол бала күнгі ойыным бүгінгі
күнгі мамандығымды таңдауыма өз әсерін
тигізді. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан -
жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше мейірімділікті
қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім,
мұғалім - біріншіден, ғылым негіздерінен білім беруге тиіс,
екіншіден, саналы тәрбие беруді мойнына алған маман. Ұстаз –
баланың екінші ата - анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.
Оның мейірімге толы жүрегі талай тентекті жуасытып, небір еркені
сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп,
ержеткізеді. Өз қалауыңмен таңдаған
мамандығың бойынша жұмыс істеу үлкен бақыт деп
санаймын. Мұғалім мамандығын таңдап,
математика пәнінен сабақ беріп жүргеніме біраз жылдың жүзі болды.
Математика – ғылымдар патшасы, математика пәні сабағы – өте қызықты
сабақ. Балалар қарапайым төрт амалмен шығарылатын есептерден
бастап, күрделі тригонометриялық, логикалық тапсырмаларды шешуді
меңгереді. Берілген тапсырманы орындаудын бірнеше амалын
қарастырғанды ұнатады. Маған сабақ кезінде балалардың сұрақ
қойғандары, ізденгендері, олардың көңіл - күйлерін бақылау ұнайды.
Оқушылардың сабаққа қызыққаны өте жақсы, жақсы оқуға деген ынта
-жігерін оятады.
Қазіргі заман мұғалімі
бүгінгідей дамыған технология заманында өз білгенін балаларға
сауатты түрде үйрете алуы үшін, көп білуі тиіс. Ол үшін
біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, жоғары санатты
әріптестерінің және жаңашыл педагогтардың сабақтарына қатысып,
қосымша ғылыми әдебиеттерді көп оқуы керек. Мұғалім әрқашан өз
білімін жетілдіру үстінде болуы тиіс. Әрине, осының барлығы маңызды
болып есептеледі. Бірақ, ең бастысы баламен жұмыс істеу үшін
олармен тіл табысып, өзара сыйласымды қарым - қатынаста болу одан
да маңыздырақ санаймын. Балалардың өз - өзіне деген сенімін, күш
қуатын арттырып және мұғалім мен оқушының тұрақты, әрі сенімді
қарым – қатынасын қалыптастыра алсам, ол да бір
жетістік. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алу тиіс,-деген осы деп
ойлаймын.
Біз, мұғалімдер қазіргі
заманның талабына сай сабақтарымызда жаңа инновациялық
технологияларды көптеп қолдануымыз керек. Оқушыларға
бейнежазбаларды көрсете отырып, содан кейін оқушылар бір - біріне
үйретсе жұмысымыз соғұрлым нәтижелі болады. Себебі бүгінгі ұрпақ -
дамыған технология заманының, цифрлық дәуірдің
ұрпағы. Ілім үйреніп, одан соң оны басқаларға
үйретпеу - мол дүние жиып, оны керегіне жаратпай, көміп қойғанмен
бірдей, - деп Мұхамбет пайғамбарымыз айтқан екен. Ендеше сол
білімімізді алдымыздағы оқушыға меңгертудің түрлі жолын табу - әр
ұстаздың басты ұстанымы деп білемін.
Әр баланың ашылмаған
бейімділіктері болады. Олардың кейбір бейімділіктерін байқап,
анықтап, баланың ашылуына көмектесу - бұл мұғалімнің маңызды
міндетінің бірі. Балалардың өзіне деген сүйіспеншілігін арттыруға
баса көңіл бөлуіне назар аудартуға тырысамын. Сол арқылы сапалы
білім, саналы тәрбие алуды насихаттаудамын. Тәуелсіз Қазақ елінің
болашағы өздерін қайда болса да тәртіпті, мәдениетті ұстаулары
тиістілігін түсіндіруден әсте жалықпаймын.
Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет, - деп батыр
бабамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, осы бір ұлы қызметті
мамандық етіп таңдағаныма еш
өкінбеймін.
Ноғайбек
Бақытберген