Эссе"Ұлағатты ұстаз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе"Ұлағатты ұстаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе педагогикадағы жалпы адами ұстанымдарды қамтиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

" Ұстаз ұстанымы"

Ұстаздық сен мәңгілік керексің,

Мендегі бар жақсылыққа себепсің!

Ғылым мен білімге жол сілтеп,

Шәкіртті білімге баулыттың,

Тағылым жинатып өзіңнен!-деп, бүгінгі мен кешегі ұстаздарға ортақ құндылық болып табылатын "Ұстаз ұстанымы" туралы ой толғауға жетелейді.. Себебі, ұлағатты ұстаздар қатары көбейгенін көрсем кеудемде қуаныш орнайды.

Бұл бізді білім мен ғылым жолында алға жетелеп, тәжірибелі маман болып,үздіксіз еңбек етуге, талапшыл, кеңпейіл,мейірбан, ізденімпаз, білімгер,

және кемеңгер болуға жетелейді. Өз мамандығына жай қарамай, өнер сияқты шығармашылықпен,ізденіспен қарап, заманауи трендтерді үйлесіммен оқушыға қолдану арқылы еңбегі айшықталады. Осы тұста ұстаздардың бағыт-бағдарына себепші болатын қолдау,жетелеу, дамыту жолдары арта берсе, мықты ұстаздар көбейе бермек. Себебі, кез келген жақсы ұстаз, бір кездері ол да ұлағатты,тәжірибелі,талапшыл ұстаздан тәлім алған. Оны бізде "Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы"деген құндылықпен түсіндіреді. Әр ұстаз болашақ ұрпақты қалыптастырудағы жақсы әдет пен мінезге бай болса, өз мамандығын таңдауда қателеспегені ғой деп,ойлаймын. Сонымен қатар әр ұстазда ерік-жігер, өнер, батылдық,сабырлық, белсенділік, жауапкершілік сияқты жалпы адами қасиеттер болса, оның оқытып жүрген шәкірттеріне де әсері бар болып табылады. Оқушыға білім нәрін тәрбие негіздерімен ұштастырып беруден адал, адами жоғары,білімді ұрпақ қалыптасады. Ол жақсы ұстазды үздіксіз дамуға жетелеп, білім көкжиегін,яғни оқушымен жоба, зерделеу сияқты жұмыстар жасауға шабыттандырады. Осы орайда әр баланы тыңдай білу арқылы оқушыларды өз ойын ашық айтуға мүмкіншілік береміз.

Біз білетін қатал ,не болмаса талапшыл ұстаздар шәкірттерге жолығып отырады.Әрине, барлық баланың сабақты үздік оқығанына кім қуанбайды дейсіз? Бірақ, іс-тәжірибеге сүйене келе білім алуда қолдау мен түсіністік оқушының оқуға құштарлығын ашатын, талап, қолдау керегі байқалады. Балаға жақсы оқуды үйрету барысында топпен,ұжыммен байланыстыру арқылы кемшіліктерді оң нәтижеге бағыттау білім көкжиегін дамытуға ықпал етеді.

Қазақ педагогикасы, соның ішінде этнопедагогика ұстанымдары арқылы тәрбие мен білімді ажыратпай жақсы тұлғаны қалыптастыру болашақ ұрпағымыздың толық болмысын ашады.Әрине, мұның бәрін ұлт ұстаздары Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов ,басқа да ұлағатты ұстаздар өнеге болмақ.

Білім берумен қатар өмірге құлшынысы, өзіне деген сыйластығы және жалпы адами көзқарасы маңызды рөл атқарады. Әр бала өсіп келе жатқан тұлға екенін естен шығармау керек.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
218
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі