400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Эссе"Егер мен президент болсам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егер мен Президент болсам...

Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Қиял, арман адам баласына қанат бітіріп, жетістіктің биік белестеріне жетелейді. Осындай асыл арманның иесі мен қазір де мектеп партасында біліммен сусындап отырған шәкіртпін. Бүгінгі алған білімім егеменді елімнің ертеңіне, болашағына өз үлесімді қосуға маған күш-жігер, бағыт беретініне сенемін. Өйткені менің мақсатым, алар асуым көп еңбекті қажет етеді.

Бүгінгі шәкірт, ертеңгі Елбасы болуды армандап, бір сәт көз алдыма өзімнің Президент болған бейнемді елестетемін. Ой құшағында отырып, «Президент болсам, не істер едім ? » деген сұраққа жауап іздегендеймін. Иә, егер халықтың қалауымен Президент болсам, ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық құндылықтарымызды сақтап, дамытуға күш салар едім. Мен ауылдың ұланымын.

Қарапайым қазақ ауылдары береке – бірліктің, қазақы тәрбиенің ошағы деп ойлаймын. Сондықтан еліміздегі ауылдардың тұрмыстық жағдайын заман талабына сай деңгейге көтеру, яғни әр үйді жылы сумен, газбен қамтамасыз етуді жолға қояр едім. Сондай-ақ, бүгінгі спорт, өнер, саясат саласындағы ел мақтаныштары кешегі ауылда өскен қазақтың қара домалақ баласы. Мен бүгінгі ауыл балаларының өз бойындағы табиғат берген дарыны мен талантын шыңдауына мүмкіндік жасар едім. Яғни ауылдық жерлерге спорт кешендерін, өнер мектептерін, дамыту орталықтарын салуды Елбасы ретінде жолдауымның басым бағыттарына енгізуді жоспарлаймын. Бұл жоспарым жүзеге асып жатса, ауыл балаларының мүмкіндігіне, жетістігіне жол ашар едім. Қалалы жердегі бала көңілін қызықтырар демалыс орындарының, әсем ғимараттардың ауылдық жерде де бой көтеруіне ықпал жасап, жұмыссыздықты болдырмаудың жолын қарастырар едім. Бұл да халықтың тұрмыстық жағдайының түзеліп, алаңсыз еліне еңбек етуіне өз септігін тигізері сөзсіз.

Бұл- менің балалық қиялым, шәкірттік арманым. Арманыма қол созып, елімнің елеулісі, халықтың қалаулысы Президент атану үшін білімді, саналы, салауатты жан-жақты дамыған азамат болу басты міндетім. Ол үшін армандай білуім керек, арманыма қол жеткізу үшін ерінбей еңбек етуім қажет.

Нұрлы жол болашаққа салып берген,

Ұлы тұлға ардақты халқы сенген

Үлгі етем Елбасының мәртебесін,

Қазақты бар әлемге таныта білген.

Мөнекей негізгі орта мектебі

2-сынып оқушысы Қалымова Диляра.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
6071
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі