Материалдар / Эссе.Тәуелсіздік бәрінен қымбат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе.Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазуға бағыт-бағдар сілтеу,оның құрылымын сақтай отырып жазуға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2024
143
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Эссе

Қазақстан-бірлігі мен тірлігі жарасқан,берекесі мен мерекесі тасыған,ұлт пен ұлыстың, бауыр мен туыстың ынтымақпен туыстаған мекені,тілекші қауымдастықтың ырысты Отаны.Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық далалары,қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты өлке,құт-мекен Қазақстанның мәртебесі жоғары, тұғыры биік.Солай дей отырсақ та бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстан мен азаттықты армандаған,өзгеге тәуелді болған Қазақстанды салыстыру қиын.Еліміз қашан да еркіндікті аңсады.Тәуелсіздіктің жолында тынбай күресуі нәтижесінде ешкімнің ықпалына көнбейтін мықты мемлекет болып әлем сахнасынан көріне бастадық. Дегенмен бізге бұл оңай жолмен келе қойған жоқ. Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жіберсек,еліміздің ел болып қалыптасуына мыңдаған жылдар кеткеніне көз жеткіземіз.

Жерімізге көз тіккен,жан-жақтан анталаған жоңғар,қытай, татар-моңғол, қалмақ сынды

жаулармен шайқасып,ата-бабамыз ештеңеден аянбай жерімізді қорғап қалды емес пе?!Батыр бабаларымыз ұлан-ғайыр даланы жат жұртқа бермеу үшін қасық қандары қалғанша жан аямай күрескен.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рух жеңіске алып келді.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,-деп қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді десеңізші! Ғасыр ағынымен қанды шайқасты да, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп,билік жүргізуін де,бірін-бірі жеуге дейін барған аштық заманды көрді,келешек ұрпаққа жетуі үшін тасқа қашап,хатқа қаттап,бәрін мәңгі өшпестей сақтап жазды. «Бірлігі жоғары елді жау алмайды» деген мақал халқымыздың қашан да жұмыла бірлесіп ел тізгінін өзгеге бермегеніне дәлел бола алды.

ХХ-шы ғасыр да қазақ ұлты үшін өзінің қанды қылышын сүйретіп жетті. Бейбіт өмір орнап,жағдайымыз түзелді-ау деген шақта еліміз Кеңестік биліктің қатал ықпалына түсті. Ұлт жанашырлары, зиялы қауым өкілдері биліктің бұрыс жақтарын беттеріне басып, кемшіліктерін әшкерелегені үшін ату жазасына кесілді.Тәуелсіздік жолындағы күрестердің бірі де бірегейі-1986 жылғы желтоқсан көтерілісі.Қазақ жастары билік басшыларының шешімімен келіспегендіктен наразылық білдірді,Қазақстандағы билікті қазақ басқаруы керек деп кеңестік билікке ашық қарсы шықты.Алаңды өз қандарымен жуған жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында бостандықта өмір сүру бақытына ие болдық.Осылайша көптен күттірген тәуелсіздікке қолымыз тек ХХ-шы ғасырдың соңында ғана жетті.

Тәуелсіздік-қасиетті ұғым.Ата-бабамыз армандаған тәуелсіздік күні арайлап атып,көк байрағымыз желбіреді.Тәуелсіздік күні ерекше мәнге ие.Тәуелсіздік таңы атқалы бері Қазақстан өзін дүние жүзіне танытып үлгерді.Аз ғана мерзімде елеулі табыстарға қол жеткіздік.Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі,көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы орнады.Экономикасы дамып, халықтың жағдайы жоғары деңгейге жетті. Өзге елдермен арадағы қарым-қатынастар реттеліп, халықаралық саудаға шығуға мүмкіндік алды. Жастардың шет елдерде оқуға, сол жерде алған білімін Отанында қолдануға мүмкіндіктері пайда болды. Елбасымыздың бастауымен елордамыз Астананың негізі қаланып,бүгінде адам танымастай өзгеріске ұшырады,әлемдегі мемлекеттермен келісімшарттар жасалатын,жиналыстар өткізілетін заманауи шаһар қалыптасты.Еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлеке-

тіміздің өткені,бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі,халқымыздың рухын,ұлттық салт-санасын,арман-тілегін жеткізетін ерекше құн-

ды белгілер-Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс.Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада,спорттық ойындарда қазақстандық спортшыларымыз жоғары орындардан көрініп,ел беделін көтерді.Әнұранымыз бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып Қазақстан деген мемлекет күннен- күнге жаңа белестерден көрінді.

