400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе:"Тəрбие басы-тал бесік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі,өзін-өзі тану,сынып сағаты сабақтарында эссе жазуда мысал ретінде,шығарма ретінде немесе ойтолғау оетінде пайдалануға болады.Мұнда отбасы құндылықтары,тəрбиелік мəні бар нақыл сөздермен қатар өскелең ұрпаққа қажетті кеңестердің бір легі көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

... Біреулер құдайдан бала тілейді.

Ол баланы не қылады?

Өлсем орнымды бассын дейді,

артымнан құран оқысын дейді,

қартайған күнімде асырасын дейді...”

(Абай Құнанбайұлы)



Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп,ер жетеді. Отбасын «дербес мектеп, әлеуметтік институт» деп қарастыратын болсақ, әке-шеше – сол орданың ұстаздары, ал ата-әже – профессорлары іспеттес. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Ағаға қарап іні өсер, әпкеге қарап сіңлі өсер» деген мақалдардың өзі бала тәрбиесіндегі отбасының рөлінің өте маңызды екенін байқатады. Алайда соңғы уақыттарда еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу жолында, кейбір отбасыларда бала тәрбиесі әлсіреп, тіпті еріксіз қолдан шығып, орны толмас олқылықтар жіберіліп жатыр. Ата-ана өз міндетін атқару барысында жіберілген кемшілігін қоғамға, білім беру мекемелеріне арта бастады. Оған қоса, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы, «мәдени орын» деген атаудың астарына жасырынған керекті, керексіз сауық үйлерінің ашылуы отбасының тәрбие беру және әлеуметтену қызметін әлсіреткені баршаға аян.

Мағжан атамыздың мына сөзіне назар аударсақ: «Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын орта ғасырлық бабамыз ғұлама Әл-Фараби нықтап айтып кеткен ғой. Ендеше әуелі тәрбие, сосын барып басқа қажеттіліктер білім, ғылым,әдебиет, мәдениет. Мәдениет демекші тәрбиелі қауым мәдениетсіз болуы мүмкін емес. Ал білім, ғылым, мәдениет нағыз қазақы тәрбиемен қаруланса өркениеттің шыңына даңғыл жол салынбақ. Қазақы тәрбиенің басты тармақтарының бірі - қазақы қанның немесе қара шаңырақтың ұл балалар арқылы жалғастығы мен әрі қарай өніп-өскен сабақтастығы және «Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың жолы жіңішке» деген қисынды қағидасы. Өйткені ұл бала қазақ халқының намысы болса, қыз бала ар-ожданы, ұяты. Ұят демекші бабаларымыз «Малым арымның садағасы, арым жанымның садағасы» деп, ұятты өлімнен күшті санаған.

Қай кезең, қай дәуірде болсын адамзаттың ежелгі арманы – бақытты өмір. Мұның мағынасы кең де терең. Ол “тамақтың тоқтығымен, көйлектің көктігімен” әсте шектелмейді. Әдемілікке қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ. Бірақ, осы қызығу мен сүйсінудің мөлшері бірдей емес. Әдемілікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі әр түрлі. Мұның себебі тәрбиеде. Олай болса ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі - ата – ананың өнегелі тәрбиесінде.

Қазіргі жасы отызды орталаса да алдына қойған ешқандай жоспары жоқ, мақсатсыз күнін өткізіп, масайрағанына мәз болып жүрген жастарды көріп ойға қаласың. Ал кейбір «алма піс, аузыма түс» деп жатып алып, «неге менің тұрмысым да, табысым да нашар» дейтіндерге қарап, «аузыңды ашқанша, көзіңді ашпайсың ба?» дегің келеді. Өз ісін өзі жүргізе алатын ой-өрісі кең, өз мақсатын өзі жүзеге асыра білетін, келмеске кетіп жатқан әр уақыттың, әр күннің бағасын білетін машықтанған маман болса екен деп баласының тәрбиесіне барынша көңіл бөлмейтін ата-ана жоқ шығар?! Бірақ, қандай ата-ана өз баласын жаман болсын деп тәрбиелейді. Ал, өскелең жастар соны түсінеді ме? Бес саусақтың бірдей еместігі сияқты, адамның да аласы, құласы болады. Қандай болса да тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп өсіріп тәрбиелеген әке-шешемізге жаман атақ келтірмегеніміз дұрыс.Сондықтан, жасы үлкен адамдар ойына оралғанын оңды–солды «ойқастатпай», таңдайына ұялағанын орынсыз ортада «төгіп – шашпай», тіл ұшынан тұтанған татымдысын ғана құлаққа құйып отырса нұр үстіне нұр болар еді...

Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді, яғни елдің болашағы – қазіргі жас буын біздің болашағымыз, елдігіміздің белгісін алға апарушы,ертеңгі тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Сол тәртіпті, тәрбиелі ұрпақ өсіру - баршаға ортақ, әрі міндет.

Қазіргі қоғамда адам баласының толық бақытты болуы негізінен, бірнеше факторға байланысты деп есептеймін. Бұл: ата-анасының тәрбиелі, мәдениетті де үлгілі болуы; жақсы ұстаздың кездесуі; мамандықты дұрыс таңдауы; лайықты жармен одақтасуы; өз балаларының болуы. Шындығында,бұл факторлар тек өз отбасында ғана емес, өмірде адамның өзін шын бақытты сезінуіне, қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына, өмірде өз қолтаңбасын қалдыруына қозғаушы күш іспетті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3642
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі