400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

эссе "Ұстаздық қызмет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың өз қызметі жайлы ой бөлісуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кожагулова Айгуль Асылхановна

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы Жамбыл ауданы

kozhagulova.aigul_72@mail.ru



Ұстаздық – ұлы қызмет



Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады. Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермес іс.

Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті, қазағымның маңдайына сыймай кеткен нар тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек" десе, ұлы Абай "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек" деп толғаған. Міне, осы Абай мен Шәкәрімнің үндесе айтқан пікірлері ұстаз хақында айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Яғни, ұстаз - мемлекетіміздің бірінші байлығы деп саналатын халықтың, ұрпақтың санасын қалыптастырушы, мол жауапкершілік пен қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектепте ұстаздық қызмет атқарып жүрген педагог – баланың екінші ата - анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы болады. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсірді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі - өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атады.

Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі