Материалдар / Эссе:«Жарқын елдің болашағы жас маман».

Эссе:«Жарқын елдің болашағы жас маман».

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қосымша ақпарат ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2021
283
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Тараз сервис және технология колледжі» КМҚК

(оқу орнының атауы)










Эссе


Тақырыбы: «Жарқын елдің болашағы жас маман».





Орындаған: «Туризм» мамандығының өндірістік оқыту шебері Ералиева М.Ғ.















Жарқын елдің болашағы жас маман.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей «Жастарымыз салт - дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек», - демекші әрбір жас маман болашақ ел иесі саналады. Адамзат баласының даму тарихы тамырымен тереңге қарай бойлайды. Сонау тас дәуірінен бергі, бүгінгі күнге дейін айбыны асқар,тәуелсіз, егемен ел Қазақстанның күнінде де адамзат баласының болмысына ортақ бір қабілет, бір сезімі бар. Ол – білімге құштарлық, бір нәрсені білуді, тануды қалау сезімі.Қай заманда, қай дәуірде болмасын адам білім іздейді, әрқашан ізденіске талпынады. Дәл осы білім қуу жолында адамның арқа сүйер жаны ұстаз екені сөзсіз. Бұл мамандықтың қай кезде, қашан пайда болғаны белгісіз. Тіпті, ұстаздық әлеммен бірге жаратылғандай. Сонау Ескендір Зұлқарнайынның ұстазы болған Аристотель де, әлемнің екінші ұстазы атанған  Әль-Фарабиде, ұлы Қожа Ахмет Яссауиде ұстаз алдын көрген, ұстаздықтың алдында бас иген. Бұл мамандықтың маңыздылығы осындай ұлы тұлғалар арқылы әрленбек. Адамның бар бейнесін , мінезін, керек десең өмірлік жолын қалыптастыратын ұстаздың міндеті ауыр, әрі мол жауапкершілікті талап етеді. Дәл осы мамандықты таңдау барысында адам өмірі үшін жауапкершілік пен мойынға артылған ауыр жүкті сезінбей болмас.Себебі ұстаз болу, болашақ ұрпақтың санасын түзу қылып қалау жас маманның басты міндеті. Оны сезіне отырып еңбек етуде аса маңызды іс. Ал кез-келген ұлағатты ұстаз өз еңбек жолын жас маман ретінде бастайтыны белгілі.

Мен – жас маман. Өз мойныма ауыр іс, ұрпак тәрбиелеуді алған қадірлі мамандақтың иесі. Ұстаздың қазіргі таңдағы ойнайтын рөлі өте жоғары. Себебі, ел болашағы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі үшін толықтай жауап береді.Ата-ана, ел, тіпті, әлемнің алдында мен үлкен жауапкершілік иесімін. Елдің қарыштап дамуы да, құлдырап жоқ болуы да менің шәкірттерімнің қолында. Сондықтан, мен ұрпаққа тек білім беру емес оған қоса тәрбие де беру керектігіне баса назар аудардым. “Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,”-дейді Әль-Фараби. Әрбір ұстаз талапкердің тек біліміне емес өміріне тікелей жауапты. Сен шәкіртті үлкен өмірге қалай даярласаң ел солай кетпек. Біз ұстаз ретінде талапкердің жолын айқындайтын шамшырақ бола біліуіміз керек. Атап өткендей болашақ ұрпақтың қолында, ал ұрпақ біздің, жас мамандардың қолында. Мен өз шәкірттерімнің есінде жай ғана ұстаз емес, ұлағатты ұстаз ретінде қалғым келеді. Қарапайым өз сабағын беріп кеткен адам емес, болашақтың ұрпағын біліммен сусындатқан ұстаз болғым келеді. Сол себептен осы жолда аянбай еңбек етемін. Мен өз маманымның шебері болып шәкіріттерімдіде өз бойымдағы жақсы қасиеттерге баулығым келеді. Шәкіріттеріме үлкен жолға, алдыға деген мақсат мұратымен талпынысына бағыт бағдар беру менің міндетім.Біздің мамандығымыз менің мамандығым ол болашақтың Қазақстанның жарқын болуына мол пайдасы бар мамандық. «Туризм» жай ғана бір сөз болып естілгенімен мағынасы тереңде. Бүтіндей бір мемелекеттің түбегейлі дамып жетілуіне, заман талабына сай болуына тікелей әсер ете алатын мамандық. Бұл саланы жан – жақты дамыту біздің қолымызда. Мен – жас маман  келешектің шамшырағымын,болашақты дамытушы тұлғамын. Мен – бүгінгі жас маман, ертеңгі ұлағатты ұстазбын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