400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Эссе.Мен-Ұстазбын!!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға,мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен Ұстазбын!!!

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға

Абай Құнанбаев

Абай атамыз айтқандай, мен өмірімді жалықпай шәкірт тәрбиелеп, анық басып, білім нәрімен сусындатуға арнаймын.

Мен, Құдайбергенова Айнұр Сұлтанқызы ұстаздық қызметтегі еңбек жолымды Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы , Үстірт орта мектебінен бастадым. Жас маманмын!Мақсатым айқын!Ең бірінші:

-тәрбиені жолға қоямын.Себебі: «Тәрбиесіз берілген “білім”, адамзаттың хас жауы»,- деп айтқан Әл-Фараби бабамыз; Екінші:

-білім.Білім-өмірдің шырағы. Білімсіз өмірің қараңғы. Тәрбие мен білімді қатар ұштастырып «Ұстаз»деген ұлы есімге лайықты болып, шәкірт өміріне таусылмас азық беру!Тәрбиелі, білімді, ізденімпаз, ұшқыр ойлы, шәкірт тәрбиелеу қызметін адал еңбекпен жүзеге асырғым келеді.Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие мен білім әрбір жанның өмірінің азығы. Бала күнгі арманым ұстаз болу еді, біз бала күнімізде “апай” болып көп ойнаушы едік, оқушыны тақтаға шығарып, өз өзімізбен сөйлесіп, апайымыздың іс-әрекетін яғни көргенімізді қайталаушы едік.Ұстаз болуыма түрткі болған ол- өзімнің Ұстазым Еркінай Хибасқызы. Орыс тілі мұғалімі. Өте тиянақты, білімді, сөзі өткір, қатал, талап қойып орындата білетін.Бір сыныптан әр-түрлі пәндік олимпиада жүлдегерлері, үздік спортшылар, үздік сыныптар шығарды. Мен апайымды өзіме үлгі тұтамын.Әрі менде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болдым. Егер әрбір адам өз кәсібін таңдауда қателеспесе, өз еңбегінің нәтижесін көреді. Дипломымды қолға алып, мектепке келіп, алғаш сыныпқа беттеген кезде, бір қорқыныш болғаны рас!Оқушыларды қалай ынталандырам, қалай тыңдата алам, қалай түсідірем деген сұрақтарға іштей жауап беріп келемін. Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып сабақты бастап, түсіндіре жөнелдім....шын мәнінде, өз әлеміме анық келгенімді сезіндім. Жүрек қалауымен болған әрбір істің өз жемісін берері сөзсіз.

Ұстаз болу оңай емес, көп ізденісті,сабырлықты талап етеді. Қазіргі кезеңде заман талабына сай, ұстаздарға үлкен міндет артылған, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін, ұстазға білім мен қоса сабырлы мінез қажет .Әр түрлі отбасынан тәрбие алған, сан түрлі шәкірттермен кездесіп,олармен ортақ тіл табысып, білім щыңына бірге аттанамыз!Сол шыңға жету жолындағы түрлі қиыншылықты жеңуге үйретуіміз керек. Атап айтқанда: жалқаулық, еріншектік, бос уақыттарын тиімді пайдалану, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, іздену, талпыну, жаман әдеттерден арылта отырып, саналарына білім нәрін себе аламыз! Кез келген адам мұғалім мамандығын алып шығуы мүмкін, бірақ нағыз ұстаз болу үшін, үлкен еңбек пен төзім керектігін сеземін.Ұстаз тек үйретіп қана қоймайды, үнемі ізденісте жүруі керек, жаңашыл болуы керек,- деп ойлаймын!Себебі: «Білім, инемен құдық қазғандай!»-деп, мақал бекер айтылмаған. Іздеген сайын, оқыған сайын білім қорың ұлғая береді, ұлғая береді. Міне, мен енді бағбанмын, өзімнің піскен жемісімді жеу үшін, аянбай еңбек етемін! «Не ексең, соны орасың!» дейді халқымыз. Біздің еңбегіміздің жемісі –алдымызда отырған оқушыларымыз.Аллам тек күш қуат берсін!

Сөзімнің соңында: -«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта та, бар қалан!»-деген шумақтармен аяқтаймын!Шәкірттеріміз әр қайсысы бір кірпіш, осы бір кем дүниеде, кетігін тауып түзу қаланса, біз үшін үлкен мәртебе! Әрқашан еңбегіміз жанып, талапты да, талантты шәкірттеріміз көп болса екен...


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
463
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі