Материалдар / Эссе.Менің басшым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе.Менің басшым

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе басшы жайлы толық ақпарат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2018
1306
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Менің басшым........

Эссе

Басшы туралы жазу, мұғалім үшін қиындау екенін білетінмін, дей тұра білікті басшының аз жылдар ішіндегі жетістіктері бір төбе екенін біреу білсе, біреу білмейді.

«Менің басшым...» атты эссені жазбас бұрын әрине, басшы сөзіне анықтама болуы тиіс.

Басшы сөзінің түп тамырына үнілетін болсақ, «бас» сөзі адамды қол бастаушы, алға ілгері дамытушы екені айдан анық.Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші, іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады.

Бойында ерік жігері басым, білімі мен біліктілігін ұштастырып, ұжымды сүттей ұйытып,іскерлігімен дараланған , ұлағатты ұстаз менің басшым Құдабаев Қанат Есімұлы. Ол бойындағы қасиетімен басқа адамды рухтандыратын адам. Қанат Есімұлы - Ақылбай ауылы орта мектебінің басшысы,тарих пәнінің мұғалімі, үш баланың әкесі,отбасына қамқор күйеу.

Кез-келген іске бел буа кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай-ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды.

Екі мың он үшінші жылдың қыркүйек айынан бастап Ақылбай ауылы орта мектебінің басшысы ретінде қызметін атқарып келеді. Елу қызметкер мен жүзден астам оқушысы бар мектепті кемел басшы ретінде басқаруда.

Ол жайлы сөз қозғасам, сөзімнің майын тамызып айта беруге болады.

Қанат Есімұлы – сан қырлы азамат.Салауатты өмір салтын ұстанады.Бос уақытында кітап оқиды,спортпен айналысады.

Қазақ халқында ер азамат үш қағиданы жасауы тиіс.

1.Баланы өсіріп, тәрбиелеу;

2.Ағаш отырғызу;

3.Өз қолымен үй салу.

Осы қағиданы негізге алған Қанат Есімұлы ағаш отырғызып,балаларды тәрбиелеуде.Үшінші міндетіне кірісіп, үй салып жатыр.

«Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер»,-демекші екі ұлын жан-жақты, парасатты, сан қырлы азамат ретінде тәрбиелеуде.

Ол - өмірінде тәлім-тәрбие беретін тәжірибе жинайды, жинақтайды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейді. Түйгенін ой елегінен өткізіп, таразының екі басына салып саралайды, қорытындылайды. Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі - ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген - ұлттық тәрбие тағылымын дәріптейді.

Білікті басшы  оқушылары мен ұстаздарының білімі, біліктілігіне ғана емес, олардың жүріс-тұрысы мен киім-киісіне де қатаң талап қоя білген.



Мектеп  басшысы үнемі  ұстаздарына «Ұлттық тәрбие – ел болашағының  діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады. Мектеп – бұл тек білім беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар мәдени орталық, онда қоғамдық өмірі қалыптасады, сонымен бірге «Оқушылардың бойында тәрбие кеңістігінде өмірге деген құнды көзқарас қалыптастырудың»  жобасы мектептен бастау алатынын ұстаздар қауымына ескертеді.

«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» - деп ұлы педагог Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды деп білікті басшы үнемі ұстаздарына айтып отырады.

 – "Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді" деп Мәлік Ғабдуллиннің ғибратты сөзін үнемі ұстаздар есіне салып отырады. Расында да, оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады. Құдабаев Қанат Есімұлы- ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты сүйетінін мен жұмыс барысында үнемі сеземін басты ерекшеліктерін іштей сезініп, мақтан тұтамын.

  Үш тұғырлы тілді меңгерудегі құлшыныстарымыз да өте жоғары.  Сондықтан, жаңа ғасырдың ұрпағын тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет те, талап та жоғары. «Жақсының тамыры тереңде, оны ешкім шаба алмас, көлеңкесі көктен, нұрын  шашар еліне» - деп  текке айтылмаса керек. Иә, мұнда қанша мән – мағына бар десеңші...  Ел–жұрт алғысы ер – азаматтарды көкке көтереді, ел –жұрты сұрайды, іздейді. Сіз сондай ел –жұрт сыйына бөленген  жансыз. Бұл  - менің  пікірім емес, бүкіл ұжымның, халықтың пікірі. Дана халқымыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» - демей ме...

Құдабаев Қанат Есімұлы - білікті басшы, ұлағатты ұстаз ғана емес, отбасында үлгілі әке, сүйікті жар, ағайын – туыс арасында беделді – абыройлы ер – азамат.  Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға,білікті маман, ұжым мақтанышы. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан ол адамның өз тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сенімім мол.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!