Мемлекетіміз мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай,сын қатердің бәрін еңсеріп келеді.Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы қолға алынды. Ұлтара-

лық татулық-ынтымақтың жаршысы,тұрақтылықтың кепілі.Ұлттар достығы-ел болаша-

ғы,Тәуелсіздігіміздің басты символы.

Қазақстан аумағында тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері ортақ үйімізде татулықта,ын- тымақта өмір сүріп жатқандығы берекелі өмірдің,бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып

отыр.Тағдырдың жазуымен кең-байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер

ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.Қазақстандағы ұлттар достығы

тәуелсіздік жылдары ел бірлігінің болаттай мықты іргетасына айналды.Бұған елімізде

Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің тікелей басшылығымен құрылған Қазақстан Халықта-

ры Ассамблеясы дәлел бола алады.Ассамблея –ұлттар достығының ұйытқысы.Аталмыш

құрылым-елімізде этносаралық татулықты дамыту,достықты нығайту және өзге де мін-

деттерді жоғары деңгейде атқарып келеді. Қазақстан әлемге әйгілі ЭКСПО көрмесінен

кейін жақсы жағына өзгергенін байқадық.Басты мақсат-табиғи ресурстарырымызды

сарп қылмау.Энергия көздерінің барлығын экологиялық тұрғыдан табиғаттан алу.

Күн энергиясын, желді тиімді пайдалану.Қазақстан астығы да әлемнің көптеген елдері-

не белгілі брендтік өнімдердің біріне айналды.Шет мемлекеттер біздегі ұнның сапасын жоғары бағалап отыр.Ұлттық сусындарымыз қымыз бен шұбат,қазы-қарта патенттеліп,ұлттық брендке айналып,әлемдік нарықтағы сұранысы жоғарылады.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенделердің тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша өмір ету бақытына ие болды емес пе?Сол бақытты жандардың бірі-менің де осындай мемле-

кетте тұруым маған жарқын болашақ сыйлап отыр.Мен-өз Отанымның бақытты ұланы-

мын.Ұлтым-қазақ.Алматы қаласының тумасымын. Менің ата-анам да,өзім де,бауырла-

рым да осында туып-өстік.Қаладағы үздік мектептердің бірі,оқытуы орыс тіліндегі мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысымын.Өз ана тілімде еркін сөйлеймін.Қазақ тілі

мен әдебиеті пәнін сүйіп оқимын. Әсіресе,әйгілі ақын-жазушылардың туындыларын

оқып,өлеңдерін жаттағанды жақсы көремін. Республикалық«М.Мақатаев оқулары»,ау-

дандық «І.Жансүгіров оқулары»байқауларында жеңімпаз болдым.Достарыммен қазақша

сөйлесемін.Сонымен қатар орыс,ағылшын тілдерін де өте жақсы білемін.Сурет салғанды

жақсы көремін.Келешекте дизайнер болғым келеді.Осы мамандықтың қыр-сырын біліп,

игерсем деймін.Елімнің өркендеуіне титтей де болса өз үлесімді қосқым келеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілі бір-біріне деген сыйластығымен,достығымен,ауызбіршілігімен,тек бейбітшілікті қалайтыны айдан анық.Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де,елімізді жаңа белестерге жетелейтін де-біздің ауызбіршілігіміз.Біздің мақсатымыз-бір,құндылықтары-

мыз-ортақ.Қазіргі алмағайып заманда тыныш,бейбіт өмір сүргіміз келсе,осы айрандай ұйыған еліміздің іргесінің сөгілмеуіне әрқайсымыз үлесімізді қосайық.Бағымызды,бары-

мызды бағалай білейік.Берекелі бірлігімізді сақтап қалуға тырысайық,достар!Ондай бол-

са,көк байрағы желбіреген,абыройлы да айбынды,беделді де берекелі еліміздің болашағы жарқын,келешегі кемел Тәуелсіздігіміздің баянды болатынын нық сеніммен айта аламын. Достықтың берекесі артып,татулықтың туы биіктей берсін!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!