400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Эссе.Мұғалім -мәртебелі мамандық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,оқушыларға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім – мәртебелі мамандық.

Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым,жақсы ата,жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев


Ұстаз...Мұғалім...

Егіз ұғым, егіз сөз...

Мағынасы тереңнен бастау алатын қасиетті ұғым, құдыретті сөздің тамыры тереңнен бастау алып, шыңдалып, ерекшеленіп, бүгінгі таңда өзіндік стиль, дара болмысқа ие болып , мәртебесі жоғарылаған - биік тұлға.

Мұғалім - құрметпен алғысқа бөленіп, ерекше ілтипатқа ие болып, сый-құрметпен алғысты бойына жиып, қашанда биік тұратын мамандық иесі.Мұғалім мамандығы – үнемі ізденісті , жаңашылдықты, еңбекті талап ететіндіктен, мұғалім үнемі ізденіс пен қажырлы еңбектің үстінде.

Мұғалім – мектептің жаны, жүрегі , білімнің бастау көзі, қайнар бұлағы.Мектепті мұғалімсіз елестету мүмкін емес те шығар.Мұғалім – сезімтал , әсершіл, ақынжанды жан болатындықтан, кез-келген сәттен жол тауып, күрмеуі қиын мәселелердің де шешімін тауып, ымырамен келісіммен , ақылмен ойлап, өз жүрегіне бәрін жақын қабылдап, ой-елегінен барлығын өткізіп, соңғы нүктесін ешкім жапа шекпестей, ешкімге зиян келместей етіп қойып, оқушысы жыласа бірге жылап, күлсе бірге күліп, шын көңілден оқушысының жетістігіне бірінші қуанып, оқушысымен мақтанатын алып та, сом тұлға.

Мұғалімнің айнасы – оқушысы.Себебі, өзіңің бойындағы бар білім нәрін оқушының бойына құйып, сол үйренсе, сол білсе деп, оның санасына теңіздің тамшысындай болса да, білімнің дәнін себіліп, соның жемісін жесем дейді.Мұғалім – білім үйретуші ғана емес, мұғалім – тәрбелеуші, тәрбие беруші. Оқушының , білім алушының бойына ақыл мен сананың , тәрбие мен тәлімнің , әдеп пен ғұрыптың тамырын бойына сіңірдіріп, болашақта одан мықты маман, Отанын сүйетін патриот , ең бастысы ақылды, саналы ұрпақ тәрбиелеуші.

Қазақ даласында мұғалімдіктің иісі, өнер – білімнің көзі ертеден –ақ пайда болған.Қазақ балаларының арасында көкірегі ояу, білімге деген құштарлығы басым жастар өте көп болды.Солардың арасынан Абайдың ғақлиялары, Шәкәрімнің пәлсапалары ,Торғай даласында тұңғыш қазақ мектебін ашқан ұстаз Ыбырайдың көрегенділігі , «Маса» болып, халықты оятып, тұңғыш рет қазақ тілінің әліпбиін жазып кеткен Ахмет Байтұрсынов ,қазақ жастарын «Оян, қазақ» деп оятып, «Есеп құралы» оқулығын жазған Міржақып Дулатов т.б қазақтан шыққан ғұлама, ойшылдар, қайраткерлер аз болмады.«Қазақтың қаны бір, жаны бір қолбасшысы - мұғалім» деп айтып кетіп, «Педагогика» атты әдістеменің авторы , қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев өз шығармасында керемет әдіс –тәсілдер мен педогогикалық ұстанымдарды, тәрбие мен тәлімнің түрлерін жіктеп, ерекшеліктерін көрсетіп, мұғалімге көмекші құрал етіп, кейінгі ұрпаққа сыйға аманат ретінде табыстап кетті.

Мұғалім мәртебелі –мамандық!Мәртебесі биік, тағылымы мол мамандық иесі.Мұғалім – жырланбаған жыры , айтылмаған әңгімесі , шырқалмаған әні бітпеген, мәңгі өлмейтұғын , өшпейтұғын із қалдыратын алып адам, қайталанбас ірі тұлға!Ұлы ұстаз, өзіңізге мың тағзым!

Қостанай облысы,Денисов ауданы, Глеб орта мектебінің мұғалімі :

Худайбергенова Лаура Советовна.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
01.05.2021
1186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі