Эссе;Ұлыстың ұлы күнң Наурыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе;Ұлыстың ұлы күнң Наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестасияға оқушылар жетістігін толықтыру үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ-нің

8 «Г» сынып оқушысы

Шиязова Шолпан,

жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жанкарина Гульниса Урашовна

Эссе: Наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Мен орыс мектебінде білім алам.Ұлтым –қазақ.Өзге ұтты достарым өте көп және де олардың үнемі қоятын сұрақтары да бір. Наурыз –жаңа жыл,жыл басы екенің білеміз,ал неге Ұлыстың ұлы күні – деп атайды? Мен өз бетімше осы сұраққа жауап іздеп көрдім.
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де әр түрлі мейрамы болады.Мәселен,дін мейрамы,ұлт мейрамы,мемлекет мейрамы сияқты.
Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.М.Жұмабаевтың сөзі «Қазақтың наурызы – дін мейрамы емес,тұрмыс мейрамы,шаруашылық мейрамы»
Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, адам жоқтың қатысы.Бұл күні адамдар бірін – бірі құттықтап,қуаныш дастарқанын мол жаяды.Дастарқанға жеті түрлі тағам қойылады: сүт тағамдары,көкөністер,жемістер,ет,қазы,шұжық.Қойдың басы қарияларға беріледі.Әжелеріміздің жеті түрлі тағамнан дайындалған Наурыз көжесі таратылады. «Ұлыстың ұлы құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!»деген сияқты тілектер айтылады.
«Наурыз» - парсы сөзі.Қазақша айтқанда «жаңа күн» деген сөз.Сондықтанда шығар қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн,яғни 22 наурыз – бүкіл Шығыс халықтарының бас мерекесі.
 Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы деуге айрықша сыйымды,артықша дәлелді.Неге десеңіз,наурыздың 22- інде күн мен түн теңеседі.Қыс өтіп,жаз жетіп,шаруа кенеледі.Қыс бойы жатқан табиғаттың,жанды – жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық.
Қорытындылай келе,«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» дегені халқымның жаңа жылымыз,жыл басымыз құтты берекелі болсын деген мағынада айтылатын тілек сөз деп достарыма түсіндіремін.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
1836
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі