жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эсселер жинағы.
Параллель проекциялау (эссе)
Ғ фигурасын α жызықтығына проекциялау үшін оның әрбір нүктесінен l түзуіне параллель түзулер жүргіземіз. Бұл түзулер α жызықтығымен қиылысқанда , Ғ1 фигурасы шығады. Ғ1 фигурасы Ғ фигурасының проекциясы немесе кескіні, бейнесі болады.
Мысалы, фотоаппарат, ол кез келген адам бейнесін көшіріп шығарады, сол сияқты кез келген фигураны көшіру сол фигураның бейнесі болады. Және кез келген киімнің үлгісін алу, дәптер , кітаптардың кескіні, өлшемі, екі жұп аяқ киімнің өлшемі, сәндік көрінісі және т.б. проекциялаудың түрлері.
Насыр Айгүл.
Параллель проекциялау (эссе)
Кеңістіктік фигураларды жазықтыққа бейнелеу үшін параллель проекциялау қолданылады. Мысалы: ∆АВС фигурасын α жызықтығына проекциялау үшін оның әрбір нүктесінен l түзуіне параллель түзулер жүргіземіз.
α - проекция жызықтығы, l - прекциялаушы түзу.
∆АВС ∆А1В1С1 фигурасының проекциясы. Яғни бір фигураны немесе түзуді жазықтыққа проекциялау немесе көшірмесін жасау десе де болады.Параллель проекциялау болашақта үй салуға, киім тігуге, есептер шығаруға және т.б. керек.
Алеу Нұргүл.
Параллель проекциялау (эссе)
Мен осы тақырыпты оқи отырып параллель проекциялады былай түсіндім: яғни бір дененің жерге түсірілген көлеңкесі іспеттес. Ол кейде үлкен, кейде кіші тіпті тең болуы да мүмкін және ол тігін саласында, яғни көйлек немесе аяқ – киім тігерде оның кескінін түсіріп алып сол арқылы келесі киімдер жасай береді. Және де параллель проекциялау құрылыста да, мектеп, үй саларда қолданылады.Бұл мен үшін қызықты. Дәлірек айтқанда бұл проекциялаудың барлық жерде қолданылатыны таң қаларлықтай. Мен өскенде өзім таңдайтын салада осы тақырыпты қолданатыныма сенімдімін.
Сайдулла Арайлым.
Параллель проекциялау (эссе)
Кеңістіктік фигураларды жазықтыққа кескіндеу үшін параллель проекциялау қолданылады.Мысалы: ∆АВС фигурасын α жызықтығына проекциялау үшін оның әрбір нүктесінен l түзуіне параллель түзулер жүргіземіз. α - проекция жызықтығы, l - проекциялаушы түзу.
Қасым Тимур
Параллель проекциялау (эссе)
Параллель проекциялау – бұл кеңістіктегі фигураны жазықтыққа бейнелеу үшін қолданылады. Мысалға үшбұрыш сызғышты алсақ, оның әрбір нүктесінен в түзуіне параллель түзулер жүргіземіз. Бұл түзулер жазықтықпен қиылысқанда үшбұрыштың проекциясы шығады.
Маған келешекте параллель проекциялау қажет деп ойлаймын. Өйткені параллель проекциялау фигураның көшірмесі болғандықтан, өндіріс саласында да , педагогикада, құрылыста да пайдаланылады. Дизайн – менің хоббиім. Сол үшін параллель проекциялау ең қажетті амал.
Заер Әсел
Параллель проекциялау (эссе)
Кеңістік фигураларын жазықтыққа кескіндеу үшін параллель проекциялау қолданылады. Барлық салада параллель проекциялау қолданылады. Мысалы, үй салатын болсақ та алдымен сызбасын сызып, содан соң сол кескіні бойынша үй саламыз. Аяқ киім болса да, киім болса да, машиналар жаасау керек болса да бірінші проекциялаймыз. Қарапайым мысал, адамның кескіні көлеңкесі болады. Сол сияқты қай сала болсын проекциялау керек.
Шереханова Назгүл.
Параллель проекциялау (эссе)
Мен параллель прекциялау тақырыбын оқу барысында кез-келген дененің бейнесін келесі жерге көшіру деп үйрендім. Яғни бұл қазіргі кезде өндірісте де, құрылыста да тұрмыстық жағдайда да қолданылады. Көп қабатты үйлердің әр терезенің орналасуын осы тақырып қасиеттері арқылы орналастырады. Және әр қабатты параллель проекциялау арқылы есептеп салады. Маған келешекте көп пайдасы тиер деп ойлаймын.
Әбдірейім Ғазиза.
