Материалдар / Эссенің тақырыбы: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссенің тақырыбы: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2022
327
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













А. Пушкин атындағы АТМЛ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Шонбаева Нургуль Мусаевна





Эссенің тақырыбы: «Қазақстанның тәуелсіздігіне 30 жыл»



















Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүниежүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Міне биыл еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.

«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын»

- деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 1991 жыл – еліміздің ҚАЗАҚСТАН деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл да өте шықты. Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи қорлары еліміздің әлеуметтік дамуының негізі. Осының бәрі – тұғырлы тәуелсіздік тұсында қол жеткізген жеңістер мен табыстар деп білемін...

«Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн»

Өз басым, бұл Егемендіктің оңай жолмен келмегенін жақсы білемін. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жеткен болатын. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістерде хан-сұлтандар мен батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткені мәлім. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып, үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі, барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Олар – тарих, олар дастан, олар мәңгі жыр-дастан. Осы орайда Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман деген мақалды еске алғым келеді. Осындай еркін теңдесі жоқ, бостандықты алып берген ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір алғыс!

Тaмыpcыз- тaл бoлмaйды, Тapиxcыз- eл бoлмaйды,

- дeп кeлeтін мaқaл осы тақырыптың мәнін aшып тұpғaндaй.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі, - деген өлең шумақтарынан ұлтымыздың ұлылығы мен бaбaлapымыздың бaтыpлығынa тaғы біp көз жеткізе аламыз.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары жүзеге асты.

Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев «Әрбір елдің жадынамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» - атты жаңа жұлдыз жарқырай туды», - дей келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі сақталған МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бет бұрғанын атап өтті. Қазақ елінің төрінде елтаңбасы ілініп, көгінде көк байрағы желбіреп, кең далада әнұранымыз шырқалып ойнағанда, менің халқымнан асқан бақытты ел бар ма? десеңші?! Еліміз жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орын, ал жер аумағы бойынша 4-ші орын алып отыр. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін көрсетеді.

Қopытa кeлгeндe, білектің күшімен, найзаның ұшымен, төгілген қан мен аққан тердің арқасында келген – бұл жетістікті жастарымыз жадынан шығармай, ұлттық caнaны жaңғыpтып, pуxaни жaңғыpу жoлындa тapиxын түгeндeп, aтынa қaйтa мінгeн қaзaқтың кeудecін eшкім бaca aлмaйды. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы, Елбасымыздың жүргізіп отырған парасаты мен көреген саясатының жемісі деп білемін. Олай болса, Еліміздің келешегі, Қазақстанның болашағы. Жаңғыру кезеңде қазақ елі мәңгі жарқырай берсін!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!