400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе.Астана-Мәңгілік елдің Елордасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе.Астана-Отанымыздың жүрегі Тәуелсіздігіміздің тірегі.Бұл Елбасы еңбегінің жанғанын, халық тілегінің қабыл болғанын білдірсе керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

39 «Асықата жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жалтырова Ляйля Кадырханқызы



Астана-Мәңгілік елдің Елордасы

(Эссе)

Астана-Отанымыздың жүрегі Тәуелсіздігіміздің тірегі.

(Нұрсұлтан Назарбаев)



Астана-менің мақтанышым, елімнің болашағы.Мен осындай сөздерді аса үлкен құрметпен, бойымызға біткен шынайы сезіммен айта аламын.Мәдениеттің ошағы,ғылым мен білімнің ордасы.Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.Жаңа Астанамыздың құрылысы-жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс.Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт –бес жылда Астанадай салынған қала тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік.

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік.Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді.Бұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі –Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала-жас қаламыз өнер, білім мен мәденеиеттің, ғылымның ордасына айналуда.

Менің ойымша, Астананың қазіргі деңгейге жеткені – тәуелсіздіктің жемісінің көрінісі.Өз ой-пікірімді білдіре отырып, Астана тәуелсіздіктің жемісі екендігін дәлелдегім келеді.Қазіргі таңда Астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр.Астананың әлемдік аренаға шығуына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі зор.Себебі, Елбасының қолдауымен Астанада халықаралық маңызы бар алуан түрлі іс-шаралар өтті. Атап айтсам, 2010 жылы Самиттің өтуі,жетінші Қысқы Азияданың өтуі, «Діндар терроризмге қарсы» халықаралық конференцияның өтуі.ЭКСПО халықаралық көрмесінің Астана қаласында өтуі бас қаламыздың жемісінің бір көрінісі емес пе? Осындай әлемдік деңгейдегі шаралардың Астанамызда өткізілуі Астананың мәртебесін биіктете түседі.

Ойымды қорытындылай келе айтарым, елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігіміз молайып, жайнай берсін. Айтылған дәлелдер жас қала Астананың бірнеше жыл ішінде халықаралық деңгейге көтерілгенін көрсетеді.Мен өз Астанамды мақтан тұтамын.Қазақ елінің, ұлтымыздың іргетасына айналған Астана қысқа ғана уақыттың ішінде мол табыстарға жетіп, қанатын кеңге жайып келеді.Бұл Елбасы еңбегінің жанғанын, халық тілегінің қабыл болғанын білдірсе керек.

Жайнай бер,Мәңгілік елдің, Мәңгілік қаласы!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.10.2021
942
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі