Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет
Мұғалім ісі сырттай
қарапайым болғанмен-
тарихтағы ең ұлы істің
бірі
К.Ушинский
Адам өмірі жаңа нәрсені
үйренумен,тың дүниені меңгеруімен құнды,әрі мағыналы.Тарихта барлық
мамандықтардан бұрын ұстаз мамандығы ең алғашқы болып пайда болған
дерек бар,өйткені ұстаздық қызметін таңдаған адамның бойында
әлемнің барлық мамандығының ұшқыны кездеседі. «Ұстазы жақсының
ұстанымы жақсы» деген сөздің түп төркіні өте терең. «Ұстанымы»
дегенде адамның өмірге деген көзқарасы, дүниетанымы,белгілі бір
дәрежеде адамның бүкіл болмысы ұстаздың қолында деген мағынаны
білдіреді.Ұстаздың абыройы биік болуы – бүкіл елдің абыройының
асқақ болуының кепілі.Өркениетті елдердің барлығында ұстазға деген
құрметі өте биік дәрежеде, өйткені ұстаз бүкіл бір ұлтты тәрбиелеп
отырған басты тұлға.Қазақ халқының осы жаңа заманға ең құнды болып
есептелетін тарихынан,тілінен айырылмай,ұлттық намысын, келбетін
сақтап жетуі – Ыбырай Алтынсарин, М.Әуезов сынды нар тұлғалы, бүкіл
ұлтты тәрбиелеген ұлы ұстаздарымыздың арқасы.
Ғалым да, шахтер де бас
иетін,
Ұстазым, бар сенің
қасиетің
Білім берген, ой берген,
ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді
асыл бейнең....
Шындығында мұғалім
барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар.
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып
айтқан.Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие
әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.Мұғалім
мамандығының мәртебесі туралы қазақ зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы
«Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деп бекер
айтпаған.
Ғылым иесі ғалым да,ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен
шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – ұстаздан
білім, тәлім алған,сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы
құрметпен бас иеді.
Қиындығы да,қызығы да
жетерлік ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі
ұстаздық ету екені ақиқат.Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына
ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына
білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп,таудай азамат етіп шығару
міндеті жүктелген.Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да
ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Ұстаздан дәріс алмаған
адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар.Бұл мамандық содан да
киелі.Жан –Жак Руссоның «Ұстаз болу өз уақытыңды аямау,басқаның
бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.
Ұстаз білгенін үйретуші
ғана емес,тұла бойы тұнған өнеге,ақ тілеулі ана тәрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.
Жапония елінің
экономикасының қарқынды дамып, жаңа технология саласында әлемде ең
алдыңғы қатарлы еңселі ел болып қалыптасуына бұл елдің ұстаз
мамандығына деген ерекше зор құрметінің арқасы деп айтуға
болады.Қазір мектеп қабырғасында партада отырған өскелең ұрпақ –
ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын,білімі терең, тәрбиесі тәлімді тұлғаға
айналуына ұстаздың атқарар рөлі ерекше.Елімізде соңғы онжылдықта
ұстаз дәрежесін көтеруге, сол арқылы бүкіл мемлекеттің дәрежесін
көтеруге қарымды қадамдар жасалып жатыр.Халқымыздың бай сөздік
қорында ұстаз сөзіне синоним мұғалім сөзі де қатар қолданылады. Екі
сөз де мағынасы шамалас болғанымен, мұғалім болу көп адамның
қолынан келуі мүмкін,алайда нағыз ұстаз деген ұлы атқа лайықты болу
– «Абайша айтқанда» ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы дүрек иесі болу
дегенді білдіреді.
Заман өз ағысымен жылжып
қоғам қанша өзгерсе де ұстаз қашанда өз құндылығын жоймайтын
мамандық. «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:
әкемнен өмір алсам,ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы
білім алдым » деп әлемді аузына қаратқан патша Александр
Македонский ұстазына деген ықыласын білдірген екен. Ұстаз
...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсінген,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында
жақсы сақтайтын,ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл
иесі...,мейлінше шешен,өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл жаны
асқақ және ар- намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына
да әділ....,жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...
қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы
керек.