Материалдар / Эссе. "Үштұғырлы тіл - кәсіби жетістіктің белгісі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе. "Үштұғырлы тіл - кәсіби жетістіктің белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседе үш тілдік туралы мағлұмат алуға болады. Студенттерге, мұғалімдерге қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
320
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

IMG-20180723-WA0022.jpg

3х4


Кульмагамбетова Перизат Орынбайқызы,

Бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл орта мектебі.

Ақмола облысы

Астрахан ауданы.






«Үштұғырлы тіл – кәсіби жетістіктің белгісі »

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»

Махатма Ганди.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз тек қана үйретіп қана қоймай, өзі де заман талабына сай білім алып, өзгеріп отырғаны абзал. Ешнәрсе қиындықсыз келмейді. Біз, ұстаздар қауымы болашақ ұрпақтың білімді, жеке тұлға етіп тәрбиелеуде төзімділік пен өзгерістің қажет екенін білеміз. Сондықтан да Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс деп, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тілдердің үштұғырлы тіл» атты мәдени жобасын жүзеге асыруды қолға алуды ұсынды.

Бұлар: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.

«Тәжірибедегі рефлексия» курсын оқып келгеннен кейін менің жұмысымда да өзгерістер бола бастағанын байқадым. Себебі, бұл бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мүғалімдердің тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуіне бағытталған. Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан өзінің оқыту және оқу тәжірбиесін өзгертуге дайын болу керек. Жаңа әдіс – тәсілдерді ендіруде ұлттық құндылықтарымыз ешқашан да назардан тыс қалмауы керек. Оқытудың қай түрін алсақ та оның оқушының қажеттілігіне негізделуіне басты назар аударуымыз керек. Оны жүзеге асыру үшін әрине мұғалімнің шеберлігі қажет.

Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Себебі, тіл - тәрбие құралы. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландыру. Алтыншы қыры – дарындылығы. Жетінші қыры үздіксіз – ізденімпаздығы. Сегізінші қыры –үлгі – өнегесі, мұғалім мәдениеті деуге болады. Себебі, мұғалімнің келбеті, сырқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық, сапалық белгісі. Бұны ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген сөздері арқылы түсіндіруге болады. Барлық осы қасиеттерді мен жаңартылған оқу бағдарламасы – тренерлік курсын оқығанда бойыма сіңіре білдім, көп үйрендім, іздендім, басқа мектептермен тәжірибе алмаса отырып өзіміздің мектепте де коучинг сабақтарын өткізіп жас мамандарға дәріс бердім.

Мен – өзімді, мектеп тренері ретінде өзім де заманауи әдіс – тәсілдерден құр алақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қана қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да, үйретуім де керек. Басқаша айтқанда кез келген мұғалімнің орнына сабақ бере алатындай, мұғалімге үйрете білетіндей деңгейде дағдыларымды дамытуда әлі де ізденемін. Сондықтан мен оқыған курс жаңартудың бастамасы деп қабылдаймын. Заман ағымынан қалып қоймау үшін , көшбасшылық міндетті орындау үшін, кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігін түсіндім. Осыны ойлай келе курстан алғаным көп деп санаймын. Бүгінгі оқу – ертеңгі күннің азығы деп балаға үнемі айтушы едік, соны мен енді түсінгендеймін.

Үштілді білу – болашақ жастар үшін өте қажет деп ойлаймын. Себебі, жастарды жан – жақты, кемел, өз ісінің білгірі етіп қалыптастыру бүгінгі қоғам алдындағы ең маңызды, ең өзекті мәселелердің бірі. Осының негізінде шет тілдерін үйренуге деген талап та күшейді.

Қазіргі күнде елімізде тіл үйренуге ерекше мән беріліп, бұл үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған. Президентіміз өз жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең – кезеңмен іске асыруды ұсынды. Президентіміздің бұл жобасы заман талабына сай жасалғандығы үшін де өте маңызды. Айырмашылығы – бұрын жақын көршілес елдердің тілін үйрену кең таралған болса, қазір дамыған ұлттардың тілін үйренуге деген қызығушылық күшеюде. Қорыта айтқанда қазіргі заман жастарға білімді болумен шектелмей, өз кезегінде әлемде орын алған оқиға –құбылыстар, жаңалықтар мен өзгерістерден хабардар болуы, әлем өркениетінің үлкен интелектуалды байлығын меңгеруді талап етуде. Қазіргі балалар өте ақылды, алғыр. Олардың бұған шамасы жетеді. Біздің болашағымыз осы жастардың қолында, демек біз оқушыларға сапалы білім беріп болашаққа бағыттауымыз керек. Отанға деген махаббатарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу мақсатына өз үлесімнің де бар екендігін мақтан тұтамын!









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!