Параллель проекциялау (эссе)
Кеңістіктік фигураларды жазықтыққа кескіндеу үшін параллель проекциялауды пайдаланады. Біз күнделікті тұрмыста параллель проекциялауға жиі ұшырасамыз. Бір қарапайым мысал келтірейін. Мысалы, күн шығып тұрғанда далада жүрсек көлеңкеміз түседі. Міне осының өзі параллель проекция. Бұдан басқа да мысалдар көп. Егер де біз архитектор болсақ параллель проекциялаудың қажеті көп. Қабырғаларды, терезелерді орнату деген секілді.
Жұбаниязова Айнұр.
Параллель проекциялау (эссе)
Мен параллель проекциялауды оқу барысында көп нәрсені ұқтым. Мен оны келешекте өзімнің жұмысыма, болмаса оқуыма қолданамын. Параллель проекциялау құрылыста өте қажет. Параллель проекциялау өндірісте өте көп қолданылады. Көп қабатты үйлерді салу үшін параллель проекциялауды білу қажет. Бір заттың көлеңкесі.
Сәрсен Гүлназым.
Параллель проекциялау (эссе)
Параллель проекциялауды кеңістіктік фигураларды жазықтыққа кескіндеу үшін пайдаланылады.Мысалы, дәптердің көлеңкесін столдың үстіне түсірейік, және кез келген а түзуін алайық. Дәптердің әрбір нүктесінен а түзуіне параллель түзулер жүргіземіз. Бұл түзулер столдың үстіне қиылысқанда дәптердің проекциясы шығады. Жазық дәптер а түзуіне параллель проекциялаудан дәптердің столдағы проекциясы болады. Менің ойымша, параллель проекциялау бір фигураның көлеңкесі немесе көшірмесі. Мен келешекте параллель проекциялауды қиялдан пайда болған тақырыптарды қызықты ету үшін пайдаланымын. Яғни сурет салу арқылы шығармашылық жұмыстарымды өрнектеймін. Өзіме киім- кешек тіктірер кезде де пайдаланамын.
Нұртас Жадыра
Параллель проекциялау (эссе)
Біздің өмірімізге параллель проекцияның қажеті көп және көп кездеседі. Адамның өз көлеңкесі, басқада барлық заттардың көлеңкесі параллель проекция болады. Мысалы, мектепті алып қарасақ оның қабырғаларының барлығы параллель проекция болып келеді.
Мұсахан Әділет
Параллель проекциялау (эссе)
Мен осы тақырыпты оқу барысында параллель проекциялау түсінігімен , параллель проекциялаудың қасиеттерімен таныстым. Және кеңістік фигураларды жазықтыққа қалай бейнелеуді үйрендім. Кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа кескіндеу үшін параллель проекциялауды қолданады. Бұл тек түзулерге, геометрияға қатысты емес, түрлі киімдердің бірдей өлшемдерін алу үшін, яғни бір макетті алып, сол бойынша өлшемдер салу. Параллель проекциялау келешекте адам баласына қажетті дүние деп ойлаймын.
Жамалхан Арайлым
Параллель проекциялау (эссе)
Мен параллель проекциялау тақырыбын оқу барысында көп нәрсені білдім. Параллель проекциялауды көп жерлерде: көп қабатты үйлерде, бір заттың көшірмесін, т.б. салу үшін қолданылады.Мен параллель проекциялауды заттың көшірмесі, көлеңкесі деп түсінемін. . Параллель проекциялау келешекте адам баласына қажетті дүние деп ойлаймын. Маған келешекте көп пайдасы тиеді.
Тоқсанбай Лейла
Параллель проекциялау (эссе)
Кеңістік фигуралары жазықтыққа кескіндеудің тәсілі фигураға алыстан қарағандағы алатын әсерімізге сай келеді.
Мысалы: Параллель проекцияны: құрылыста, аяқ киім шығаратын зауыттарды киім өнеркәсібінде қолданады, және кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа кескіндеу үшін де параллель проекциялауды пайдаланады. Жазық емес фигураларды жазықтыққы кескіндуді анықтауға жән оны көрнекі етуге мүмкіндік береді.
Нәжім Дана
Параллель проекциялау (эссе)
Мұғалім бізге параллель проекциялау тақырыбын өткенде және оны түсіндіргенде «параллель проекциялау – фотоапарат секілді; сенің бейнеңді, түр – әлпетіңді суретке дәл солай етіп түсіріп, дәл сол кездегі бейнеңді шығарып береді деген»еді. Сонымен қатар параллель проекциялау көп нәрсеге қажет. Параллель проекциялау киім үлгілеріне, аяқ киімдердің өлшемдерін бірдей етіп жасауға қажет. Менің мамандығым - дизайнер. Сол себепті бұл тақырып, яғни параллель проекциялау маған көп керек деп ойлаймын.
Кәрібай Таңшолпан.
№51 М.Қаратаев атындағы орта мектебі
Эссе:
Параллель проекциялау
Сыныбы: 10в
Пәні: Геометрия
Пән мұғалімі : Садықова Н.
Жаңақорған, 2012 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген